Атырау, 19 мамыр 08:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"АҚШ соты Гүлнара Каримованың ісін уақытша тоқтатты", "Өскемен басшылары үшін жеңіс мерекесі тәуелсіздіктен қымбат па?", "Рақымжан Қошқарбаевқа «РФ батыры» атағы беріле ме?", "Коллектор ХХІ ғасырдың рэкеті ме?"

1 708 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ақшаға зәрумiз" - Халықаралық валюта қорының мәлiме­тiнше, қайтарылмаған несие жөнiнде Қа­зақстан бiрiншi орында екен. Таяуда ғана жерлестерiмiздiң 64 пайызы алған несие­сiн төлемей жүргенi белгiлi болды.

AZATTYQ.ORG. "Болат Сыздықовтың музыкалық мұрасы" - Алматыда жүрек ишемиясы дертінен қайтыс болған танымал музыкант Болат Сыздықовты жерледі. Ол 60 жасына және өзі құрған «Мюзикола» дуэтінің 25 жылдығына сәл жетпей дүниеден өтті. Ол қос мерейтойды концертпен атап өтуге дайындалып жүрген еді.

"АҚШ соты Гүлнара Каримованың ісін уақытша тоқтатты" - Нью-Йорктің оңтүстік округі федералдық соты Өзбекстан президентінің қызы Гульнара Каримова мен оның маңайындағы адамдарға тиесілі деген 850 миллион долларды тәркілеу туралы АҚШ прокуратурасы қозғаған істі уақытша тоқтатып қойды.

QAMSHY.KZ. "Биліктегі "болашақ" түлектері" - 1993 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясымен білім алғандардың қатарында бүгінде белгілі шенеуніктер де бар. Бағдарлама бойынша әлемнің 33 еліндегі 200 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін осы күнге дейін 11 126 қазақстандыққа стипендия тағайындалған. Олардың бірқатары бүгінде елге оралып, түрлі салада қызмет етуде.

"Өскемен басшылары үшін жеңіс мерекесі тәуелсіздіктен қымбат па?" - Ресей идеологтары ойлап тапқан «Өлмес полк» акциясы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына, оған қатысты белгілі-бір көзқарас ұстануға кез-келген мемлекет құқылы. Бұл акция да Ресейдің өткен соғысқа қатысты ұстанымының бір көрінісі. Оған дауымыз жоқ. Алайда, бұл шара РФ аумағынан тысқары шығып, басқа елдерде өтіп жатса, онда да сол елдердің егемен мемлекет ретіндегі ұстанымдарына қайшы келсе – ойлантарлық жай. Оның үстіне биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығы сынды ұлттық мерейтойлық даталардың жеңістің 71 жылдығы тасасында ескерусіз қалып жатуы кімді болса да қынжылтпай қоймайды.

TURKYSTAN.KZ. "Әлихан Бөкейхан башқұрттан шыққан белгілі ғалым және мемлекет қайраткері Зәки Уәлидің саяси ұстазы" - Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы алғашқы саяси қозғалысы Алаштың көсемі және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның көпшілік біле бермейтін тағы бір қыры жастарға деген сенімі мен оларға саяси, тіпті ғылыми салада жол көрсетіп, қолдап отыратыны. Біз мұны Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі туралы докторлық диссертация жазу барысында нақты байқаған едік. Талантты жастарға көп мән беріп оларға ерекше көңіл бөлетін Бөкейхан жастардың тегіне де қарамаған. Түркі мұсылман халықтарының мәдени, ғылыми және саяси өркендеуіне үлес қосып пайда келтіру ол үшін бірінші орында тұрған.

ULT.KZ. "Дін мен дәстүр сабақтастығының маңызы неде?" - Адамзат баласы мына жұмыр жердің бетін мекен ете бастаған сонау ықылым замандардан бері дін де халықпен біте қайнасып, тонның ішкі бауындай жасасып келеді. Адамдарды тура жолға нұсқаушы ардақты пайғамбарлардың бірі Мұса (Ғ.С.) Тәурат парақтарын қабылдау үшін қырық күнге тауға кеткенде, артынан ерген қауымы сиырға табынып кеткен болатын. Демек, жұмыр бастылар қай заман, қандай қоғамда болмасын қашанда сенімге мұқтаж. Күні кешегі жетпіс жылдық уытын бойымызға дарытып келген атеистік қоғам «Құдай жоқ» деген ұғымды алға тартқанымен, жел сөздің халық жадында ұзақ жасауы да мүмкін емес еді. Өйткені, дін – пендемен кіндігі бірге жаратылғандай ұғым, бүкіл өмірдің маңызы, тіптен, діңгегі десек те артық емес.

ABAI.KZ. "Рақымжан Қошқарбаевқа «РФ батыры» атағы беріле ме?" - Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ жауынгерлері ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, қазақтың қайсар халық, қаһарман халық екендігін алыста, жат жерде болған алапат майданда әйгілеп берді ғой.

"Ерлан Сағадиев офшорда ақша жасырған. Тізімде тағы кімдер бар?" - Жақында Панама офшорларының толық тізімі жарияланған. Онда Қазақстанның қазіргі Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің де есімі бар болып шықты. Алайда БАҚ-қа берген сұхбатында министр мырза ендігі әрі шетелдік активтердің иесі емес екендігін айтып ақталған екен.

KORRESPONDENT.KZ. "Коллектор ХХІ ғасырдың рэкеті ме?" - Осы мәселе, нақтырағы «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы бір айдан бері мәжілісмендердің «мүжіп» талқылаған тақырыбына айналды. Алтыншы шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің назарына бұл заң 5 сәуірде ұсынылды. Алғашқы оқылымда-ақ құжат қалаулыларымыздың керісуіне және депутаттардың аузымен айтылған тарихи афоризмдерге түрткі болды.

"Шіренген шенеунік болғысы келетіндер көп" - Бұрындары парақорлықпен қолға түскен шенеуніктерге жұрт жиіркенішпен қарайтын. Бүгінде аяушылық білдіретін болды. Бейне бір бойын дерт дендеген сырқат қоғамның құрбандығы деп қарайтындай. Әуелгілер ала жіпті аттама, біреудің ақысын жеме дегенді жиі айтатын болса, бүгінгілер «Бара бергенше пара бер» дейтін болды. «Пара алып ұсталып, пара беріп құтылып кетіпті» дегенді де әзілге балап, әжуалап айтып жүргеніміз жасырын емес.






11 мамыр 2016, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.