AZATTYQ.ORG. "Кремль жауларын құртуға пайдаланған улар" - Кремль қарсыластарына қарсы қандай у түрлерін пайдаланады? Олардың біреуінен Мәскеу құрбандары тіл тарпай кетсе, біреуінен аман қалған.
"Жер аударылған Троцкийдің Алматыдағы өмірі" - Сталин режимі жау немесе сенімсіз санаған кей жандарды Алматыға жер аударған. Мұнда 1928 жылы қаңтардың 25-і күні жер аударылып келген Сталиннің қарсыласы Лев Троцкий - қиянға айдалған қайраткерлер ішіндегі ең белгілі тұлға.
"Белсенділер Біләловтің «мойындауына» ренжімейтіндерін айтады" - «Алауыздық қоздырды» деген айыппен сотқа тартылған азаматтық белсенді Болатбек Біләлов «кінәсін мойындап», үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.
"Сөз еркіндігі болса, көрсетіп жіберу де тыйылады" - Ресейлік тарихшы Евгений Анисимов Азаттыққа берген сұхбатында адамды сыртынан көрсетіп жіберу құбылысының түп-тамыры және қазір оны қалай жеңуге болатыны жайлы ойларымен бөлісті.
"Лондон соты: Литвиненконың өліміне Путиннің қатысы бар" - Сот есебінде "ФСБ-нің бұрынғы офицері, 2006 жылы Лондонда қайтыс болған Александр Литвиненконы улау Ресей президентінің мақұлдауымен жасалған болуы мүмкін" екені айтылған.
"Оңтүстіктің кей тұрғындары солтүстікке көше бастады" - Елдің оңтүстіктігінен солтүстігіне көшкісі келетін тұрғындар қоныс аударудың басты себебі ретінде жұмыссыздықты айтады. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, бұл мәселенің демографиялық қыры да бар.
QAMSHY.KZ. "Парламент мәжілісі қалай түрленуі мүмкін?" - Түрлену. Мәжілістің алдағы кезектен тыс сайлауынан кейін жасақталатын депутаттар корпусын «жаңарған» дегеннен гөрі осылай «түрленген» дегеніміз жөн сияқты. Оған себеп аз емес. Бұған дейінгі парламент мәжілісі де сондай қалыппен жасақталып келді. Ал, депутаттарын жергілікті мәслихаттар мен президенттің өзі «сайлайтын» Сенат туралы бірдеңе айтудың өзі ыңғайсыз.
ABAI.KZ. "Саяси сауатсыздықтың шегі: Қасымовтың көксегені не?" - Күні кеше ғана Парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын тарқату туралы депутаттардың ұсынысын Мемлекет басшысы мақұлдап, наурыз айында жаңа Мәжіліс жасақтау туралы шешім шығарғаны белгілі. Бесінші шақырылымда Президент үшін нотариустың рөлін атқарып шыққан додадағы депуттармен қатар, жаңа жасақталатын алтыншы шақырылымнан жап-жас буынның да үміті жоқ емес екенін байқадық.
EGEMEN.KZ. "Адамның басын ауыстыру мүмкін бе?" - Осыдан 50-60 жыл бұрын адамзаттың бүгінгі мүмкіндігі «үш ұйықтаса түске кірмейтін» дүниелер болғаны рас. Ал қазіргі таңда ғарышты игерген адам одан да зор ғылыми жаңалықтарға иек артуда. Мәселен, осы аптаның сейсенбісінде АҚШ-тың Чикаго қаласында жұмыс істейтін италиялық нейрохирург Серджио Канаверо мен оның қытайлық әріптесі Жень Сяотин осы саладағы сенсациялық жаңалықты жариялады. Олардың айтуынша, бүгінде хирургтер адамның басын ауыстыратын оталарды жасауға дайын екен.
ZHASALASH.KZ. "Үшеуiнен бiреу немесе рақмет күнiне «рақмет»" - Қазақ басшысы жуырда ғана “Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" 1998 жылғы Жарлығына толықтыру енгiзiп, тағы бiр мерекенi өмiрге әкелдi. Оның атауы – “Алғыс айту күнi". Уақыты – 1 наурыз. Ал неге 1 наурыз? Бұл – бiрiншi сұрақ. Екiншi сауал – БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған Бүкiләлемдiк “Алғыс күнi" (11 қаңтар) тақиямызға тар келдi ме? Мiне, осы екi сұрақ қазiр жұрт арасында абың-күбiң әңгiме туғызып жатыр. Сондықтан оған өз тарапымыздан жауап iздеуге тырысайық.
"«Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деп тұрса..." - Әншi Абай Бегейдiң “Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын..." деп басталатын әнi той-томалақ, көңiл көтерер кештерде таптырмас дүниенiң бiрi. Ойнақы әуендi, жеңiл сөздi осы әнге атақты чемпион Илия Ильин мен Серiк Сәпиевтер депутат ретiнде билеп тұрса, өздерiнiң пiкiрiн бiлмеймiн, ал өзiм оны қаламас едiм.
