AZATTYQ.ORG. "AzattyqLIVE: Билік белсенділерге неге шүйлікті?" - Қазақстанда осы аптаның басынан бері белсенділерді, либералдық көзқарастағы журналистер мен саясаткерлерді құқық органдарына жаппай шақыра бастады. Орал мен Астанада кейбірінің үйіне полиция тінту жүргізуге келген.
"Полиция қысымы күшейді" - Жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді деген ақпарат тарағалы Астана мен аймақтарда полиция азаматтарды ұстауын жиілетті, кей белсенділерге қылмыстық іс қозғалды. Кеше 8 адамды полиция ұстап, прокуратура шақырғаны хабарланған еді, бүгін ұсталғандар көбейе түсті. 10-15 тәулікке қамалғандар саны 10-нан асты.
"«ҚазМұнайГаздың» Батыстағы «тар жол, тайғақ кешуі»" - «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясының бақылау пакеті Қытай қолына өте бастаған тұста Румыниядағы осы кәсіпорынға қатысты тергеу амалдары басталды. Бірақ «ҚазМұнайГаз» Еуропадағы бірқатар жобаларын бұдан ертеректе де жабуға мәжбүр болған.
ZHASALASH.KZ. "Жетпiстiң жетi сағаттық айтысы жер дауының оңайлықпен бiтпесiн аңғартты" - Сонымен, үкiмет жанынан құрылған “жер комиссиясының" алғашқы отырысы 7 сағатқа созылып, жиынға қатысқан 70 адамның 60-ы сөз сөйлеп, “айтарларын айтып қалды". Комиссия төрағасы, премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев комиссия құрамына барлық аймақтардың өкiлдерi, парламент депутаттары, үкiмет мүшелерi, ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерi мен азаматтық белсендiлер қатысқанына ерекше мән бере айтып өттi. Бiр қызығы, осы комиссияға үкiмет тарапынан таңдалып алынған 75-тiң 74-i сәуiр айында Атырау, Ақтөбе, Семей, Ақтау, Қызылорда мен Алматы қалаларында жердi сату мен жалға бермеуге қатысты өткен қарсылық шараларына, бейбiт шерулерге мүлдем қатыспағандар. “Алаңдағылардың" өкiлi ретiнде бастапқыда атыраулық белсендi Макс Боқаев шақырылған. Бiрақ ол бейбiт шеруге шыққандарға қудалау жүрiп жатқан сәтте мұндай комиссияға қатысуды жөн санамады.
"Жанұзақ Әкiм: Билiк халықты ақымақ санамауы тиiс" - Үкiметтiң жетi сағаттық жиынына қатысқан 70 мүшесiнiң бiрi ретiнде комиссияның жұмысына көңiлiңiз толды ма? Қандай негiзгi талаптар қойылуы керек едi. Осы отырыста өзiңiз айтқан дәлелдерiңiздi, уәждерiңiздi газет оқырмандарымен бөлiссеңiз.
ULT.KZ. "Украина телеарналарының қазақстанда хабар таратуына не кедергі?" - Украина телеарналары Қазақстанда хабар тарата бастауы мүмкін. Бұл туралы кеше елордалық тілшілерге Астанаға ресми сапармен ат басын тіреген бір топ украиналық саясаткер мен кәсіпкерлерді бастап келген Украина Жоғары Радасының Қаржы саясаты және банк қызметі комитеті төрағасының орынбасары Руслан Демчак мәлім етіпті.
ABAI.KZ. "Қасымовтың «қазақ тіліне» түкіргені бар ма?" - 16 мамыр күні Парламентке келген ҚР Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов өзіне Қазақстанның мемлекеттік тілінде сұрақ қойған Мәжіліс депутаты Генадий Шиповскихтің сауалына Ресейдің мемлекеттік тілінде жауап берді.
"Тайф Тәукейұлы. Көш" - Сағат Зақанқызының «Көш туралы аңыз бен ақиқат» кітабын оқыған соң, қазіргіден 25 жыл бұрынғы көш туралы жеке ой толғамдарымды білдіргім келді. Себебі, бүгіндері көшті мен бастадым деген батырлар шыға бастады. Әрі көш ұғымын бұрмалаушылық немесе біржақты сипаттаушылық та белең алды. Мәселе көшті кім бастағаны да маңызды емес. Көшуге себеп болған әсер не еді дегенде ме деймін. Мысалы, «жұттан көшкен құтылады, жаудан қашқан құтылады» деген тәмсіл бар. Өйтсе Ата жұрт Қазақ еліне басталған көш жаудан емес, жұттан көшкенге көбірек ұқсайды. Анық айтқанда, рухани жұттан.
DALANEWS.KZ. "Ұлт болашағы: 10 тұжырым" - Қазақстан КСРО-ға (Ресейге) отар кезінде ұлт мектебі қалыптасты, жасыратыны жоқ біраз жетістіктерге жеттік. [1] Айталық, бүгінгі күні әлемде сауатсыздықты әлі де жеңе алмай келе жатқан елдер бар. Мәселенки, Индияда, Пәкістанда, көптеген араб елдерінде әлі сауатсыз, не шала сауатты адамдар көп. Индияда сауатсыздар үлесі – 30%, Пәкістанда – 45%, Бангаладеште – 42%.
"Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ: “Қорқыт ата туралы мақала жазудамын"" - Бүгін қазақтың дара перзенті Олжас Сүлейменовтың туған күні. Ақын, түрколог-ғалым, қоғам қайраткерімен “Қазақ әдебиетінің" тілшісі, әдебиетші Бағашар Тұрсынбайұлының сұхбатын назарларыңызға ұсынуы құп көрдік.
QAZAQUNI.KZ. "Желге ұшқан, әлде жер құшқан 79 миллиард?" - Аумағы 1000 гектарды құрайтын пантеон Астанаға іргелес жатқан Қабанбай батыр ауылында бой көтереді. Аталған елдімекен мұнан кейін елорда аумағына қосылады деп жоспарланған.