Атырау, 20 желтоқсан 07:00
 ашықВ Атырау -4
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

"Брексит: Ортақ өгізден оңаша бұзау?..", "Елдің бірлігі билікке керек пе?", "Жер дауы тіл дауына ұласты. Ғани Қалиев неге „орысша сөйлейік„ дейді?", "Чех телеарнасы босқындарды қауіп ретінде көрсеткен", "Селфиді құлай «сүйгендер»"

3 354 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Қырғыз-қазақ арасындағы сауда-саттық шиеленісіп бара ма?" - Соңғы уақытта қазақ пен қырғыздың арасында «сауда соғысы» жүріп жатқанын жиі естиміз. Қазақстан санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау қойып, қырғыздың көптеген азық-түлік түрлерін өз шекарасына кіргізбей отыр. Ал Бішкек болса, бұл «әлдеқайда сапалы, арзан өнімдермен бәсекелесе алмайтын көрші – қазақтардың зымиян әрекеті» дейді.

"Жер дауы тіл дауына ұласты. Ғани Қалиев неге „орысша сөйлейік„ дейді?" - 21-мамыр күнгі оқиғаны талқылаған жер комиссиясының екінші отырысында тілге қатысты дау туды. „Ауыл„партиясының экс-төрағасы Ғани Қалиев өзінің ұсынысымен комиссия мүшелерінің төбесіне жәй түсіргендей болды.

AZATTYQ.ORG. "Чех телеарнасы босқындарды қауіп ретінде көрсеткен" - Чехиялық телеарна журналистерге мигранттар дағдарысын елге төнген қауіп ретінде сипаттау туралы нұсқау бергені үшін дауға қалды.

"Кәсіподақ пен тайм-менеджмент «артық жұмыстан» құтқара ма?" - Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін кей қазақстандықтардың жұмыс күні таңғы сағат 9-дан кешкі 9-ға дейін созылады. Сарапшылар бұл құбылыспен кәсіподақтар арқылы күресуді ұсынады.

QAMSHY.KZ. "Жер комиссиясында Жандосов неге жақ ашпай жүр?" - 14 маусым күні алғашқы отырысын өткізген Жер реформасы жөніндегі комиссия бастапқыда көпшіліктің жер мәселесіне деген күдігін қойылтқанымен уақыт өте келе біршама қалыпты жұмыс режиміне көшкендей. Осыған дейін үш отырыс өткізген комиссия мүшелері ертең Көкшетау қаласында бас қоспақ.

ZHASALASH.KZ. "Әке «көрген» офшорға құмар" - “Менен озу үшiн өзiңнен озатын бала таптырып ал!". Құнанбай Абайға айтыпты дейтiн осы сөздi Кенжекең ұлына мысал қыла алмаса керек. Өйткенi кiшi Сағадиевтiң аты жер жарып тұр. Сүйкiмiн қайдам, жарты жылға жетер-жетпес уақыттың iшiнде бiлiм саласының астын үстiне шығарған ол қазiр Қазақстандағы ең сұрапыл шенеунiкке айналды. Бiрақ оған бола әкенiң абыройы төмендеп қалды деуге болмайды. Жердiң әңгiмесi қозғалса бiттi, Кенжекең шапанын шешiп тастап, “сату керекке" шығады. Қысқасы, екеуi де елдiң аузында. Әке – балаға, бала – әкеге сай.

"Гүлнәр Жуаспаева, адвокат: адам Құқы өрескел бұзылды" - 21 мамыр билiк үшiн өткен күннiң есебiнде. Алайда жазықсыз қамалып, кiнәсiз жапа шеккендер үшiн олай емес. Адвокаттар арасында сол күнгi сұрқиялықты айыптап, халықтың құқын қорғауға бел шеше кiрiскендер бар. Солардың бiрi – Гүлнәр Жуаспаеваға бiрер сауал қойған едiк.

