Өткен жылдан бері Атырау қаласындағы орталық жүзу бассейнінде заманауи бессайыс тобын Ресейге Еңбек сіңірген жаттықтырушы Василий Степанович АНДРЕЕВ (суретте) жаттықтырады.
ФЛОТТЫҢ БАРЛЫҒЫ БІЗДІКІ БОЛДЫ
- Василий Степанович, заманауи бассайыс туралы айтыңызшы.
- Жүзу, жүгіру,
- Өзіңіздің спорттық және жаттықтырушылық жолыңыз туралы айтыңызшы.
- Менің жасым 72-де. Самарада тудым. Жүзумен айналысуды 60-жылдары жаттықтырушы Лидия Батурованың жетекшілігімен бастадым. Облыс чемпионы, рекордшысы болдым, РСФСР чемпионатына қатыстым. Спорт армияда әскери борышымды өтегенде көп көмектесті. Мен Тынық мұхиты флотында болдым, міндетті мерзімім аяқталғаннан кейін сол жерде спорт нұсқаушысы болып қалып, флоттың дене тәрбиесі дайындығы бастығына дейін өстім. Қызмет еткен кезімде ескек есуден КСРО Қарулы күштері және РСФСР чемпионаттарының алтын медальдарына ие болдым. Алты жыл Тынық мұхиты флотының жүзу және теңіз көпсайысы құрамасын басқардым. Көпсайысқа жүгіру, жүзу, ату, ескек есу және желкенді қайықпен жарысу кіретін. Менің шәкірттерім РСФСР чемпионаттары мен дос елдер армиясының чемпионаттарында талай жүлде алды.
Мен үздік шәкірттерім ретінде Георгий Самбуров, Владимир Пономарев және Владимир Фроловты атай аламын. Олар КСРО құрамасына шақыртылды. 1988 жылы әскер қатарынан босап, Самараға келіп, заманауи бессайыстан жаттықтырушы болып жұмысқа кірдім. Кейіннен менің шәкірттерім Ресей құрамасы сапына қосылды. Алғашқылардың бірі Аватис Майлян болды, ол Еуропа чемпионатына қатысты, одан кейін Сергей Карякин мен Семен Бурцов халықаралық жарыстарда жүлде алды. 2010 жылы Сережа Бейжіңде әлем чемпионы атанды. Бір жылдан кейін Семен екеуі Будапеште өткен әлем чемпионатында эстафетада күміс жүлдегер атанды. Осы жетістіктер үшін маған Ресейге еңбек сіңірген жаттықтырушы атағы берілді.
- Атырауға қалай келдіңіз?
- Өткен жылы орталық жүзу бассейнінің директоры Рашид Мусин телефон соғып, жұмысқа шақырды. «Мұнайшы» бассейні – заманауи көпсайыс үшін керемет база. Біз облыстық заманауи бессайыс федерациясының президенті, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың алдында болдық. Ол Ресейден легионерлер тартпай, жергілікті балалардан спорт жұлдыздарын жасау керек деген тапсырма берді.
Маған дейін заманауи көпсайыс тобын алматылық жаттықтырушы Евгений Тебеньков жұбайы Натальямен бірге жаттықтырды. Олардың жұмыстары алға баспай, екеуі Алматыға кері қайтты. Жаттықтырып отырған тобындағы балалардың бір жартысы тарап кетіп, бір бөлігі Иван Галкиннің жүзу тобына көшті. Көпсайыста кішкентай балалар қалды, алайда, олар да аз еді.
Қазір топта үш жаттықтырушы – Данияр Ақынбек, Ильфат Гатиятуллин және мен – жұмыс жасаймыз. Заманауи көпсайыс тобында барлығы 80 бала шұғылданып жүр. Қабылдау жалғасады. Жаттығулар тегін.
АЛДЫМЕН ТӘЖІРИБЕ ЖИНАУ КЕРЕК
- Спортшыларымыз өткен жылы қандай жетістіктерге жетті?
- Жоғары жас ерекшелік тобының 7 баласы Батумиде өткен әлем чемпионатына қатысып, жүлде алмағанмен, үлкен тәжірибеге ие болды. Бауыржан Тастанов 12-орын алса, Руслан Гапонов 20-орын, Ернар Қадыржанов екінші ондыққа табан тіреді.
Біздікілер жүгіру мен жүзуден өздерін жақсы көрсетті, ал, атуда біраз олқылық жіберді. Турнирден кейін балалар өзге командалардағы қарсылас-тарының өз көшбасшылары ұзап кетуі үшін бұларды қоршап, кедергі жасағандары туралы айтты. Жалпы, көпсайыста айла-тәсілдер көп. Енді олар біздің спортымыздың күрделілігін білетін болады.
Содан кейін команда Алматыға оқу-жаттығу жиынына барды.
ҚР заманауи көпсайыс федерациясының бас хатшысына алғыс айтқымыз келеді, ол бізге тир, тапаншалар, нысаналар берді. Тау ауасын жұтып, атудан жаттығу жасап, өткен жылдың күзінде облыс құрамасы ҚР кубогына қатысты. Жақсы өнер көрсетті, алайда жүлде ала алмадық: Радмир Ғаламов 5-орын, Разия Желтихаева 6-орын, Ильхан Алданов 7-орын алды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында команда ҚР чемпионатына қатысты. Жүгіруде нашар нәтиже көрсетті. Басты себептерінің бірі – жаңа жыл мерекесі қарсаңында Атырауда қалың қар жауып, «Мұнайшыда» жаттығу жасайтын мүмкіндік болмады. Атудан да оқсатпадық. Нәтижесінде Желтихаева 6-орын, Мариам Мусаева 7-орын, Даниэль Любимов пен Гапонов 12-орынға жайғасты.
- Атудағы сәтсіздіктеріңіз жаттығу базасының жоқтығына байланысты ма?
- Қазір облыстық федерация президентінің қолдауымен спорттық құрал-жабдықтар – семсерлесуге арналған жол, тапаншалар, оқтар, нысаналар алдық. Алайда, оларды құратын жер жоқ. Біздің орнымыз бассейннің жанында. Сол жерді ыңғайлауымыз керек.
Конкурда өнер көрсетуді спортшылар 19 жаста бастайды, алайда, жаттығуды қазір бастап кету керек. Бізге жылқы, яғни, ипподром керек. Тирге қатысты ІІД-мен келісімге келгіміз келген, алайда, полицияның тирінің ұзындығы
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