AZATTYQ.ORG. "AzattyqLIVE: Пантеон және министрдің мигранттар туралы сөзі" - AzattyqLIVE хабарында Астанада пантеон салу жоспары және Қазақстан мәдениет министрінің «қырғыз мигранттары» туралы сөзіне байланысты қоғамда айтылып жатқан даулы мәселені өнертанушы Валерия Ибраевамен талқылады.
"«Травматикалық қаруға» тыйымның дауы" - Қазақстанның травматикалық қарудан бас тартуға қатысты ресми науқанынан не шықты?
"Тұйыққа тірелген Әзербайжан Исмаилованы босата ма?" - Түрмеде отырған әзербайжан журналисі Хадиджа Исмаилова жақын арада босатылуы ықтимал.
ZHASALASH.KZ. "Қорқақ билiктiң қорқаулығы халықты одан әрi ашындырды" - Бұл күндi халық тағатсыздана күттi. Себебi қазақ жерiн саудалауға қатысты дауға осы күн себепкер болады-ау деп үмiт артты. Ал билiк үреймен қарсы алды. Үрей мен үмiттiң арасындағы тартыстан қоғам теңселiп кете жаздады. Билiк байырғы әдiсiне салып, көшеге шыққан жұртқа күш көрсеттi.
"Жер – қазақтiкi!" - “Жас Алаш" газетiнiң редакциясына мұхиттың арғы бетiнен арнайы хат келдi. Хат жолдаушы– қазақ әдебиетiнiң көзi тiрi классигi Мұхтар Мағауин ағамыз. Мұхаң қазiр Вашингтонның iргесiндегi Роквилл кентiнде тұрып жатыр. Ең басты жаңалық, жазушы “Шыңғыс ханның" төртiншi кiтабын тәмамдапты. Төрт кiтаптан тұратын аса құнды бұл еңбектiң қазақ тарихы ғылымына зор бетбұрыс жасайтынына, ұлттық тарихымызды зерттеу мен зерделеудi жаңа арнаға бұрып, баянды қалыпқа түсiретiнiне де еш күмән келтiрмеймiз.
"Комиссияның жұмбағы: Жер сатылсын! Сатылмасын! Сатылса, дұрыстап сатылсын..." - Сонымен, мамырдың 21-i күнi Астана мен Алматы көшелерiндегi бейбiт халықты қара “каскалы" һәм қара “маскалы" арнайы жасақ жаппай ұстап, алдын ала дайындап қойған автобустарына малша тиеп жатқанда премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың бастауымен Астанадағы ұлттық музейде жер комиссиясының екiншi отырысы ың-шыңсыз өте шықты. Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың осы күнi полицияның алабөтен оқиға жасайтынын iшi сездi ме жиынның басында өздерiнiң не мақсатқа жиналғандарын былайша еске бiр салып өттi. “... бiздiң комиссия заң қабылдайтын парламент, қаулы қабылдайтын үкiмет емес, бiрақ бiзге парламентке ұсыныс енгiзуге құзырет берiлдi. Соны пайдалана отырып, өз ұсынысымызды енгiзе аламыз. Яғни, жер кодексiндегi баптарға өзгерiстер енгiзу үшiн ұсыныс айтуға құзыретiмiз бар. Мораторий жарияланды, ендi үкiмет заңнамалық өзгерiстер енгiзуi тиiс". Жиынға қатысқан 67 адамның басым бөлiгi бұл сөзге бас изеп келiстi. Ақын Мұхтар Шахановтан басқасы.
QAMSHY.KZ. "Қазақтың Ерланы" - Қазақ билігінде болмыс-бітімі бөлек бір шоғыр бар. Ел арасында сүйкімін жоғалтпаған, халық ішіндегі харизмасы жоғары ол шоғырдың ішінде Мәулен Әшімбаев, Берік Әбдіғалиұлы, Берік Уәли, Ерлан Қариннің есімдерін ерекше атауға болады. Қандай қызметте, қай өңірде жүрмесін бұл топ қазақ мүддесіне, ұлттық құндылықтарға адалдығымен ерекшеленеді. Ұлт руханияты мен мәдениетіне, мемлекеттік тілге жанашырлықтан туған үлкенді, кішілі бастамалардың басы қасында ылғи осы топ жүреді. Содан болар, кейде бұқараның билікке деген кей өкпе, наласы осы жігіттерге келгенде шайылып кететіндей көрінеді.
"Мақсат Әбдіқадыр: ДЦП - жазылмайтын ауру емес..." - Адам болған соң ауру-сырқаусыз болмайды. Басы ауырып, балтыры сыздаған әрбір жан дертінің шипасын іздеп ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгініп жатады. Алайда, ауыл-үйдің арасындағы дәрігерлерді қойып, алыс-жақын шет елдерден де емі табылмайтын ауыр сырқаттар мен жұмбақ аурулар көп емес. Ол жағдайларда өкінішке орай дәрігерлердің де дәрменсіздік танытатын кездері болады. Медицина тілінде «ДЦП» аталып жүрген церебральды сал ауруы – бүгінде біраз отандасымызды қайғыға салған ауыр дерт болып отыр.
