Атырау, 6 мамыр 05:36
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Сейітқазы Матаевтың ұсталғаны хабарланды". "«Оппозициялық жалғыз партия» жетекшісі Жармахан Тұяқбай". "Орталық Азиядағы ең мықты әскер қай елде?". "Бурылдағы буырқану...". "Қазақстанның еңбек нарығына 17 мыңнан астам маман керек".

3 363 просмотра

KORRESPONDENT.KZ. "Жұрттың күлкісіне қалған ұлттық құраманың Олимпиадаға киетін киімі өзгеретін болды" - Күні кеше ұлттық құрама спортшыларының Риода өтетін Олимпиадада киетін киімдері көпшілік назарына таныстырылған болатын. Алайда киім үлгісі қазақстандықтардың бірқатарына ұнамады. Тіпті оны әлеуметтік желілерде күлкіге айналдырғандар да болды. Солардың бірі – қазақстандық актер, продюсер Нұртас Адамбай. Ол жаңа киім үлігісінің фотосын әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында бөліскен. Форма көпшіліктің көңілінен шықпаған. Тіпті бірі «костюмдердің атауы: тазалаушы, Тайланд колледжінің студенті, Украина әуе жолдарының стюардессасы» деп пікір білдірген.

AZATTYQ.ORG. "Сейітқазы Матаевтың ұсталғаны хабарланды" - Антикоррупциялық қызмет Ұлттық баспасөз клубы басшысы Сейітқазы Матаев "қаржылық қылмысқа қатысты күдікке ілінгенін" хабарлады. Журналистер одағы жетекшісі Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ директоры Әсет Матаев ұсталған.

"«Оппозициялық жалғыз партия» жетекшісі Жармахан Тұяқбай" - ЖСДП жетекшісі Жармахан Тұяқбай өзінен кейін жоғары лауазымдағы қызметкерлерден оппозицияға ешкім өтпегенін айтады. Алайда оны «оппозицияның сәтсіз жетекшісі» деп санайтындар да бар.

"Қарттар үйіндегілер зейнетақыны қысқартуға наразы" - Ақтаудағы Қарттар үйі тұрғындары жаңа заң бойынша зейнетақыларының 70 пайызы мекеме шотына аударыла бастағанына наразы. Мекеме басшылығы аударылатын қаржыны әзірше қайда жұмсайтынын білмейді.

QAMSHY.KZ. "Халықты қанап келген банктерге зейнетақы қорынан көмек берілмек" - Зейнетақы жүйесін ел билігі ержелден масыл көреді. Содан болар алдыңғы жылдары әйелдердің зейнетке шығар жасын ұзартып, ерлермен теңестіреміз деген бастама көтерілді. Қоғам наразылығына тап болған бұл идеяны билік «патамушта» аталып кеткен министр Серік Әбденовке итере салып, бар бәле соның бастамасымен болғандай ой туғызғысы келді. Алайда, өкімет басындағылар ойлағандарын жүзеге асырды. Енді әйелдердің зейнетке шығу жасы әр жыл сайын жарты жылға ұзартылып отыратын болды. Қоғам «патамуштаны» табалап жатқанда билік осындай заң қабылдап алған еді. Ал, миссиясын орындаған министр «халыққа қарсы бастама көтергені» үшін қызметінен босатылды.

"Асылжан Мамытбеков үкімет жұмысын сынап тастады" - Бүгін Астанада өткен Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде министр Мамытбеков мұндай жиындарды өткізу кеңестік дәуірден қалған ескі дәстүр екендігін айтып, оның тиімділігіне күмән келтірді. Министрліктің жиынына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысқан еді.

"Американдық БАҚ: Ердоғанның тәкаппарлығы Түркияның сыртқы саясатына кесірін тигізді" - Американдық Washington Post газеті Түркияның саясатына қатысты сарапшылардың пікірін жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Онда Ережеп Ердоғанның саясаты Түркияны тығырыққа тіреді және одан шығу ендігі уақытта оңай емес деген пікірлер айтылады.

