Атырау, 11 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Жыл басынан бері 109 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды – Б.Нұрымбетов

2 554 просмотра

Фото: kapital.kzЖыл басынан бері Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстан облысына 109 отбасы қоныс аударды, деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша елімізде еңбек күші жетіспейтін аймақтарға қоныстандыру бойынша жоба оңтайлы жүзеге асырып келеді. Еңбек ресурстары жеткілікті Оңтүстік Қазақстаннан қазіргі уақытқа дейін 322 отбасы Солтүстік Қазақстанға көшірілген.

«Жыл басынан бері 109 отбасы Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударды. Қазір келіссөз бойынша екі жүзден астам отбасы солтүстік өңірге көшуге дайын отыр», деді Б.Нұрымбетов.

Оның сөзінше, Үкімет еңбек ресурстары тапшы өңірлерге еңбек ресурстары артық өңірлерден азаматтарды келісім бойынша көшіруге қолдау жасап келеді. Бұл Үкімет қаулысымен жыл басында бекітілген.

«Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында еңбек ресурстарына деген жоғаы сұраныс бар. Көші-қон бойынша оңтүстік өңірлерден азаматтар сол аймақтарға көшетін болса мемлекет тарапынан жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша қолдауға ие болады. Қолдау аясында көшуге кеткен шығындар өтеледі. Шығын көлемі отбасына 50 АЕК және отбасы мүшелеріне 35 АЕК көлемінде ақша беріледі. Жалдамалы тұрғын үй, жатақханадан орын тауып беру қарастырылып, жұмыспен қамтылады. Қажет болса қайта даяулар біліктілік курсынан өтеді. Кәсіпкерлікпен айналысамын десе қаржылай несие беріледі» деді Біржан Нұрымбетов.

Демографиялық көші-қон үрдістеріне сүйетін болсақ арнайы зерттеу жүргізу нәтижесінде 2050 жылы еліміздегі халықтың 55 пайызы оңтүстік өңірлерде тұратын болады деген болжам бар. Соңғы зерттеулер бойынша 2030 жылға таман солтүстік өңірлерде бір миллионға дейін халық саны азаюы мүмкін. Ал оңтүстікте 5 миллионға дейін көбейеді деген болжам бар.

«Сондықтан біз халықтың тұрақтану мәселесіне маңыздылық беріп, азаматтардың өз еркімен қоныстандыруды қолға алдық. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша біз осыны қамтып отырмыз. Әлеуметтік экономикалық ахуалы төмен өңірден келесі дамыған өңірге қоныстандыру қарастырылған. Біз жұмыспен қамтудың жол картасын 2010 жылдан бастап іске асыра бастадық. Осы бойынша он жеті жарым мың адамды көшірдік. Экономикалық әлеуеті төмен 409 елдімекен бар. Екінші жоба облыс аралық қоныстандыру. Бұған қатысты заңның баптарына өзгерістер енді. Өңірлік квоталар енгізіледі», деді вице-министр.

Дереккөз: Baq.kz

15 шілде 2016, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.