"Мұхтар Әблязов: Далалықтарша ойлап, батысша өмiр сүру мүмкiн емес" - Үш жылдан берi Франция түрмесiнде отырған қуғындағы кәсiпкер әрi саясаткер Мұхтар Әблязов жуырда “Республика" басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы қиындықтарды шешу жолдары туралы ойларымен бөлiсiптi. Дағдарыстан тоқырап, әрi қарай қалай дамимыз деген жолайрыққа келгенде, сырт көзге көп нәрсенiң анық көрiнетiнi белгiлi. Мұнайдың баррелi 10 доллар кезiнде билiкке келген тоқсаныншы жылдардағы жаңа толқын өкiлiнiң пiкiрiмен танысқан соң, газетiмiзге аударып басуды жөн санадық.
QAZAQUNI.KZ. "Алдағы Мәжіліс сайлауына қандай саяси партиялардың қатысу құқы бар?" - Орталық Сайлау Комиссиясы Қазақстанда ресми тіркелген және Парламент Мәжілісіне сайлауға депутаттыққа өз кандидаттарын ұсынуға құқы бар партиялардың тізімін жариялады. Әділет Министрлігінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгінде Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген. Олар – «Нұр Отан», «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы, «Ауыл» Халықтық демократиялық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы, «Азат» демократиялық партиясы және Жалпыұлттық социал – демократиялық партиясы.
SN.KZ. "Қазақ хандығы туралы фильм: А.Мұхамедиұлы уәдесін орындаған жоқ" - Былтыр Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі көпсериалы көркем фильм түсіретіндігін мәлімдеген болатын. Алайда, жыл ортасына келген тұста министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қаржылай қиындықтарға байланысты тележобаның бірнеше сериасы қысқаратыны туралы айтты. Тіпті, жетпеген қаражатты өзі жұрттан жинап, 2015 жылдың желтоқсан айына дейін айтулы телесериалды көрерменге көрсетуге уәде еткен.
TURKYSTAN.KZ. "Әлемде 21 млн. адам құлдық қамытын киіп жүр" - Әлемде 3 минут сайын бір адам хабарсыз кетеді екен. Жылына орта есеппен 2 миллионға жуық адам із-түссіз жоғалады. Ізім-ғайым жоғалып кеткендер біздің елімізде де аз емес. Олар қайда, қандай күйде жүр? Өлі ме, тірі ме? Жер басып жүрсе, іздеушісіне неге бір хабары жетпейді?
ULT.KZ. "Солтүстік Қазақстан Қырымның тағдырын қайталауы мүмкін бе?" - Қазақтілді аймақ халқының өсуі мен орыстілді аймақтардағы халық санының азаюы немесе ешқандай да өзгеріссіз қалуы келешекте мемлекеттік тілдің басымдылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар аймақтардағы экономикалық жағдайлардың да өзгеруіне әсер етеді.
"«Қазақфильм» неге сатылады немесе Аймановтың түсінігіндегі «бақа-шаян»" - Қазақстан Үкіметінің «Қазақфильмді» сатудан басқа шаруасы қалмаған ба? Синтездік өнердің үлкен ошағы — ұлттық идеологияның теңдессіз тұтқасы жалпы неге сатылуға тиіс? Ұлы Отан соғысы кезінде ЦОКС Қазақстанда құрылып, Алматыда жұмыс істеп еді ғой. Қанша дағдарыс десек те соғыс кезінде құрылған киностудияны бейбіт кезде жекеменшікке сату ақылға сыймайды. Адам табылмай қалғандай Петербордан Владимир Бажин дегенді сүйреп келудің не қажеті бар еді? Голливудтан шақырса бір жөн, Петерборлық орыстың «Қазақфильмді» көкке көтеріп, әлемдік ленталар жасатуы еш мүмкін емес. Біздің шенеуніктер осы қай жерімен ойлайды? Қазақтың еңсесін көтеретін бір нәрсе болсайшы.
"Мешін деген не немесе «Шығыс календарінің» авторы кім?" - Мешін жылы есіктен кірген сайын маймылдың суретін көшіре басып, бір-бірімізді құттықтап жатамыз… Осы мешін деген не? Бір-екі жерден «адамның азғыны» дегенді оқыдым. Іздеп едім мандыған еш дерек таппадым.
"АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп талас тақырыбына айналды" - Былтырғы жылдың 16 желтоқсанында газетімізде «Дональд Трампқа тойтарыс берілмей тұр» деген мақала жарық көрген еді. Сол кезде Ұлыбритания мен Германияда АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты (Donald John Trump) өз елдеріне кіргізбеуді талап еткен наразы топтар пайда болғанын жазғанбыз. Наразылықтың себебі – Трамп мұсылмандардың АҚШ аумағына кіруіне тыйым салу керектігін айтып, президенттік сайлауалды науқанындағы әлеуметтік-саяси пікірталас көрігін қыздырғанында жатыр. Осы аптада Ұлыбритания парламенті өз азаматтарының талап-тілегін ескеріп, Дональд Трамптың мәлімдемесі мен оны ел аумағына кіргізбеу туралы ұсынысты талқылады. Нәтижесі – Трампқа шектеу салынған жоқ: британдық депутаттар тамақ қырнап, тіл безеп, өзара қанша айтысса да, Кэмерон үкіметінің ұстанымына ықпал ете алмады. Бірақ бұл талас әлемдегі үлкен даудың басы, яғни, Бейімбетше айтқанда, «Дайрабайдың көк сиыры» – Батысқа қоныс аударған мұсылмандар екенін, жергілікті билік пен мұсылман қауымы арасында талай-талай шешілмеген түйткілдер бар екенін әшкереледі.
"Елбасының Халыққа үндеуі" - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 5-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қоюына, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ.