Маңғыстау облысының әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды.
Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов - 1960 жылы 26 қарашада Жамбыл облысы Мерке ауданының Мерке ауылында туған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), заңгер.
Заң ғылымдарының докторы (2008).
1983 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші , кафедра ассистенті.
1990 жылдың шілде айынан -ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі , заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі.
1991 жылдың қыркүйек айынан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары.
1992 жылдың қаңтар айынан - ҚР Жоғарғы Кеңесі төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
1993 жылдың қаңтар айынан - ҚР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі.
1994 жылдың ақпан айынан - ҚР Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі .
1994 жылдың маусым айынан - ҚР Президенті Аппаратының Заңнамалық бастамалар және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі.
1995 жылдың қараша айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
1996 жылдың желтоқсан айынан -ҚР Президенті Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі .
1997 жылдың қазан айынан - ҚР әділет министрі .
2000 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
2005 жылдан - ҚР ішкі істер министрі. 2009 жылдың сәуір айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
Дереккөз: baq.kz