Атырау, 19 сәуір 20:32
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Алматыда о дүниеге аттанудың құны қанша?". "Грузия президентін түсінбейтіндер көбейіп келеді". "Қудалау науқанына Журналистер одағының төрағасы да iлiктi". "Қытайды «жаулап алу» және “советтiк жиын"". "Үкімет: ішкі жалпы өнім 0,5 пайызға дейін кемиді".

3 920 просмотра

NUR.KZ. "Алматыда о дүниеге аттанудың құны қанша?" - «Өлім - байдың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген халық арасында сөз бар. Расында да қымбатшылық заманында қайтыс болудың өзі қазір қыруар қаржы болып тұр. Оны біз алып шаһардағы жерлеу бюроларымен қаза болған жанды ақтық сапарға шығарып салатын ұйымдардың қызметін естіп, есептеп көрген соң айтып отырмыз.

KORRESPONDENT.KZ. "«Сайлау-шоу» немесе саясат пен өнердің ортақ тұсы" - Сайлауға тура бір ай уақыт қалды. Электорат әлі партиялар мен кандидаттардың сайлауалды тұғырнамасымен танысқан жоқ. «Біз өткен сайлаудағы бағдарламамызды алдын ала орындап қойдық», - деді «Нұр Отан». Сондықтан болар, бұл жолы билік партиясы сайлауға емес, тойлауға бара жатқандай.

AZATTYQ.ORG. "Грузия президентін түсінбейтіндер көбейіп келеді" - Желтоқсан айының соңында Грузия премьері Ираклий Гарибашвилидің кенеттен қызметтен кетуі ел президенті Геогрий Маргвелашвилимен арадағы екі жылға созылған алауыздыққа нүкте қойды.

"«Таблиғи жамағатқа» қатысты» қамалушы" - Үш айдан бері Астанадағы ҰҚК тергеу абақтысында отырған Мұрат Такаумовтың қамақ мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Жұбайы ерінің «Таблиғи жамағатқа» қатысты сотталған азаматтарға заңгерлік кеңес бергенін айтады.

"ҮЕҰ дербес деректерін ашуды міндеттейтін ережеге шағымданды" - Астана сотынан ҮЕҰ қызметіне қатысты деректерді беру ережелерін заңсыз деп тануды сұрайды. Азаматтық сектор өкілдерінің кейбірі мұны «мемлекетке тәуелсіз бірлестік құру құқымызды бұзу» деп атайды.

QAMSHY.KZ. "Сарапшы: Теңгенің құлдырауына рубльдің ықпалы зор" - Ұлттық валютаның құлдырауы, валюта нарығындағы ахуал туралы «Капитал» іскер ақпарат орталығына «BCC Invest» АҚ-ы коропоративтік қатынастар департаментінің басшысы Нұрғали Нұрмахамбетов айтып берген. Сарапшы теңгенің құлдырауының бір себебі ретінде Ресей рублінің құнсыздануын атайды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. «Валюта нарығына болжам жасау, қандай да бір пікір білдіру қиын. Бұл нарықты кім басқарып отырғанын білу үшін, теңгенің бұрынғы бағамын қалпына келтіру мүмкіндігін түсіну үшін мынадай бірнеше сұраққа жауап іздеу керек сияқты. Теңгенің құлдырауына не ықпал етіп отыр? неге ол девальвацияға ұшырады? Кімге доллар керек? Неге оны елдер жаппай сатып алуда? Осы сұрақтар төңірегінде ойлансақ біраз нәрсені түсінесіз», - дейді сарапшы.

"Үкімет: ішкі жалпы өнім 0,5 пайызға дейін кемиді" - Бүгін Үкімет 2016 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын қайта қарады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

ABAI.KZ. "Матаевтар мәселесі: қоғам белсенділері қорғап бағуда" - Қазір қоғамдық орта мен әлеуметтік желіде қамауға алынған Қазақстан журналистер Одағының басқарма төрағасы әм Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаев пен оның ұлына қатысты қызу пікір талас жүруде.

"Қытай, мұнай және Қазақстан" - Қазақстан мен Қытай арасындағы түрлі саладағы қарым-қатынас қоғам тарапынан үнемі қызу талқыланып, жұртшылықтың ой-пікірінен қытайға деген сақтық пен үрей қоса көрініс тауып жатады. Бұл негізсіз де емес. Өйткені, Қазақстанда жұмыс істейтін қытай компанияларындағы жергілікті жұмысшыларға еңбек қатынасы, тіл талаптарының сақталмауы және қытай компанияларының өздері жұмыс істеп отырған аумақта өздерін қожайын сезініп кетуі қоғамның ашу-ызасын тудырып, кері реакция береді. Осы айда да Қазақстандағы қытай мәселесіне қатысты бірнеше жайт болды. Осы жайттар бізді Қытайдың Қазақстан мұнай-газ нарығындағы соңғы жылдардағы орны мен рөліне үңілуге итермеледі.

