Атырау жағдайында қолданылатын дренаждау әдістерін іздеуде «Атырау гидрогеология» ЖШС мамандары жерасты суларының деңгейін төмендетудің патентпен қорғалған жаңа әдісін тапты. Сонымен қатар, топырақты тұзданудан қорғау әдісіне патент алуға өтініш берді.
ҚАР МЕН ЖАҢБЫР ЖИІЛЕДІ
Дренаж проблемасы Атырау үшін қашан да өзекті. Алайда соңғы жылдары мол жауған жаңбыр мен қардың салдарынан қаланы құрғату мәселесі бірінші кезекке қойылды. Биылғы жылдың сәуірінде облыстық әкімдікте Қазақстан мен Ресей мамандарының қатысуымен үлкен кеңес өткен болатын. Ал 25 сәуірде «Атырау гидрогеология» ЖШС Бейбарыс даңғылында тік дренаждау бойынша тәжірибелік-зерттеу жұмысына кірісті. Ұзындығы шамамен
Осы үш барлау және су тартып шығаратын алты ұңғымалардың негізінде геологтар топырақтың құрамын зерттеді: жоғарғы
– Бізде топырақтың суды аз өткізетіндігі және еркін суды аз сыйғызатындығы бір жағынан жақсы, бір жағынан жаман. Топырақтың атмосфералық жауын-шашынды өзіне сіңіре алмайтындығы жаман, өйткені саздың текше метрі тек еркін судың бес литрін ғана қабылдайды, балшықты, құмайтты қабат – 10-15 литрден көп қабылдамайды. Ал жақсы жағы – учаскеде су аз болған сайын, жерасты сулары айдынын төмендету оңай болады. Алайда еркін су үшін бұл проблема емес, ол оңай шығады. Біздің басты проблемамыз – бұл бөгелмелі су. Саздың бір текше метрінде 300 литрге дейін су болуы мүмкін және оны, мәселен, памперс-жөргегі секілді сығып шығару мүмкін емес. Бөгелмелі сулардың барлығы өте тұзды болып келеді, - дейді «Атырау гидрогеология» ЖШС бас директорының жаңа технологиялар бойынша кеңесшісі Едіге САБУРОВ.
ТАҢДАУЛЫ АҒАШТАР
Еркін суларды тез шығаруға болады, бірақ бөгелмелі сулар қалады. Не істеу керек? Топырақты тұзданудан қорғау туралы патентке өтініш бере отырып, аз сөзді гидрогеологтар өз әдістерін бірер сөйлеммен ғана сипаттап берді: бұл тұзға қарсы қалқан белгісі бар топырақты тұзданудан сақтау тәсілі. Оның ерекшілігі - тұзға қарсы қалқан ретінде тұзды жерасты суларының деңгейінен жоғары орналасқан тұщы сулармен үнемі толығып тұратын топырақты қанықтыру аймағы құрылады. Ол төменде орналасқан қабаттардағы минералданған сулардың капиллярлы көтерілуін болдырмайды.
Яғни, мамандар қанығу аймағын немесе еркін тұщы су жасауды ұйғарған. Капилляр бойымен су жоғарыға да, төменге де жүреді. Егер ауырлық күші түсетін тұщы судың үнемі төменге түсетін капиллярлық қозғалысын жасау керек болса, нәтижесінде ол капиллярлық және бөгелмелі тұзды суды өсімдіктің тамыр аймағына ығыстырып шығарады.
Мұнда өңірдегі су балансының ай сайынғы мәліметтері: капиллярлық қозғалысты жоғарыға қайтару үшін топырақты наурыздан бастап суару керектігін растап отыр. Тәжірибе таза болу үшін таңдалған аумақтағы бірнеше ағаш бақылауға алынды. Олар өскен топыраққа құмның белгілі бір мөлшерін қосқан. Теректі күніне бірнеше рет тұщы сумен суарады. Жоғарыдан төменге қарай қозғалғанда, ол су шығаратын ұңғымадан тартып шығарылатын еркін және бөгелмелі минералданған суды ығыстырып шығарады. Оны «Арнаулы автобаза» қызметкерлері бөшкеге құйып, алып кетеді. Тұзды суды төменге қарай итеру үшін мөлшермен тұщы су беру керек, бірақ оның қажетті деңгейден асып кетпеуі міндетті шарт болып табылады.
Нәтижесі жай көзбен-ақ байқалады: бақылауға алынған теректер гүлденіп, көгеріп тұр.
ДАҢҒЫЛ БОЙЫ ЖАСЫЛ-ЖЕЛЕККЕ ТОЛСА ДЕЙМІЗ
Бұл әдіс қарапайым әрі қымбат емес. Бастапқыда гидрогеологтар тұзды суды кең диаметрлі тұрбаның көмегімен тартып шығаруды жоспарлаған. Алайда төменгі жылдамдықта суды көлденең ығыстырғанда оларды қолдану тиімсіз екенін тез түсінді. Сондықтан оларды диаметрі
– Бұл учаскенің проблемасы - оның көшелердің қиылысындағы ең төменгі нүктеде орналасқандығы. Бүкіл төрт жақтан бұл жерге су ағып жиналады. Ал бұл осы ауданға дренаж жүргізгенде бүкіл іргелес аумақты да құрғатамыз деген сөз, - деп атап өтті Едіге Сабуров.
Тәжірибе аясында бүкіл жұмысты кәсіпорын қалалық әкімдіктің техникалық және ұйымдастырушылық қолдауымен өз қаржысына жүргізді. Топырақты тұзданудан сақтаудың жаңа әдісіне авторлық құқықты тіркеу – бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе. Ұлттық зияткерлік меншік институтындағылар қазір елімізде өнертабыстың нағыз серпілісі орын алғанын айтуда. Тіпті бағалау үшін сарапшылар жетіспейді. Соның салдарынан патент беру де кешіктіріліп отыр. Ал бізді, Атырау тұрғындарын дренаждаудың бұл әдісі жүзеге асырыла ма, Бейбарыс даңғылының бойы жасыл-желекке орана ма, осы мәселе алаңдатады. Ал бұл мәселені билік алдына қою керек.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор