KORRESPONDENT.KZ. "Тоқаевтардан қорыққан депутаттар қазақша сөйлеп жарытпас" - Ұлттың қамын ойлау – қазақша сөйлеуден басталады. Ұлт деп ұртымызды толтырып айтпай-ақ қояйық, анда-мұнда журналистік жұмыс бабымен барғанымызда, ең іргелі мемлекеттік қызмет орындарының көпшілігінің табалдырығын аттап, есігінен ары өткен соң Қазақстан деген мемлекет жоқ сияқты әсер қалдыратыны бар. Президент «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» демей, «министрлер мен министрлер, депутаттар мен депутаттар немесе министр мен депутат қазақша сөйлессін» дегенінде жоғарыдағы жағымпаз біткеннің бәрі ендігі қазақша сайрап отырар еді.
"Төлешовті тұтқындау операциясына жергілікті полицейлер қатыстырылмаған" - Шымкентте белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовті тұтқындау операциясына жергілікті полицейлер мүлдем қатыстырылмаған әрі оны Шымкент абақтысына жаппаған. Бұл туралы 31 арна хабарлады. Қылмысқа күдіктелген азаматты арнайы жасақ өздерімен бірге алып кеткен көрінеді. Кейбір мәліметтерде операцияға тек Алматы мен Астанадан жүзден астам арнайы жасақ сарбаздары шақыртылғаны туралы жазылған. Айта кетейік, «Орда» тобының құрылтайшысы кәсіпкер есімімен байланыстырылады. 2004 жылы шетелге шығаруға Тоқтар Төлешев ұсыныс жасап, Ресейдің шоу бизнесіне кіргізбек болған. Құны елу мың долларлық бірнеше клип түсіріп, төрт жыл бойына қаржылай қолдаған.
"Ауыз су одиссеясы немесе Иқаннан су шығара алмағандардың әлегі" - Қазақстандағы елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыз су» бағдарламасы қабылданып еді. 2002 жылы қолға алынған бұл бастаманы іске асыруға республикалық қазынадан 335 миллиард теңге бөлінді. Оның 195 миллиарды ауылдық аймаққа таза ішер су жеткізуге жұмсалды. 8 жылға жалғасқан жоба аяқталғанда елдегі 7002 ауылдық мекеннің жартысынан астамында сапалы ауыз су жүйесі сол күйі жасалынбаған болатын.
SN.KZ. "Жармахан Тұяқбайдың «әскері» әлсіз болып шықты" - Қазіргі таңда саяси партиялар өздерінің съездерін өткізіп, кезектен тыс Мәжіліс сайлауына кандидаттар ұсынып жатыр. Мәселен, өткен аптаның аяғында Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) ХІІ съезі аяқталды. Жиында партия төрағасы Жармахан Тұяқбай «Бүгінгі билік кетіп, орнына жаңа буын келуі керек» деп мәлімдеме жасады. Алайда, бүгінгі билікті кетіріп, оның орнына жаңа буынды әкелуге оппозицияның қауқары жете ме? Бұл жағы белгісіз.
"Ашық киінуден ашық сүйісуге көшкен әншілер..." - Соңдарынан күңкіл сөз ерту (бәрі емес, көбін) бұрын ашу шақырса, қазір әншілерді ләззатқа бөлей бастаған секілді. Сол үшін әдейі парақшаларына ерсі суреттерді жиі салады. Өйткені көп талқыланады ғой. Тіпті «мынаны қарашы, әдейі осы суретімді бере салып едім» деп өзінің instagram-ға салған бейәдеп фотосын бір-біріне көрсетіп, масаттанып отырған әншілерді көріп жүрміз. Бейне, бір топ итке сүйек лақтырып, олардың аш бөріше талап жатқанын қызықтап отырғандай, суреттеріне жазылған жағымды-жағымсыз коменттерді оқыған сайын, жүздері алаулай түседі...
AZATTYQ.ORG. "АҚШ-қа үш айға барған Әйгерім - Symantec қызметкері" - 25 жастағы қазақ қызы Әйгерім Сеңгірбаева АҚШ-тағы ақпарат қауіпсіздігі саласындағы ірі компаниялардың бірінде жұмыс істеп жүр.
"Санавиация ахуалын билік пен сарапшы түрліше бағалайды" - Өткен апта Алматы облысында тікұшақ құлап, медициналық жәрдем көрсетілуі тиіс сәбиді қосқанда, бес адам қаза тапты. Елдегі санавиация жағдайын тиісті орган мен сарапшылар түрліше бағалайды.
"Қолға үйренген арқарға полицияның көзі түсті" - Азаттық сайты көпке таныстырған қолға үйренген Арко атты арқардың иесі, Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің тұрғыны Қалау Әшімов жануардан айырылып қалу қаупі туғанын айтты.
QAMSHY.KZ. "Сауалнама: халықтың басым бөлігі "Нұр Отанға" сенбейді" - Естеріңізде болса, бұған дейін Еуразиялық интеграция институты ел арасында сауалнама өткізіп, кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысты халықтың пікірін сұраған еді. Институт өткізген сауалнама нәтижесі оған қатысқандардың 93,6 пайызы мерзімінен бұрын өткелі жатқан сайлауды қолдайтынын көрсеткен еді.
"Депутаттықтан дәмелі шенеуніктер сайлауалды үгіт кезеңінде лауазымды қызметтерін уақытша тоқтатуы тиіс" - Кезектен тыс Мәжіліс сайлауы өтеді деп жарияланғалы бері елдегі саяси партиялар әдеттегідей қызу жұмысқа кірісті. Билік партиясы саналатын «Нұр Отан» бастап, бірнеше партия осыған дейін съездерін өткізіп, Мәжіліс сайлауына үміткерлердің партиялық тізімдерін жариялады. Ол кандидаттардың «халық қалаулысы» атануға қаншалықты лайық екені өз алдына бөлек әңгіме. Ал, осы күнге дейін партиялар ұсынған тізімдерде қолында билік тетіктері, қарамағында бірнеше жүз бағыныштылары бар лауазымды тұлғалардың жүруі біраз әңгімеге арқау болмақ.
ABAI.KZ. "Билікке не керек: ақпараттық қауіпсіздік пе, рейтинг пе?" - Қазақстанның ақпараттық саясатының сын көтермейтін күйде екені бұрыннан айтылып келеді. Сала мамандары, сарапшылар әртүрлі дәлел-дәйек келтіріп, мәселені оң бағытқа бұрудың түрлі жолдарын да ұсынды. Былтыр жарнама туралы заң жобасы мақұлданып, шетелдік кабелдік арналар Қазақстанның ақпараттық нарығындағы жарнамаға ортақтаспайтын болғандай еді. Бұл да бір дәтке қуат көрінген. Бірақ, мұнымен ақпарат саласының қордаланған мәселелерінің түйіні тарқатылып кетті деуге келмейді. Ақпарат мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатында үлкен құралға айналып, әп сәтте кез келген саясаткерді, саясатты шыр айналдырып, ақпараттық ресурстарға иелік ететін топтың ыңғайына, қалауына қарай өзгеретін және соған миллиондарды лезде сендіретін алып күшке ие болған қазіргі заманда әр мемлекет өзінің ақпараттық қауіпсіздігіне ұлттық қауіпсіздік деңгейінде мән беріп отыр.
"Тәжіктер соңғы қаланы орыс атауынан азат етті. Ал біз ше?" - Жақында Тәжікстан Республикасы Президентінің пәрменімен орысша аталатын соңғы қаланың атауы тәжікшеленді.
"Қазақ неге ысырапшыл?" - Жаһандық статистика бойынша, жер бетінде өндірілген тағам түрлерінің күн сайын миллиондаған тоннасы далаға тасталады. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі Ұйымының баяндамасында АҚШ-та тағам өнімдерінің 40%-ға жуығы қоқысқа тасталатыны, Еуропада жыл сайын 100 млн тонна азық-түлік өнімдері лақтырылатыны келтірілген. Егер, бүкіл дүниежүзіндегі далаға тасталған тағамдардың көлемін есептесе, ол Мексиканың территориясына жете-қабыл екен. Бұған табиғатқа келетін зиянды қосыңыз.
EGEMEN.KZ. "Сәден қарт пен шүріппе" - 4 жасында шекара асып, 70 жылдан кейін туған Отанына оралған – ауғандық, пәкістандық, саудиялық… бүгінгі – қарапайым ғана қарасайлық қарттың басынан кешкендері.
"Ұлт Жоспары – ұлы мүдде" - Елбасы дамудың жаңа белесінде Ұлт Жоспарын жариялады. Арман ақиқатқа айналды. Тың мақсат айқындалды. Көргені көп, ойы биік қазақ халқы бұл бастаманы қуана құптады. Ел Тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сынды ұлы құндылықтарды қастерлеп, дәріптеген Қазақ Елі ұрпақ болашағы жолында үлкен бетбұрысқа бел буды.
SERKE.ORG. "Қамауда жатқан Нарымбаев «түзелмейтін ақымақ» па?" - Кінәсін мойындап, кешірім сұрап қамаудан босанған Серікжан Мәмбеталиннің әрекеті «Свобода Слова» газетінің бүрынғы бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваны тебірентіп жіберді. Ол қамауда жатқан Ермек Нарымбаевқа жолығып, оған Мәмбеталинше кінәсін мойындап, аяққа жығылып кешірім сұрау жөнінде ақыл айтпақшы. Сол үшін Г.Ерғалиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Е.Нарымбаевтың авокатынан абақтыда кездесу ұйымдастыруын сұрады. Оның ойынша, Ермек Нарымбаевтың 3 жылдық түрме жазасынан құтылып кетуінің жалғыз жолы - осы. «Әрине, бұл белгілі бір дәрежеде, алжығанның сөзі сияқты естіледі, бірақ бұл түрмеден шығатын бірден-бір жол... Ермек бостандықта жүріп кеңесші заңгер ретінде де, кредитпен проблемасы бар көптеген банк клиенттерінің көмекшісі ретінде де адамдарға көп пайдасын тигізе алады деп ойлаймын. Егер олар бас бостандығынан айырылмай, белгілі бір шектеуі бар жаза мерзіміне кесілсе, баршаға әлдеқайда жақсы әрі пайдалы болады»» дейді Г.Ерғалиева.
ZHASALASH.KZ. "Съезден кейiнгi сөз немесе йогадан кунг-фуға дейiн" - Көңiлi даладай қазақ далақтап шаба бергендi ғана бiледi. Бiр уақ спортпен айналыссам, йоганы игерсем дейтiн ниеттен жұрдай. Мiне, мұның әсерi елдiң экономикасына да кесiрiн тигiзiп жатыр. Тiптi теңгенiң құлдырауына да қазақтың дұрыс “тыныс ала алмауы" себеп. Естiр құлақ, ұғатын адам болса, президент оның жай-жапсарын әдемiлеп тұрып түсiндiрiп бердi. Бiр өкiнiштiсi, онысын жұртқа құпиялап жеткiзбей, жария түрде мәлiмдедi. Сол сол-ақ екен, iргедегi қырғыз баспасөзi жерден жетi қоян тапқандай «жiнiгiп» ала жөнелдi. Мәселен, kaganat.kg сайты “Келгиле, баарыбыз йогалардай терең дем алып, андан кийин долларды унуталы", — деди Назарбаев" деп “мәз". Бұл не? Бұл – қауiп! Өйткенi “Нұр Отанның" кезектен тыс жиынында айтылған осы сөз ендi бүкiл әлемге жайылады. Жайбасар қазақ оның жайын жанына сiңiрiп болғанша, “терең тыныс алып, долларды ұмытудың" құпиясын өзгелер игерiп кетуi мүмкiн. Түсiнiп тұрсыз ба, мәселенiң неде екенiн?!
"Мешiн «мiнездi» мадақ" - Қазақтың жыл санауында мешiн жылы наурызда кiредi. Бiрақ күнтiзбедегi уақыт 2016-ны көрсеткенде-ақ, бiр әрiптесiмiз (әдебиет сыншысы Әмiрхан Меңдеке) “бұрынғы бұрынғы ма, жалбақтау мен жарамсақтанудың көкесiн биыл көресiңдер! Көпiрме мадақтан ауыз көпiредi" деп сәуегейлiк жасаған едi. Оның айтқаны дәл келдi деуден аулақпыз. Өйткенi мешiн әлi кiрген жоқ. Дегенмен асыра мақтау мен бiр кiсiге жалбақтау ниетi өткен жылдардан артпаса, кемiмептi. Демек жоғарыдағы болжамның нышаны бар. Оны “Нұр Отан" жиынындағы айтылған сөздерден сүзiп алдық. Ендi бұдан мешiн мiнезiне тән белгi байқала ма? Оны саралауды оқырманның өз еншiсiне қалдырғанды жөн санадық.
"Ашық айыптауға көшті" - Ұлыбританиялық “Би-Би-Си" арнасының Путиннiң құпия байлығын әшкерелеуi, Лондон сотының Литвиненко қазасы бойынша ашық тыңдаудың баяндамасын жария етiп, “қылмысқа Путиннiң қатысы болуы мүмкiн" деген тұжырым жасауы, ендi мiне, Гаагадағы халықаралық соттың 2008 жылы Ресей мен Грузия арасындағы бескүндiк соғыс кезiндегi қылмыстарды зерттеуi Батыстың Кремльге қарсы ақпараттық науқаны басталғанын көрсетедi.
"Пекиннен түскен бұйрық орындала ма, әлде әкiмнiң дегенi бола ма?" - 1400 қызметкерi бар “Ұлы қабырға" қазақ-қытай бұрғылау компаниясы" ЖШС директоры Чжан Цзюнь банкроттықтың алдында тұрғанын ұжымның жылдық есеп беруi кезiнде жасырмады. Бас мердiгер – “СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-на қарасты кен орындарында мұнай ұңғыларын орнату, бұрғылау және кенiштерге мұнайшылар тасумен айналыстатын қызмет көрсету мекемесiне тапсырыстың 65 пайызға азайып, оның қиын жағдайда қалғанын айтып ақталды. – “СНПС-Ақтөбемұнайгаз" тапсырысымен “Ұлы қабырғадан" өзге Қытайдың “Восток-нефть" және “Синопек" компаниялары да айналысады.