"Орталық Азиядағы ең мықты әскер қай елде?" - Әлемнің 126 мемлекеті кіргізілген «2016-жылғы Жаһандық әскери қуаттылықтың рейтингісінде» (Global Firepower Military Ranks-2016) Орталық Азиядағы посткеңестік елдер арасында әскери тұрғыдан ең мықты болып Өзбекстан танылыпты, ол 54-орынды иеленген, Қазақстан 66-орынға жайғасса, Қырғызстан – 78-, Тәжікстан — 81-, Түркіменстан 90-орындарды қанағат тұтыпты, - деп жазады 365info.kz.

ZHASALASH.KZ. "Мемлекет басшысы осылай кiжiне берсе мемлекеттiк тiлдi ешкiм де құрметтемейдi және құрметтеуге ниет те етпейдi" - Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың анда-санда қазақ тiлiнiң жанашырларына кiжiнiп қоятыны бар едi ғой, бұл жолы да, яғни Алматыға келген сапарында да шарай топтың көзiнше былай дедi: “Маған мынадай ақпарат жеттi: бiр мекемеге орыстiлдi адам орыс тiлiнде өтiнiш айтса, оған әлгi мекеме қазақ тiлiнде жауап қайырыпты. Бұған кiм жол бердi? Осындай тiл туралы заңды бұзушылықты прокуратура неге тексермейдi? Егер ол орыс тiлiнде өтiнiш айтты ма, ол орыс тiлiнде жауап алуы керек..." (президенттiң орысша айтқанын қазақшаға аударып берiп отырмыз – ред.).

"Бурылдағы буырқану..." - Дәл былтырғы ақпан айында Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ елдi мекенiндегi дүниенi дүрлiктiрген оқыс оқиғаға ұқсастау жанжал ендi ауылы аралас, қойы қоралас Әулиата жерiндегi Бу­рыл ауылында бұрқ ете қалды. Жазықсыз төгiлген қан, қыршынынан қиылған өмiр. Елдiң ашу-ызасы ақыры әлем елдерiне үлгi болып жүрген ұлтаралық татулықтың бiр-ақ күнде жұрнағын да қалдырған жоқ. Әйтеуiр, абырой болғанда әзiрге Сарыағаштағыдай жаппай үй-көлiк өртеу оқиғаларына жол берiлмедi.

"Бiлiм жүйесiндегi дағдарыс ұлттық апатқа ұрындырады" - Президент Н.Назарбаев Алматыдағы сапарында Оңтүстiк Кореяның бiлiм беру саласындағы тәжiрибесiн зерттеу ке­рек­тiгiн ескерттi. Дамыған елдер қатарына қосылу үшiн бiр жоғары бiлiм алып, кемiнде бiр шет тiлiн бiлуге шақырды. Президент әдетiнше бiлiм деңгейi жоғары Сингапурды тiлге тиек етудi де ұмытпады. Тек сол Сингапурда мектеп мұғалiмде­рi­­нiң ең жоғары жалақы алатынын айтқан жоқ, бүгiп қалды.

TURKYSTAN.KZ. "Сирия қасіреті әлі жалғасуда. Оған кімдер кінәлі?" - Сирия… Аңыз-ертегілердің желісіне арқау болған ежелгі Шам елі… Адамзатқа бірнеше өркениет сыйлаған, тарихы біздің заманымыздың төртінші ғасырынан бастау алатын өлке. Араб әдебиеті мен Ислам ғылымы дәуірлеп, ақыл-ойдың орталығы саналған құт мекен. Ал бүгінде бұрынғы тылсым сыр, тұмса даналықтан, есте жоқ ерте заманның ескерткіштері мен кешегі қызылды-жасылды реңктен түк қалмаған. Қираған қалалар, өртенген үйлер. Асай-мүсейін арқалап, ата-баба қонысын тастап, үдере көшкен халық. Жұртында қалып, өз жерінде тұтқын болған адамдар. Ашыққан балалар. Жоқтау айтуға шамасы келмейтін жесірлер. Мұны айтқанда бүгінгі Шам елінің көрінісін көз алдыңызға елестете алдым десеңіз, қателесесіз. Осы айтылғандарды он есе күшейтіп, жүз есе ұлғайтып бір қарап көріңіз. Бәлкім сонда Сирия туралы сан түрлі қарама-қайшы ақпарлардың әсерінен айығып, адами көзқараспен сарапқа салудың сәті түсер.

