Атырау, 20 желтоқсан 06:26
 ашықВ Атырау -4
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

"Қазақтардың шеруге шығу себептері қандай?", "Орталық Азиядағы ұқсас референдумдар", "Ұлттық қорды толтыру: жерді сатудан басқа жол жоқ па?", "Социализмнің сорақылықтары", "Советтік мифтерді сомдаған Фурмановтан қашан құтыламыз?"

2 231 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақтардың шеруге шығу себептері қандай?" - Қазақстан белгісіз аумаққа кірді, бірақ жол екіге бөлініп тұр. Бір жол маңызды және шынайы әлеуметтік әрі ішкі саяси реформаларға бастайды, ал екіншісі авторитарлық билікті сақтайды.

"Орталық Азиядағы ұқсас референдумдар" - Тәжікстанда конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өтіп жатыр. Орталық Азиядағы үйреншікті дәстүрге сәйкес, бұл референдум да атқарушы билік иесінің құзыретін кеңейтуге бағытталған.

QAMSHY.KZ. Қазақ радиосының» алматыдағы филиалы жабылғалы жатыр" - Қазақ радиосының Алматы филиалы жабылатын көрінеді. «Үнемдеу» деген қағида ұлттың үн жариясы болып отырған ақпарат құралына да кесірін тигізбек. Радио басшылығы қаржы үнемдеу мақсатында 95 жыл бойы алты алашқа хабар таратып келген радионың Алматыдағы редкациясын қысқартпақшы. Осыған алаңдаған бір топ журналист жаңадан құрылған Ақпарат және коммуникация министрлігінің басшысы Дәурен Абаевқа хат жолдапты. Мәселенің оң шешім табуына тілектестікпен сол хаттың толық мәтінін оқырман назарына ұсынамыз.

"Жүрсін Ерман: қазақтың атамекен жерiнiң бiр пұшпағын да сатуға болмайды" - Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі, белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман жер мәселесіне келгенде аса сақ болу қажеттігін айтады. Оның айтуынша, қазір комиссия бүгінде қоғамда дау тудырған барлық түйткілдер бойынша халықтың көңілінен шығатын шешімдер қабылдап, жер мәселесін жауып тастау керек.

DALANEWS.KZ. "Ұлттық қорды толтыру: жерді сатудан басқа жол жоқ па?" - Халыққа Жер туралы кодекстің қалтарысы мен бұлтарысын түсіндіретін jerturaly.kz сайтында халықтың тарапынан келіп түскен кейбір өзекті сұрақтарға назар аудардық.

ABAI.KZ. "Фурманов кім?" - Қазіргі заман зерттеушілерінің пайымдауынша, Дмитрий Андрейұлы Фурманов азамат соғысының нақты тарихын адам танымастай етіп бұрмалаған кеңестік мифологияның іргетасын қалаушылар қатарында болған қаламгер. Мұны оның атағын асырған екі деректі шығармасы – бір тұлға тағдырын бейнелейтін «Чапаев» пен бір оқиға жайын әңгімелейтін «Бүліншілік» атты туындылары дәлелдейді. Екеуінде де сюжеттер автордың өзінің қатысуымен дамитынын білеміз. Алғашқысы Шығыс майданындағы Василий Чапаев басқарған 25-ші атқыштар дивизиясының 1919 жылғы Жайық бойындағы іс-әрекетін, екіншісі 1920 жылы Алматыда орын алған контрреволюциялық бүлікке қатысты жағдайларды әңгімелейді. Екеуінің де қазақ жерінде өрбігені мәлім. Сондықтан да біз бұл қос шығарма авторын мерейжасына орай, көпке беймәлім қырынан еске ала кеткенді жөн көріп отырмыз. Оның үстіне...

"1916. Ұлт-азаттық көтерлісі. «Шамырқансам сынар болатпын»" - Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толады. Бұл көтерілісті бастауға Орта Азия мен Қазақстан және басқа көптеген облыстарда бұратаналарды «Армияның соғыс жүргізіп жатқан аудандарында қорғаныс құрылыстары мен әскери құрылыстарды салуға алу» туралы патшаның 1916 жылғы 25-ші маусымдағы жарлығы сылтау болды. Жарлық бойынша еңбекке жарамды 19-дан 31 жас аралығындағы азаматтардың бәрін қара жұмысқа алу көзделді.

