AZATTYQ.ORG. "ЕАЭО: Қазақстан пайда көрді ме?" - Құрылғанына екі жыл толған Еуразия экономика одағына мүше бес ел басшылары бүгін Астанада кездеседі. Сарапшылар Ресейге салынған санкциялар мен Кремльдің қарсы санкциялары Қазақстанға кері әсер етті деп санайды.
"Зейнеткер «Беларусь не Ресейдегідей» өмір сүргісі келеді" - Қарағандыдағы ардагерлер ұйымдары жергілікті билік пен кәсіпкерлерді зейнеткерлерге арналған қайырымдылық акциясын өткізуге шақырады. Билік олардан ресми өтініш күтіп отыр.
KAZ.365INFO.KZ. "Ашаршылық шындығы. Қазақ даласы «ұлттар лабораториясына» қалай айналды?" - Демографиялық деректерге сүйенсек, қазақ халқының саны 1911 жылы 8 миллион болды. 1926 жылы — 4 миллион. 1939 жылы — 2,5 миллион. Көз алдымызда миллиондап ойсыраған бұл сан, әу бастан, тарихта қазақ халқы санын қасақана қысқарту, ал оның жерін өзге этностар лабораториясына айналдыру сынды үлкен саяси қылмыстың болғанын айғақтайтын факті.
"Үкімет неге Алаш арыстарын «ұмытып» кеткісі келеді?" - Өзара қырғи-қабақ болып отырғанына қарамастан, Әзербайжан мен Армения 28-мамыр күні өз елдерінде бас мерекелерінің бірі — Республика күнін атап өтті. Өйткені дәл осы күні аталған мемлекеттер 1918 жылы өздерінің тәуелсіздігін жариялап, Ресей империясынан іргесін бөлек салып шыққан болатын. Сондықтан бұл күн қос мемлекетте ең басты мейрамдардың бірі болып саналады.
QAMSHY.KZ. "Қытайдың «Жібек жолы» жобасы еуразиялық одақтың күйреуіне әкелмей ме?" - Мемлекет басшылары бас қосуда ұйымның болашақ жоспарлары мен өзекті проблемаларын сөз етеді деп күтілуде. Кездесудің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ретінде «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2016-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттағы негізгі бағдарлары» туралы шешімнің жобасы талқыланбақ көрінеді. Бұл шешім аясында ұйымға мүше елдердің Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» жобасына қатысу жайы қаралады. Бұл «Бір жол – бір белдеу» жобасы өз ішінен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «ХХІ ғасырдың теңіз жібек жолы» деген екі бағытқа бөлінгенін атап өткен жөн.
"Үш тілділікті қолдаған кәсіпкерлер ұлттық мүддеге сатқындық жасады" - Биліктің барлық бұтақтарына мызғымастай жайғасып алып, Қазақ тілін білмей-ақ Қазақтың тағдырын шешіп отырғандар Қазақ Елі үшін қаншалықты қауіпті! Баспасөзде барлығы бас шайқап, жағаларын ұстап жатқандай, қазақ тілінде сөйлемейтін “қазақ" байшыкештерінің елімізде негізгі пәндердің қазақ тілінде оқытылуын тоқтату туралы үндеу жасауына қандай моральдық құқықтары бар?!
ULT.KZ. "Пәле полигоннан келмесін. Жерді жалға берудің ең қауіпті түрі қандай?" - Қазақ жерінде Ресей иелігіндегі 7 әскери полигон бар. Әлі күнге дейін Қазақстанның 11 миллион гектар жері Ресейдің әскери полигондарына жалға беріліп отыр. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров мәлімдегендей, қазір Ресей Федерациясы полигондар үшін жалға алған жердің әр гектары үшін Қазақстанға жылына 2 доллар 33 цент төлеп отыр екен.
ABAI.KZ. "Аштық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш ашылатын болды. Ендігі кезек – «Мирзоянда»" - Бүгін – қазақ тарихында қаралы күн. Бүгін – қылышынан қан тамған ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Дәл осы күні Сәбеттің құрсауынан босап, азаттық алуға талпынған Алаш зиялыларын ардақтайтын күн.
"Жерді шетелдіктерге жалға беру идеясының авторы кім?" - Жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық толастамай тұр. Десек те, «осы бір қауіпті идеяның авторы кім, бұл мәселе қай кезден басталып, қалай өрбіп келеді?» деген сұрақтарға нақты жауап берген ешкім жоқ.
QAZAQUNI.KZ. "Керісу емес, келісу керек" - Жер мәселесіне қатысты қоғамдағы туындаған дау-дамай Елбасының біздегі қисынсыз қабылданған Жер кодексінің кейбір баптарына мораторий жариялауынан соң сәл де болса тыншыған сыңайлы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жағдайды түсіндіріп, көпшіліктің ұсыныс-пікірлерін талдау үшін арнайы құрылған комиссия өз жұмысын бастап та кетті. Оның қандай нақты қорытындыға келері әзірге белгісіз. Ең бастысы, қоғам мүшелері өз ойлары мен пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Енді тек қана келісім арқылы бір ортақ шешімге келу қажет. Бұл өте маңызды.