"Қазақстанның еңбек нарығына 17 мыңнан астам маман керек" - Қазақстанның еңбек нарығына әр түрлі сала бойынша 17 мыңнан астам маман керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті. Елімізде еңбекке жарамды азаматтардың 5 пайызы жұмыссыз бола тұра, 17 мыңнан астам жұмыс орнының бос тұруына не себеп?

"Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев тұтқынға алынды" - Бүгін, 22 ақпанда Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев құқық қорғау органдары тарапынан тұтқынға алынды. Бұл туралы «Әділ сөз» халықаралық қордың жетекшісі Тамара Қалеева мәлімдеді.

AIKYN.KZ. "Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 25-2-бабының тәртібі бойынша ҮНДЕУ" - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.

ARHAR.KZ. "Күрдтердің күрт күшеюі кімге керек немесе Анкараны алқымдау" - Күрдтер – арғы атасы кресшілердің кеңірдегін қиған әйгілі Салахаддин, бүгінгі патшасы ДАИШ-пен белдесіп жатқан Барзани, ал түріктер – өткен тарихы Еуразияны дүр сілкіндірген Осман империясы, бүгінгі ханы – ұлтшыл да отаншыл Ердоған. Ешкімге бас имес, қайсарлықтың қылышынан жаралған қос халықтың өзара текетіресі жардың жанына таяп қалды. Қай жеңгені биік жардың басында кеудесін тік көтерген қалпы қалатын болса, жеңілгені құрдымға құлдилай құламақ. Өзара бақталастық, өзара кек пен қанды қырғын, қанжарлы соғыс ендігі таңда өрши түспесе, өшпейтіні анық. Сонымен Анкараның алқымын қысқан «күрд факторының» астарында не жатыр? Күрдтердің күрт күшеюіне кім мүдделі? Таяу арада Таяу Шығыста Күрд мемлекеті құрылуы мүмкін бе?

"Неге соғыстарды жеке әскери компаниялар жүргізеді?" - 1965 жылы әлемде ең алғашқы жеке әскери компания Ұлыбританияда пайда болған сәтте ешкім оны әлемде ықпалды күшке айналады деп ойламады. Бүгінде жеке әскери компанияның саны 357-ні құрайды. War on Want британдық ассоциацияның деректеріне сүйенсек, әлемдік жанжалдарда әскери компаниялардың қатысу үлесі артқан. Неге әскери компаниялар күн сайын көбеюде? Олардың артуына не себеп?

DALANEWS.KZ. "Ботагөз ИСАЕВА: «Мені жындыханаға жатқызбақ болды…»" - Қоғамдық белсенді Ботагөз Исаева «Dalanews» сайтына өзінің не себепті Қазақстаннан кетуге мәжбүр болғанын және қазіргі күні қайда, қандай жағдайда тұрып жатқанын айтып берді.

"Саяси ток-шоу неге жоқ?" - Бүгінде жұрттың көкейінде жүрген бір сауал бар. Ол «отандық телеарналарда қазақ тілінде еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайды талдап-таразылап көрсететін сараптамалық бағдарлама неге жоқ» деген сұрақ? Қазақтілді журналистердің бұл тақырыпқа тісі батпай ма? Бәріміз жауабын білетін сияқтымыз. Бірінші кезекте бұған билік кінәлі деп айтуыңыз мүмкін. Бұл пікірмен толықтай келісуге де болмайды.

22 ақпан 2016, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.