EGEMEN.KZ. "Шыңғыс ханның көз жасы немесе ұлы қаған ұлағаты" - Соңғы 10-15 жыл ішінде ғалымдарымыз бен жазушыларымыздың әлем әміршісі атанған Шыңғыс хан туралы, оның заманы мен тұлғасы жайындағы, әлемдік және қазақ тарихындағы алар орны хақындағы ой-пайымдары мен толғаныс зерттеулері жұртшылық назарын аударып отыр. Бұл орайда зерттеуші ғалым Тілеуберді Әбенайұлының кітаптарындағы ой-тұжырымдар ұлы қаған туралы бұған дейін беймәлім болып келген көптеген деректерді алға тартады. Сондай-ақ, белгілі қаламгерлер Марал Ысқақбайұлы мен Бексұлтан Нұржекеұлының ұлы тұлға Шыңғыс хан жайындағы әр жылдары баспасөзде жарияланып келе жатқан танымдық сипатқа толы зерттеу мақалалары да оқырман көңілінен шығып отыр. Жақында ғана «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ғалым Зәріпбай Оразбайдың «Мыңжылдық құпиясының шешімі» аталған көлемді мақаласынан да Шыңғыс хан турасынан көп жайға қанығып, небір соны мағлұматтарға көз жеткізгендей болдық. Бұл тақырыптағы іргелі еңбек көрнекті қаламгер Мұхтар Мағауиннің төрт кітаптан тұратын «Шыңғыс хан» атты толымды, деректі хикаясы деп білеміз. Хикаяның алғашқы кітаптары оқырман қолына тиді. Басылым жайындағы байыпты әңгіме алдағы күндердің еншісінде.

ZHASALASH.KZ. "Қудалау науқанына Журналистер одағының төрағасы да iлiктi" - Кеше Журналистер одағының төрағасы, “Ұлттық баспасөз клубы" қоғамдық бiрлес­тiгiнiң президентi Сейiтқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаевтың таңғы тоғыз жарымда үйiнен шыға бергенде ұсталып, жем­қорлыққа қарсы күрес жөнiндегi ұлттық бюроның Алматыдағы департаментiне сұраққа алу үшiн күштеп жеткiзiлгенi хабарланды. Дәл сол күнi күндiзгi сағат он бiрде әкелi-балалы Матаевтар Ұлттық баспасөз клубында өздерiнiң үстiнен қозғалып жатқан қылмыстық iс жөнiнде баяндап, баспасөз жиынын өткiзуi тиiс болатын. Олардың орнына баспасөз мәслихатын өткiзген “Әдiл сөз" қорының төрайымы Тамара Калеева мен Журналистер одағы басқарма мүшесi Ермұрат Бапи Матаевтарды қудалаудың артында әлдебiр ықпалды адамдардың тұрғанын мәлiмдедi.

"Ұяттың құны немесе мемлекеттiң нанына ортақтасқан “сараңдар" кiмдер?" - Вице-премьер Дариға Назарбаева ел тұр­ғындарының “өзiн-өзi қамтушылар" дейтiн тобының “бюджетке бiр тиын" төлеместен тегiн медициналық көмек, әлеуметтiк жәр­дем­ақы алып отырғанын “әдiлетсiздiк" деп атады. Сөйтiп, ұяттан безген халықты “са­раң болмай", тапқан-таянғандарын мемлекетпен бөлiсуге шақырды. “Жалпыға ортақ еңбек қоғамын" құрған мемлекет күнi-бүгiнге дейiн осындай салықтан жалтарғандарға көз жұмып келiптi. Ондай “сараңдар­ға" Дариға Нұрсұлтанқызы табысының 60-70 пайызға дейiнгi бөлiгiн салыққа беретiн скандинав халқын үлгi еттi.

"Қытайды «жаулап алу» және “советтiк жиын"" - “Қазақстанның азық-түлiгi Қытайға бағытталуы қажет". Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы саласына осындай бағыт сiлтедi.

ULT.KZ. "Шенеуніктер ұлттық мәселеге неге марғау?" - Қашанда жұртшылықтың зиялы қауым өкілдерінен күтері көп. Зиялы қауым – қоғамның қозғаушы күші. Онсыз ешқандай ұлт алға дамыған емес. Енді ең үлкен мәселе – қазіргі зиялылар белсенді ме, көзқарасын ашық айта ала ма, соған мүмкіндік жасалып отыр ма? Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабековпен болған сұқбатта қазақ қаламгерлерінің бүгінгі қоғамдағы ролі жайлы сөз болады.

DALANEWS.KZ. "Сәрінжіпов неден сүрінді?" - Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов аттан ауып түсті. Күтпеген оқиға. Осы күнге дейін Инвестиция және даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Ерлан Сағадиев босаған орынға отырды. Сәрінжіповтың аяқасты босауы және орнына Сағадиевтың отыруы неден? Жаңа министр білім мен ғылым саласындағы түйіні тарқамаған мәселелермен қалай күреседі? Сәрінжіповтың орнынан кетуіне не себеп болды? Бұған сайлаудың қандай қатысы бар?.. Осы және өзге де сұрақтарға жауап берсек.


23 ақпан 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.