ULT.KZ. "Журналға шықпасаң – ғалым емессің! Бұл неғылған жүйе өзі?" - Қазақстандық PhD докторанттар шетелдік журналдарда мақаласын жариялай алмай, сол себепті ғылыми жұмысын қорғай алмай, қиналып жүр. Өйткені бізде ғылыми атақ алу үшін шетелдік импакт-факторы жоғары журналдарда ғылыми мақала жариялау міндеттелген. PhD докторы атану үшін біздің ғалымдарды шетелдің журналдарына қаратып қойған бұл неғылған жүйе?
SN.KZ. "Мәскеудегі қырғыздар қазақтардың да Ресейде дәретхана жуып жүргенін айтты" - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қырғыз гастарбайтерлері туралы айтқан сөзі қоғамда әліге дейін қызу талқыланып жатыр. Кеше "Россия для всех" порталында Мәскеудегі қырғыз жұмысшыларының біздің мәдениет министріне айтқан бейнежолдауы жарияланды.
ABAI.KZ. "Мұхтар Сеңгірбай. Қазақты «оятқан» үш себеп" - Жерге қатысты даудың ушығуы Қазақстанда қазақ ұлтының мобилизацияланып жатқанын айқын көрсетті. Мобилизация – ұлттық мәселелерді, оның символдарын, тарихы мен мәдениетін, тілі мен дінін саяси тұрғыдан түсіндіріп, жұмылу дегенді білдіреді. Бұл – тәуелсіздік алғалы бергі кезеңде қазақтардың екінші рет жұмылуы. Бірінші кезең Желтоқсан оқиғасынан соң басталып, тәуелсіздік алғаннан бірер жыл өткен соң объективті, субъективті себептермен аяқталған. Сол кезде бас көтерген «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» сияқты қозғалыстар қазақтардың отарлықтан құтылып, өз ұлттық мемлекетін құруы жолында күресті. Бас көтерер азаматтар ғана емес, жалпы қоғам тарихтың қайта жазылуын, ұлттық символдардың қалпына келуін, тілдің, діннің қайта өркен жаюын талап етті. Сол тұста әрбір газет, журнал ұлттың «өлгенін тірілтіп, өшкенін жағушы» миссиясын атқарып қалуға тырысты. Кеңес одағы тараған соң тәуелсіз Қазақстанның билік тізгінін қолына алған элитаны қазақ қоғамы өз басшылары, өз ұлтының көсемдері деп қабылдап, соларға сенім артты.
"Жер комиссиясы. Екінші отырыстан не түйдік?" - Жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комиссиясының екінші отырысы 21 мамырда, қоғам белсенділері жұртшылық өз ойларын білдіретін республикалық митинг өтеді деп белгілеген күнде болды. Еліміздегі билік буындарының бұл митингіні «мәселе мемкомиссияда қаралып жатқандықтан, қажетсіз» деп санап, болдырмау бағытында көптеген іс-шараны жүзеге асырғаны мәлім.
DALANEWS.KZ. "Шенеуніктердің қызметін тастап, бизнеске бет бұруында не сыр бар?" - Жуырда шетелдік басылымдардың бірінде «Қазақстан, Ресей және дағдарысқа қарсы басқару ісіндегі мүлде екі бөлек тәсіл» атты мақала жарық көрді. Онда экономикалық сарапшы Владислав Иноземцев көптеген қазақстандық шенеуніктердің қызметін тастап, бизнеске кетіп жатқанын, әрі оның жағымды құбылыс екенін атап көрсетеді. Бұл шынымен де солай ма?
"Дэн Браунның коды немесе әлемге әйгілі жазушымен сұхбат" - Әлемдік әдебиетке, құпия ұйымдар мен тарихи жұмбаққа толы жәдігерлерге, триллер жанрындағы туындылар мен ең көп оқылымды бестселлер шығармаларға құлағы түрік жамағаттың әйгілі жазушы, қиялы ұшқыр қаламгер Дэн Браунды білмейтіні кемде-кем. Оның кітаптары миллиондаған данамен сатылып, романдары экранизацияланып, оқырмандарын түрлі ойға қалдырып келеді. Оны әлемдегі ең бай жазушының бірі десек те болады. Ия, оның шығармалары ию-қию оқиғаларға толы болғанымен, көркем мәтін деуге келмейді. Бірақ оқырман қиялын шарықтататын қуатқа ие.
QAZAQUNI.KZ. "Әсет Исекешев: Қазақстан – Еуразия үшін жаңа инвестициялық бағыт" - Қазақстан 10 жылда 100 млрд. инвестиция тартуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы Инвестициялық саммитте ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.