QAZAQUNI.KZ. "Жер мен ауылды қауымдық шаруашылық құтқарады" - Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай сатуға және 25 жылға жалға беруге батыл һәм жанкешті қарсылық көрсеткен халық ақыры жартылай жеңіске жетті. Билік пен үкімет икемге келіп, халықпен санасуға мәжбүр болып, Келісім комиссиясы құрылып жұмыс істеп жатыр. Оған қойылар басты халық талабы белгілі. Ол: жерді жекеге ешкімге сатпау және шетелдіктерге 25 жылға, яғни ұзақ мерзімге жалға да бермеу. Әлеуметтік желіде : «Жерді сатпаймыз,жалға бермейміз десек,онда ол жермен не істейміз? Осы жөнінде сауатты талап-ұсыныс керек» деген орынды пікір айтылды. Рас, шынында не істейміз? Келісім Комиссиясының талқылауларына осы сұрақтың дұрыс жауабымен бару керек қой.

ULT.KZ. "Социализмнің сорақылықтары" - КСРО-ның экономикалық тұрғыдан құлдырау себебіне арналған былтырғы жылғы «Күйреу» атты мақаламызда («Егемен Қазақстан»., «Күйреу», 25.11.15 ж.) соғыс шығындары, жаппай қарулану, соның ішінде аса қымбатқа түскен ядролық қаруларды және оларды орбитаға шығарып, орта (1000-5000 шақырым), құрылық аралық қашықтықтарға жеткізетін зымырандарды шығару ақырында бюджетті ойсыратып, ІЖӨ өсімін тежеу ғана емес, төмен құлдырата бастағанын деректермен көрсеткен едік. Сонымен қатар Ауғанстандағы соғыстың шығындары өлшеусіз зор болғанын және көптеген мамандар дәл осыны КСРО-ны экономикалық тұрғыдан дағдарысқа тіреп, ақыры жер бетінен жойылуына алып келгенін дәлелдеуге тырысқаны туралы да жазғанбыз. Алайда КСРО-ның Брежнев басқарған 1960 жылдың екінші жартысынан 1990-шы жылдардың басына дейін жүргізген соғыстары жалғыз бұл емес еді. Елді өлшеусіз шығындарға батыра отырып, Кеңес басшылары дүниежүзілік қауымдастық алдында КСРО-ны демократиялық билігі жоқ, ойларына не келсе соны істейтін коммунистердің азғантай тобы (политбюро) басып алған соғысқұмар, агрессор мемлекет ретінде таныта түсті. Оның осындай қалпын барлық әлем апат келе жатыр деген мағынада ұғылатын «орыстар келе жатыр» (русские идут) деген құбыжық сөздерге айналдырған еді. Енді сол соғыстарға тоқталып өтейік.

TURKYSTAN.KZ. "Жарық диод шамдардың аңызы мен ақиқаты" - Электр қуатын үнемдеудің түрлі жолдары бар. Әлем астаналарының қатысуымен жарықты бірмезгіл сөндіріп, электр энергиясын үнемдеуге ат салысу акциясы жүргізіледі. Бірақ уақытша сөндіру – мәселені түбегейлі шешпейді. Оған қарағанда үнемді лампа орнату ұтымды шешім. Жарық шамдардың электр үнемдегіш қасиеті бұрыннан белгілі болса да, бертінде ғана жаппай зерттеле бастады. Әсіресе жарық диод шамның үнемдегіш қасиеті әлемде жағылатын электр энергиясының шығынын әжептәуір қысқартты.

SERKE.ORG. "Жер комиссиясының екінші отырысы және алдағы міндеттер жайында" - Жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комиссиясының екінші отырысы 21 мамырда, қоғам белсенділері жұртшылық өз ойларын білдіретін республикалық митинг өтеді деп белгілеген күнде болды. Еліміздегі билік буындарының бұл митингіні «мәселе мемкомиссияда қаралып жатқандықтан, қажетсіз» деп санап, болдырмау бағытында көптеген іс-шараны жүзеге асырғаны мәлім. Басқасын былай қойғанда, электронды ақпарат көздерінің бірқатары бұғауға түсті, ашылмады. Сол себепті Комиссия мәжілісі барысынан бұдан бір апта бұрынғы алғашқы отырыс кезіндегідей жедел хабар, қажет мәлімет алу мүмкін болмады. Ал отырыстан кейін мемлекеттік комиссия төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев баспасөз үшін айтқан хабарға қарағанда, мәжілісте жер сату мәселесі қаралыпты.

"Советтік мифтерді сомдаған Фурмановтан қашан құтыламыз?" - Кеңес жазушысы, революционер, әскери және саяси қайраткер Дмитрий Фурмановтың туғанына 150 жыл толды. Қазіргі заман зерттеушілерінің пайымдауынша, Дмитрий Андрейұлы Фурманов азамат соғысының нақты тарихын адам танымастай етіп бұрмалаған кеңестік мифологияның іргетасын қалаушылар қатарында болған қаламгер. Мұны оның атағын асырған екі деректі шығармасы – бір тұлға тағдырын бейнелейтін «Чапаев» пен бір оқиға жайын әңгімелейтін «Бүліншілік» атты туындылары дәлелдейді.






23 мамыр 2016, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.