"Тоқтар Төлешевтiң тұтқындалуы саяси тапсырыс па?" - Шымкенттiк бизнесмен Тоқтар Төлешевтiң тұтқындалуы жұртты бiр дүрлiктiрдi. Мұның астарында саяси тапсырыс жатқанын Ресейдiң ақпарат құралдары, “Америка дауысы" жарыса жариялауда. Ал шымкенттiк құқық қорғау органдары әзiрше үнсiз. Т.Төлешевтiң тұтқындалуы бөтен ойлы, басқаша пiкiр бiлдiретiн азаматтарды жуасыту үшiн жасалып жатқан шаралардың жалғасы ма, әлде мұның астарында бiз бiлмейтiн басқа себеп бар ма?
QAZAQUNI.KZ. "Биліктің ақпараттық түсінігі: қазақ тілі – қор, орыс тілі – зор" - Қазақстанның ақпараттық саясатының сын көтермейтін күйде екені бұрыннан айтылып келеді. Сала мамандары, сарапшылар әртүрлі дәлел-дәйек келтіріп, мәселені оңға бағыт бұрудың түрлі жолдарын да ұсынды. Былтыры жарнама туралы заң жобасы мақұлданып, шетелдік кабелдік арналар Қазақстанның ақпараттық нарығындағы жарнамаға ортақтаспайтын болғандай еді. Бұл да бір дәтке қуат көрінген. Бірақ, мұнымен ақпарат саласының қордаланған мәселелерінің түйіні тарқатылып кетті деуге келмейді. Ақпарат мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатында үлкен құралға айналып, әп сәтте кез келген саясаткерді, саясатты шыр айналдырып, ақпараттық ресурстарға иелік ететін топтың ыңғайына, қалауына қарай өзгертетін және соған миллиондарды лезде сендіретін алып күшке ие болған қазіргі заманда әр мемлекет өз ақпараттық қауіпсіздігіне ұлттық қауіпсіздіктің күн тәртібінен түспейтін маңыз беріп отыр.
"Қаншеңгелден босаған Иран әлі жалтақтап отыр" - Иран елді діңкелеткен атышулы экономикалық санкциялардан босады. Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты мойнына алған халықаралық міндеттемелерді орындағанның арқасында Батыс елдерінің Иранға қарсы бағыттаған қысымы тоқтатылды. Бұл туралы жуырда Венада Иран сыртқы істер министрі Жавад Зарифпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Еуропа Одағы сыртқы саясат мекемесінің басшысы Федерика Могерини мәлімдеді.
TURKYSTAN.KZ. "Ақпараттық соғыс осындай болады" - Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы ақпараттық соғыс кезінде қарсыластар бір-біріне идеологиялық соққы беру үшін ештеңеден тайынбағаны белгілі. Шындығында, ақпараттық соғыс Кеңестік жүйе күйрегеннен кейін де толастаған емес. Бар болғаны оның нысанасы, бағыты, мазмұны өзгерді және бұрынғыдай екі ғана емес, көпполярлы сипатқа ие болды.
"Ішкі миграция: Халқы көп оңтүстіктің қазағы солтүстікке бет түзесе" - Ұлан байтақ елімізде түйіні шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – қоныстану мәселесі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында халық тығыз орналасқан және оның басым көпшілігі өз қандастарымыз болса, солтүстік жақта халық сиректеу қоныстанған әрі қазағы аз. Соңғы жылдары осы қиын түйінді шешу мақсатында мемлекет тарапынан пәрменді әрекеттер жасалып, түрлі бағдарламалар аясында әртүрлі деңгейде жұмыстар жүргізілуде.
ULT.KZ. "Құлдыққа сатылған қыздар, ИШИМ-дегі тірі тауар (ВИДЕО)" - Құлдыққа сатылған қыздар мен әйелдер. Таяу-Шығыстағы қыз-келіншектер тағдырына арналады.
KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Уахабшылар «бауырларынан» қорыққаннан, дәстүрлі дінге қайта алмауда" - Атырау облысының әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан батыс өңірдегі діни ахуалды қиындатып жатқандарға алаңдап отыр. Қателігін түсініп, имамдарға мойынсұна бастаған уахабшылар бағытын түзегісі келгенімен, «бауырларынан» қорқатынын ашып айтып жатыр.