ZHASALASH.KZ. "Жер дауы және «100 қадам»" - Өткен аптаның ең айтулы оқиғасы – Жердi сатуға және шетелдiктерге жалға беруге қатысты заңға енгiзiлген уақытша тоқтам. Көпке дейiн үндемей келiп, аяқасты мораторий жариялаған президент бiрқатар шендiлердiң апай-топайын шығарып, кадрлық ауыс-түйiстер жасады. Жер сатудың тиiмдiлiгiн жұртқа түсiндiрiп әлек болған Ұлттық экономика министрi мен оның орынбасары қапелiмде жағдайдың қалай аунап түскенiн түсiнбей қалған сияқты. Екеуi де аң-таң болған кейiпте қызметiмен қош айтысты. Басында сөгiс алып құтылғандай болған Ауыл шаруашылығы министрi де атынан ауып қалды.
"Ресей Байқоңырды әлi 34 жыл пайдаланады" - Ресей “Байқоңырды" пайдалану бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыра бередi. Бұл туралы кеше сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескеннен кейiн Ресей Федералдық Жиналысы Федерация кеңесiнiң төрайымы Валентина Матвиенко мәлiмдедi деп хабарлады Казақпарат.
AZATTYQ.ORG. "Eurovision байқауына бәсекелес бола алмаған «Интервидение»" - Қазір жұрттың көбі білетін Eurovision (Евровидение) ән байқауының бір кездері коммунистік баламасы, яғни бәсекелесі болғанын көпшілік біле бермейді.
"Жұмыс істейтін студент қанша?" - Қазақстандағы жұмыспен қамту веб-сайтының дерегінше, жұмыс іздеген адамдардың 163 мыңға жуығы өзін студент ретінде көрсеткен. Яғни елдегі бүкіл студенттің ширек бөлігіне жуығы сабағына дұрыс көңіл бөлмей, жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін.
ULT.KZ. "Адамзаттың соңғы күні һәм саяси ойын" - Адамзат ұйықыдан көзін аша алар емес. Маужырап тұр. Тіпті көздегі былшықтың өзі кетер емес. Қанша уқалап жатса да екі қолдың әлі жетпеді. Шел басты деген осы болар. Бәрінің ойында бір-ақ арман, оянып кетсем деген. Бірақ бұл түс емес-ті.
TURKYSTAN.KZ. "Дәурені ұзаққа бармаған Давутоғлұ" - Түркиядағы саяси ахуал ушығып тұрған кезде билік басындағы Әділет және даму партиясының арасына жік түсті. 2014 жылы президент Ердоғанның қалауымен Үкімет басына келген премьер Ахмет Давутоғлұ өз еркімен отставкаға кетті. Конституцияға өзгерістер енгізуге тырысатын Ердоғанның елдегі саяси режимге қатысты өз көздегені бар.
"Дандай Ысқақұлы, профессор: Қазақы тәрбиеленген жан қазаққа қызмет етеді" - Филология ғылымдарының докторы, профессор, Сүлейман Демирел атындағы университет ректорының кеңесшісі Дандай Ысқақұлы білім, ғылым және тіл мәселесі жайлы талай жазған. Қоғамды оятуға күшін аяған емес. Оның ой-толғамдары көзіқарақты оқырманды бейжай қалдырған емес. Таяуда ғалымның қоғамдағы толғақты мәселелер туралы пікірімен танысудың сәті түскен еді.
QAMSHY.KZ. "Ресей қазан төңкерісінің 100 жылдығын тойламақ немесе қазаққа қарсы «мәдени экспансия»" - «Сынықтан басқаның бәрі жұғады», яғни, тұқым қуалайды. Сол сияқты озбырлық, зорлықшылдық, басқыншылық та тұқым қуалап, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Оның растығын алысқа бармай-ақ үй іргесіндегі Ресейдің әрдайым жүргізіп келе жатқан саясатына зер салып-ақ көруге болады. Алтын Орда құлап, кейін әртүрлі хандықтарға бөлініп кеткеннен кейін нағыз «жер астынан жік шықты»ның кері келіп сол Алтын Орда ұрпақтарының бодандығында жатқан орыстар дереу бас көтере бастағаны өз алдына бөлек әңгіме. Мәселе, патшалы Ресей қазақ халқының жер-суын, бүкіл байлығын қалай талап-тонап, тілі мен ділін зорлап-қорлап келген болса, одан кейін Кеңестік Ресей сол сұмдықтың бәрін одан он есе асыра жүргізгендігінде және бүгінгі Ресейдің де сол басқыншылық саясатын құрық байламайтын аярлықпен жүргізіп отырғанында болып тұр.
"Жер мәселесін қоздырушы «сыртқы күш» деп жүргеніміз Ресей ме?" - Жер туралы даудан бейхабар қазақ жоқ шығар бүгінде. Басында әлеуметтік желіде, біртіндеп жекелеген ақпарат құралдарында қызу талқыланған бұл тақырып, сәуірдің соңында Атырау жұртын алаңға алып шықты. Артынан Ақтөбе, Семей, Қызылорда...
ABAI.KZ. "Қазақстанның жер қоры туралы ресми мәлімет" - Редакция Қазақстанның жер ресурстары жөніндегі ресми ақпартты ұсынады.
QAZAQUNI.KZ. "Тұманың тұнығындай тума талант" - Қазақтың музыка әлемінде өзіндік ерекше орны бар, тамаша әндерімен тыңдармандарын тамсандырып келе жатқан Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, композитор, журналист, шәмшітанушы-музыка зерттеушісі Қалдыбек Құрманәлі ердің жасы – елуге толып отыр. «Қариялар азайып бара жатыр», «Кірмеші жиі түсіме», «Жайықтың толқындары», «Шай ішіп кетсем, қайтеді?» «Сырдария жағалауы», «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу»секілді көптеген әсем әндері әрбір қазақтың жүрегіне жол тауып, өшпестей жатталып қалған композитор Қалдыбек Құрманәлімен сұхбаттасқан «Қазақ үні» газеті тілшісінің әңгімесіне құлақ түрелік…
DALANEWS.KZ. "Бауыржан МОМЫШҰЛЫ: «Атағыңа атың сай келсе ғана сыйлы боласың»" - Журналистикада ретроспективалық сұхбат дейтін өткенді баяндайтын әңгімелесу тәсілі бар. Осы сүрлеумен Жеңіс күні қарсаңында жазушы Әзілхан Нұршайықовтың қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының азаматтық тұлғасын, өмір жолын айшықтаған «Ақиқат пен аңыз» кітабын қазіргі отаншыл көзқараспен, рухани көзбен оқып шыққан едік. Даңқты батырдың даналық ойын, ізгілікке, имандылыққа жетелейтін жігерлі сөздерінің бір парасын екшеп, назарларыңызға ұсынып отырмыз.
"Арман Жұмаділ: Отарсыздандыру процесінен өткен жоқпыз!.." - Кез-келген реформа мен бағдарлама сол саланың тәжірибелі, кәсіби мамандарымен, зерттеуші-ғалымдарымен, жалпы халықтың талап-тілек, ұсыныс, пікір, көзқарасын жан-жақты ескере отырып жасалуы керек. Сонда ғана ол өміршең, кемел, жан-жақты әрі нәтижелі болады. Алайда білім саласындағы бүгінгі реформалар осы саланың өз мамандарын да таңғалдырып, күдіктендіріп, түсінбестікке түсіріп отыр. Ойымыз дәлелді болу үшін нақты пікірге көз жүгіртейік.