Қазақстандық қан тамырлы хирургтар қоғамының және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияың Атырауда өткен II съезінде ангиология және тамырлы хирургияның өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан, Австрия, Ресей, Өзбекстан және Белоруссия дәрігерлерінің көлемді съезін ұйымдастырушылар - ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстандық қан тамырлы хирургтар қоғамы, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы, сондай-ақ, Атырау облысының әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жүрек қан тамырлары аурулары әлемде өте өзекті, соның ішінде Қазақстанда да. Одан бөлек, ДСҰ сарапшылары қан айналымы жүйесі ауруларының дамыған елдерде де, дамушы елдерде де әрі қарайғы өсімін болжап отыр. Ол көптеген себептермен негізделген: атеросклероз және аутоиммундық аурулар, қант диабеті, халықтың қартаюы, бүгінгі өмір салтының ерекшеліктері, қоршаған ортаның әсер етуі.
Басында мәлімделген спикерлер бағдарламасында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ пен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕКЕНОВА конференцияда болған жоқ. Есесіне конференцияға РҒА академигі, Ресей ангиологтар және қан тамырлы хирургтар қоғамының президенті Анатолий ПОКРОВСКИЙ келді. Оны барлық қатысып отырған мамандар өз ұстазы деп атайды. Съезд барысында дәрігерлер көптеген мәселелерді талқылады – қан тамырлы ауруларды зерттеу кезінде сәулелі диагностиканың бөлек түрлерінің көрсетілімдері мен артықшылықтары; қолқасы мен шеткі күрематырлары, соның ішінде ұйқы күрематыры зақымданған, қолқа аневризмі бар науқастарды хирургиялық емдеу; кеуде, құрсақ қолқасының аневризмін эндопротездеудің нәтижелері; флебологияның өзекті мәселелері және басқа да көптеген тақырыптар. Бұл терминдер тек қана мамандарға түсінікті әрі қызықты. Сондықтан, біз ұйымдастырушылардан мұнша ірі медициналық конференцияны Атырауда өткізу немен байланысты екенін сұрап көрдік. Өйткені, Батыс Қазақстанда медициналық орталық болып Ақтөбе саналады ғой.
«Қазақстандық қан тамырлы хирургтар қоғамы» РҚБ-нің президенті Тоқан СҰЛТАНАЛИЕВТІҢ (суретте) айтуынша, Атырау облысында тамырлы хирургияның дамуы басқа өңірлерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл 2008 жылы Атырауда кардиологиялық орталықтың ашылуымен байланысты. Бүгінде ол жақсы жабдықталған: екі заманауи ангиограф, керемет компьютерлік томограф, жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларын нақты әрі уақытында анықтауға мүмкіндік беретін жоғары сапалы УДЗ аппараттары бар.
- Облыс тұрғындары жақсы медициналық аппаратураның болғанына қарамастан, бізде онда жұмыс істей білетін сауатты мамандардың жетіспейтініне шағымданады.
- Облыс пен денсаулық сақтау басқармасының басшылығы дәрігерлерді оқытуға көп көңіл бөліп отыр, - дейді Т. Сұлтанғалиев. – Соңғы жылдары облыс өзіне Қазақстанның ғана емес, Ресейдің және басқа елдердің де жетекші мамандарын шақыруда. Олар кардиологиялық орталықтың жас мамандары үшін шеберлік дәрістерін өткізеді. Одан бөлек, орталық мамандары мықты кардиологиялық клиникада оқудан өтуде.
- Бұл жағдайға қалай әсер етуде? Қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттердің ауруды анықтауға немесе емдеуге басқа өңірге барушылар саны мұнымен байланысты қысқарды ма?
- Басқа елдермен шектесетін облыстардың өзара көмегінсіз болмайды. Біреу шетелге емдеуге кеті екен деп таң қалудың қажеті жоқ. Сол секілді, бізге де Ресейдің шекарамен шектес өңірлерінен келеді. Бірақ, соңғы уақытта шекара сыртында медициналық көмек алушы пациенттер саны әлдеқайда азайған.
- Қазақстанда әзірге қандай жоғары мамандандырылған көмек көрсетілмейді және сол себепті пациенттерге шетелде емделуге квота беріледі?
- Ғылым, әсіресе медицина, бір орында тұрмайды. Бірақ, әзірге біз бәрібір қуып жетуші боламыз. Бүгінде біз дамыған елдер жасай алатын нәрсеге қол жеткізгіміз келеді. Бірақ, әзірге біз сол бағытта келе жатсақ, олар келесі деңгейге кетіп қалып жатыр және бұл жетілу үдерісі шексіз. Бәлкім, ғылым үлкен хирургиялық оталар қажеттілігі жойылатын жағдайға келер. Біз фармакотерапиямен, шағын инвазивті отамен шектелмейтін боламыз.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН