Атырау, 19 желтоқсан 22:46
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Ресейдегі парақорлық ісі АҚШ сотында қаралады". "Иранның санкциядан құтылуының Қазақстанға не әсері бар?". "Еуропа енді крест таққандармен күреседі". "Мемлекет болғың келсе, мұнайыңды теңгемен сат".

3 189 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ресейдегі парақорлық ісі АҚШ сотында қаралады" - Бұл іс бір қарағанда заңсыз ақшаға АҚШ-тан жылжымайтын мүлік сатып алу оқиғасы сияқты ғана болып көрінеді. Алайда бажайлай үңілсеңіз, тыңшылар триллерінің барлық белгісін табасыз.

"Ғарыш айлағына туристерді пойызбен апармақ" - Қазақстанда туристерге арналған жаңа маршруттарды іске қосуға тырысып жатыр. Олардың бірі – Байқоңыр. Жергілікті компаниялар нарықта орнығып алған ресейлік әріптестерімен бәсекелесіп көрмек.

"Иранның санкциядан құтылуының Қазақстанға не әсері бар?" - Сарапшылардың пікірінше, санкциядан босаған Иранның мұнайы халықаралық нарықта қазақстандық көмірсутегі шикізатының саудасына әсер етеді.

"Заңнан тыс ел басқарудың қисыны" - «Халық жауының» немересі әрі жазушы Людмила Улицкая Рамзан Қадыров және Ресей билігінің қазіргі сипаты туралы ойларымен бөлісті.

ZHASALASH.KZ. "Айдалада қалған ант немесе өтiнiштен кейiнгi үнсiздiк туралы сөз" - Парламенттi таратуды ұсынып, президентке өтiнiш жасаған мәжiлiсмендердiң екi көзi Ақордада. Бiрақ президент әзiрге өз байламын айтқан жоқ. Арадағы үнсiздiктiң орнын мәжiлiстiң үндеуiн құптаған пiкiрлер толтырып жатыр. Бұл ендi “депутаттардiкi дер кезiнде көтерiлген мәселе" дейтiн ойды жұрттың санасына сiңiру амалына ұқсайды.

"Оңтүстiк Корея" - Дамыған 30 елдiң қатарынан үмiттi Қазақстанның қазiргi жағдайы “қашпаған сиырдың уызын күткен" алаң­ғасардың арманын еске түсiредi. Өйткенi қара алтынның құны төмендегенде-ақ экономиканың өкпесi қысылды. Бұл – бiздiң табиғи байлықтардың есебiнен ғана күн көрiп келе жатқанымызға дәлел. Ал дамыған 30 ел деген қандай мемлекеттер? Бұл жөнiндегi топтастырулар әртүрлi. Мәселен, БҰҰ өзiне мүшелiкке өткен 193 мемлекеттiң iшiнен алғашқы отыздықты iздегенде әлеуметтiк жағдайы мен демографиялық көрсеткiште­рiне басымдық бередi. Ал Бүкiләлемдiк банк экономикалық даму деңгейi жоғары елдердi алдыңғы лекке шығарады. Және жiктеу жасағанда керегiн өзiне мүше 184 мемлекеттiң арасынан iздейдi. Сондықтан бiзге Халықаралық валюта қорының топтастыруы бiршама ұнамды. Себебi бұл ұйымның тiзбесiнде жан басына шаққандағы ЖIӨ мөлшерi, халықтың өмiр сүру деңгейi мен өмiр сүру ұзақтығы есепке алынған. 188 ел мүшелiгiне өткен Халықаралық валюта қорының “дамыған 30 ел" тiзiмi Люксембургтен басталып, Испаниямен аяқталады.

"Ираннан санкция алынған күн қара алтынның құнын одан әрi түсiрдi" - 2006 жылдан берi Батыс елдерiнiң санкцияларына iлiнген Ираннан кеше бұл шектеулер iшiнара алынып тасталды. Бұл әлемдiк қор биржаларындағы мұнай бағасына бiрден әсер еттi. Brent маркалы қара алтын барре­лiнiң бағасы 28 дол­ларға түстi.

TURKYSTAN.KZ. "Қырағы, қия жазбас сұңқар сынды" - Биыл Алаш көсемі, Алашорда автономиялы өкіметінің төрағасы, ғалым-публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл! ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында өткен 38-сессиясында, «Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» Атқарушы кеңестің ұсынысы бекітілді. Сүйінші хабарды Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілетті уәкілі Сатыбалды Бұршақов жеткізген еді.

SERKE.ORG. "Иран мұнай бағасын қаншаға арзандатады?" - Еуропалық одақ пен АҚШ-тың Иранға салған санкцияны алып тастауы мұнай бағасының одан бетер арзандауына түрткі болды. Ираннан санкцияны алынуы жөніндегі хабардың өзі Brent маркалы мұнай бағасының 1 баррелін 28 доллардан төмендетті. Қазір мұнай рыногындағы күндік сұраныстан ұсыныс 1,7-2 миллион баррелге артық. Сарапшылардың пікірінше, Иран санкция алынған алғашқы күннен бастап-ақ рыноктағы басы артық мұнайдың көлемін тағы да 500 мыңға, екі-үш ай өткен соң миллион баррелге арттырады.

"Мәжіліс сайлауы: қоғамдық пікір не дейді?" - Мәжілістің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама қазір қоғамда қызу талқылануда. Әрине, болашағына селқос қарай алмайтын кез келген азаматты ойландыратын бастама бұл. Өйткені, Парламент пен ондағы депутаттар мемлекеттің келешек тағдырына да, елдік дамуға да тікелей ықпал ететіні, тікелей жауапты болатыны белгілі. Ендеше Мәжілісті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуге қазақстандық қоғамның көңілі қандай? Салмақты сарапшылар, саясаткерлер, бәсекеге түсуге ниетті партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдар бұл бастаманы қалай қабылдап жатыр? Осыған байланысты мемлекетіміз үшін маңызды мәселеге қатысты баспасөзде айтылып жүрген пікірлерді оқырманның назарына ұсынғанды жөн санаған едік.

QAMSHY.KZ. "Бірыңғай мектеп формасы хиджап дауына нүкте қояды" - Елімізде жақын күндері міндетті бірыңғай мектеп формасы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрілігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті. Қазіргі таңда бірыңғай мектеп формасын енгізу үшін мемлекеттік органдардың келісімін алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер осы жұмыстар сәтті жүзеге асатын болса 2016 жылдың жаңа оқу жылынан бастап бірыңғай мектеп формасы енгізілетін болады.

EGEMEN.KZ. "Мемлекеттік стипендия бермек түгілі, мерейтойларды өткізуге тыйым салған елдер бар" - Кеше Алматыда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне 2015 жылғы Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды табыс етті.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "2016 жылғы көлік жүргізушіге 13 жүктеме" - 2016 жылы мәжілісмендермен мақұлданып, Президенттің қол қоюын күтіп тұрған Жол жүру ережесіне қатысты бірталай өзгертулер бар. Күшіне енуі мүмкін маңызды өзгертулерге келсек, олар мынадай: біріншісі — жаңа жылдан бастап автожолаушылар көліктен полицейдің рұқсатынсыз шыға алады.

"Жекешелендіру ел бюджетін нығайта ала ма?" - Қазақта «Қорыққан бірінші жұдырықтайды» деген тәмсіл бар. Дағдарыс қыспаққа алған бүгінгі заманда ірі-ірі компаниялар мен мемлекеттік маңызы бар нысандардың жекенің қолына өтуі тосындау естілгенімен, Үкіметтің де бір көздегені бары сөзсіз! Оның ең бастысы «еңсесі түскен» бюджеттің қамы болуы да мүмкін. Өйткені күні кеше «Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан бюджет 5 млрд. 509 млн. теңгеге толықты», — деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

"«Мұнайды теңгемен сату керек»" - Көптеген сыншылар кезінде теңгенің құнсызданып, АҚШ долларының асқақтауына Келімбетовті кінәлаған-ды. Алайда оның орнына келген Данияр Ақышевтың өзі бүгіндері АҚШ долларының шамадан тыс асқақтауына тұсау бола алмай отыр. Бұл жағдай Ұлттық банк басшысы болып кім тағайындалса да, одан ешқандай пайда болмайтынын аңғартатындай әсер қалдыратыны кәміл.

"Ортақ валютаға неге құмар?" - Жаңа жыл қарсаңында теңгеден бас тартып, Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстанмен бірге ортақ валюта — рубльге өтуді жөн деген Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Талғат Ақуовтың бұл ұсынысы елді дүрліктіріп, оны патриоттығы жоқ, сатқын деп санайтындардың қатары көбейген. Содан да болар, енді ол өзін-өзі ақтап әлек.

"Бала өлтіргендер бар-жоғы 4 жылға соттала ма?" - Өткен аптада Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданының аумағынан өтетін «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолы бойындағы әжетханалардың бірінен табылған тастанды сәбиге қатысты оқиға дүйім жұртты дүр сілкіндіргені жасырын емес. “Көкек" ананың мұндай жауыздығы талайдың жағасын ұстатып қана қоймай, тіпті, естен тандырды. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты періштесі қағып, кездейсоқ өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі байқап қалған. Абырой болғанда, жедел жеткен құтқару тобы бетон төсенішті дереу бұзып, баланы аман алып қалды.

ABAI.KZ. "Әзімбай Ғали: Ұлты мектептерінің хәл-күйі қандай?" - Қазақстан КСРО-ға (Ресейге) отар кезінде ұлт мектебі қалыптасты, жасыратыны жоқ біраз жетістіктерге жеттік. Айталық, бүгінгі күні әлемде сауатсыздықты әлі де жеңе алмай келе жатқан елдер бар екенін айту керек. Мәселенки, Индияда, Пәкістанда, көптеген араб елдерінде әлі сауатсыз, не шала сауатты адам көп. Индияда сауатсыздар үлесі - 30%, Пәкістанда - 45%, Бангаладеште - 42%.

"Еуропа енді крест таққандармен күреседі" - ДАИШ (ИГИЛ) «жалғыз бөрі» ретінде батыста әрекет еткісі келетін сарбаздарына барлау қызметтерінің назарына түспеуі үшін жергілікті христиандарға ұқсап жүруге кеңес берген. Бұдан бұрын Әл-Каида тарапынан әзірленген шағын кітапшаны, ДАИШ ұйымы ғаламторда жариялаған болатын. 58 беттік ережелер кітабында ұйым өз сарбаздарына электронды почталарын белгілі етпеуге, смартфондарды пайдаланбауға, сақал-мұртты қырып тастауға, бетке ласион жағып жүруге үгіттейді. Бұл жағдайлар батыс қоғамында олардың байқалмауына септеседі деп жазылған.

"Мемлекет болғың келсе, мұнайыңды теңгемен сат" - Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы бүгін 372,58 теңгені құрады. Бұл Қазақстанның Ұлттық банкінің дүйсенбі, қаңтардың 18-не белгілеген ресми бағамынан 11,68 теңгеге қымбат. Алматының валюта айырбастау бекеттерінде доллар 375 теңгеден сатылуда. Теңге мұнайдың арзандауының әсерінен әлсіреуде. Brent маркалы мұнайдың баррелі әлем нарықтарында Ираннан санкциялар алынып тасталған соң одан әрі құлдырауда. Қош! Тәуелсіз елдің теңгесіне төнген қауіпті сейілту үшін не істеу керек? Бұл сұраққа экономика сарапшысы Мақсат Сералы былай жауап береді.

RAS.KZ. "Белград неге екіжүзді ойын жүргізіп отыр?" - Осы кезге дейін Ресейге адалдығын айтып, ант-су ішіп келген Сербия басшылығы сонымен бірге НАТО әскери-саяси альянсымен интеграцияға түсуге де ұмтылып келеді екен. Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады.

19 қаңтар 2016, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.