AZATTYQ.ORG. "ОА елдерінің жер уайымы мен Қытай қаупі" - Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда қызу пікірталас тудыратын бір тақырып болса, ол – жер мен Қытай мәселесі. Қытай қазір-ақ Орталық Азиядан жер жалдап, онда ауыл шаруашылығымен айналысып жатыр, бұған халықтың бір бөлігі наразы.
"Косово УЕФА-ға мүше болуды армандайды" - Косово басқаларға өзін тәуелсіз мемлекет ретінде танытуға тырысады, бұл ел футболды да соның бір амалы ретінде қолдануды көздейді.
QAMSHY.KZ. "Асылжан Мамытбеков: жер дауын көтерушілер ел бірлігіне қарсы әрекет етуде" - Еліміздің ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өзінің Фейсбуктегі парақшасында жер дауына қатысты ойын білдіріп, аграрлық ел саналатын Аустралия тәжірибесінен үйренеріміз көп екенін айтыпты. Жердің бай-бағланға сатылып, шетелдіктерге арендаға берілуіне қарсы шығып жатқандардың дені қазақтар мен қазақ тілділер болса да, министр мырза мәлімдеме-постын не үшін орыс тілінде ойқастатып отырғанын түсінбесек те, айтқандарына назар аударғанды жөн көрдік. Сонымен, Асылжан Мамытбеков «Мағынасыз айқай немесе мағыналы үнсіздік» (Двусмысленность или умолчание со смыслом) деп ат қойған ол постында не дейді?
"Қазіргі қазақ жолы: Елбасыны жақтасаң «уахабист», елді жақтасаң «арандатушысың»!" - Иә, Ресей мен Қытай сынды екі алпауыттың ортасында ұланғайыр даланы 25 жыл тәуелсіз Қазақстан етіп ұстап тұрған Елбасы ақылсыз емес. Ол тарыдай шашылған қазақтың басын Атажұртқа жиды, шекараны бекемдеді, көпшілік жұрттың қарынын тоқ, көйлегін көк қылды. «Болашақ» бағдарламасымен түлектер ұшырды, ядролық қарудан бас тартты, Сарыарқаның төріне Астана салды... Қалай болса да өз мемлекетінің шаңырағын шайқалтпай 25 жылдан бері басқарып келеді.
ABAI.KZ. "Жер кодексіне енгізілетін өзгерістер" - Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар.
"Қазақ тарихшылары шыңғыс қағанның қазақ екенін біле ме?" - Қазақ тарихшылары Шыңғыс қағанның қазақ екенін білеме деген сұраққа біледі, деп жауап беремін. Білмейтіндер және білгісі келмейтіндер тек қана Қазақстанның орыс тілді үкіметіне тәуелді ресми тарих ғылымы ғана. Олардың Қазақтың ежелгі тарихын жоғарғы оқу орындарында оқытудан бас тартып жүргендері де осыдан болса керек.
DALANEWS.KZ. "Досым Сәтпаев: «Билік Жаңаөзендегі қателігін қайталамауы керек»" - Саясаттанушы Досым Сәтпаев «Жер сатылмасын!» деп алаңға шыққан Атыраудағы наразылыққа қатысты өз ой-пікірін білдіріпті. Сауатты, салмақты дүние екен. Ұнады. Аударып бастық. Саясаттанушының ой-пікірімен толық танысқыңыз келсе, төмендегі мақаланы оқып шығуды ұсынамыз.
"“Қытайға төнген қауіп" немесе біз қалай сақтанамыз?" - Әлқисса, Жердің иесі – халық. Оны қорғайтын – Мемлекет. Қазақ жері Ата Заңымыз арқылы кемелді түрде қорғауға алынбаса болашаққа төнген болжаусыз қатер, өлшеусіз қасірет! Жер жүзінде адамизат баласы жарлағалы бері өзінің киелі мекенін, омырауын емген қасиетті жерін қорғаумен, жан беріп, жан алысумен келеді. Бұл күрес – заманның ақырына дейін жалғаса беретін қастерлі һәм нәзік үрдіс.
QAZAQUNI.KZ. "Білім министрлігі қисынсыз эксперименттерді қашан тоқтатады?" - «Мектептерде үш тілде білім беру жүйесін енгізудің негізгі мәні қазақ тілінде болып отыр». ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев дәп осындай маңызды мәлімдеме жасады. Мұны естігендер бірден елең етіп, алғашқыда қазақ тілінің көкжиегі кеңейетін болды ғой деп қуанып қалған-ды. Бірақ, министрдің одан арғы ойына бар ынтасымен құлақ түргендер тағы да сол бұрынғы айта-айта жауыр болған ескі әуенді естіді.