ABAI.KZ. "Германия «геноцид» деп мойындап жатыр. Біз әлі күнге Ресейге жалтақтап отырмыз" - Германия Бундестагы аюсольютті дауыспен 1915 жылғы Осман империясының армяндарға қарсы «қырғынын» геноцид деп мойындау туралы резолюцияны қабылдады.

"Елдің бірлігі билікке керек пе?" - Жердің дауы кімнің кім екенін әшкереледі? «Халқым» дегенде көзінен жас парлайтындардың көбінің әншейін әртіс екенін көрдік. «Жұртым» дегенде жүрегімді жұлып беремін» деп жүргендер бір ауыз сөз айта алмай мандырап қалды. Саясаткер, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, әртіс һәм әр «жылт еткеннің» дені түйеқұстай басын «құмға тығып» жатыр. Өз басын қорғай алмай жүрген сол «жылтетпелерден» не үміт, не қайыр?

ULT.KZ. "Отандық мұнайсервис компаниялары шетелдіктермен тең дәрежеде жұмыс істеуді талап етеді" - Сонау 90-шы жылдары жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарттарды бекіткен кезде, шетелдік инвесторлар мен олардың мердігерлері үшін еліміз қолайлы жағдай жасады. Яғни қазақстандық кен орындарын игеру үшін қажетті құрал- жабдықтарды жеткізу кезінде олар кедендік баж салығынан босатылып, қосымша құн салығын да төлемейтін болды. Бұл жеңілдіктер бүгінгі күнге дейін сақталған.

TURKYSTAN.KZ. "Брексит: Ортақ өгізден оңаша бұзау?.." - Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу-шықпау мәселесі шешілетін референдумға айдан аз уақыт қалды. Біріккен Корольдіктегі барлық мәселенің түйіні қазір осы бір ғана сұраққа тірелген: «Еуроодақта қаламыз ба, жоқ па?». Осыдан 43 жыл бұрын кәрі құрлықтағы әріптестерімен одақтас болудың мәселесі де осылай қызу талқыға түскен деседі. Қызды-қыздымен, экономика, инвестиция, миграция, демография, әлеуметтік салаларды былай қойғанда, халықаралық саясат түйткілдерінің өзі осы референдум тағдырына байланысты талқыланатын болды. Алақандай аралда отырып, жарты әлемді басқарған астам пейілдің сарқыны, бәлкім.

"Селфиді құлай «сүйгендер»" - Өткен аптада әлемнің 80-нен астам елінен келген 5000 делегаттың басын қосқан Астана экономикалық форумына танымал қытайлық миллиардер Джек Ма да келді. Форумның пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде қытайлық кәсіпкер алдағы 30 жылда ғаламдық желі әлемді танымастай өзгертетінін айтты. Оның пікірінше, өткен ғасырдың 80 жылдарынан бері дүниеге келген 1,8 миллиард адам «интернет буынын» құрайды және олар қоршаған ортадан үнемі жаңашылдықты күтеді. Ғаламтор жаңа ғасыр адамының ажырамас серігіне айналғаны рас. Ол қоғамның күнделікті тыныс-тіршілігін ғана емес, ұстанымдары мен құндылықтарын да түбегейлі өзгертті. Өкініштісі, ғаламдық желінің шекарасы кеңейген сайын интернет-тәуелділік дейтін індет асқынып барады. Бүгінде оның «селфимания» атты қоздырғышын жұқтырғандар саны тым көп.

"Журналист зары – халық қамы" - Алты Алаш өзіне ұлағатты ұстаз тұтқан Ахмет Байтұрсынұлы “Баспасөз – халықтың көзі, тілі һәм құлағы" деген екен. Заманынан оза туған Ахаң қазақ жерінде бұқараның санасын оятып, рухын көтеру мақсатында алғаш пайда бола бастаған газеттерге үлкен мән беріп, оның маңызын сол заманның өзінде жоғары бағалағаны баршаға белгілі. Алаштың тағы бір ардақтысы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты» деп айтқан-ды. Бұл өміршең тұжырымдар ешқашан маңызын жоймақ емес. Оны бүгінгі күні де басты назарда ұстағанымыз абзал, бірақ..



3 маусым 2016, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.