Атырау, 24 желтоқсан 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Белоруссиялық медиктер шеберлік сыныптарын өткізді

5 279 просмотра

Облыстық перзентханада белоруссиялық акушерлер мен неонатологтардың қатысуымен екі апталық тренинг өткізілді.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢайтуынша, әйелдердің босануына жәрдем беру саласында бізде барлық қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектер бар, бірақ дүниежүзілік стандарт бойынша жұмыс тәжірибесі мен кадрлар жетіспейді екен. 

Облыстық перзентхана үйінің бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВАНЫҢ айтуынша, Белоруссия – бұрынғы Кеңес дәуірі кеңістігіндегі ана мен бала өлімін азайтуға қол жеткізген алғашқы елдердің бірі. Шеберлік сыныптары барысында белоруссиялық дәрігерлер жергілікті әріптестеріне шала туған сәбиге дұрыс күтім жасауға мүмкіндік беретін әдістер мен ұрық патологиясы диагностикасының жаңа әдісін үйретті.

– Ескі стандарт бойынша жүктіліктің 28-ші аптасына дейін туылған балаларды түсікке жатқызатын едік, - дейді Ұ. Ахметқызы. – 2007 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына көшкеннен кейін, осы мерзімде шала туылған сәбилерді тірі туылған сәбилер қатарына жатқыза бастадық. Бұл жерде әңгіме даму патологиясы әртүрлі әлжуаз балалар туралы болып отыр. Көбінесе дүниеге келгеннен кейін осындай сәбилер шетінеп кетеді.

Облыстық перзентхананың бас дәрігері әр әйелдің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керектігі жөнінде де әңгімеледі:

– Жаңа туған сәбилерде өлім санының көп болуын (1 000 тірі туған сәбиге шаққанда 17) тек медицина қызметкері біліктілігінің жеткіліксіздігімен ғана емес, біздегі әйелдер денсаулығының жарамсыздығымен де түсіндіруге болады. Тек денсаулықтың 10 пайызы ғана медицина қызметкеріне байланысты болады, қалғаны әйелдердің өз қолында. Жүктілікті жоспарлап, оған дайындалу керек, бүкіл медициналық тексеруден өту қажет.

Ұ. Хасанованың айтуынша, шарананың хромосомалық патологиясы диагностикасының белорусстар ұсынған инвазиялық әдісі көмегімен даму ақауын 22 аптаға дейін анықтауға болады екен. Егер ақау өмірмен үйлеспейтін болса, онда жүктілік тоқтатылады. Әрине, бұл әйелдің келісімімен жасалады.

М. Өтепқалиевтің айтуынша, шеберлік сыныптары «Эксон Мобил» мұнай корпорациясының қаржылай көмегінің арқасында өткізілген.

– Олардың өздері бізге перзентхана үйіне көмек көрсету жөніндегі ұсыныспен шықты. Біз компаниямен үш жылға келісім-шарт жасадық. Соған сәйкес және алдағы уақыттарда шеберлік сыныптары өткізіледі, жабдықтар сатып алынып, қажетті мамандарды оқыту ақысы төленетін болады.

«Эксон Мобил» корпорациясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Гүлнар НҰҒМАННЫҢайтуынша, келесі шеберлік сыныптары акушерлік-гинекологиялық және неонатольды қызметке, тиімді перинаталдық жәрдемге, шарананың туа біткен ақауына УЗИ-диагностика жасауға арналатын болады. Қалалық және аудандық перзентхана бөлімшелерінің 170 маманын оқыту жоспарлануда. Компания сондай-ақ, ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндет алатын жастардың медициналық жоғары оқу орындарындағы оқу ақыларын төлейді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

14 желтоқсан 2011, 23:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.