SERKE.ORG. "Мәмбеталин-Нарымбаев ісіндегі ұлтшылдардың рөлі" - ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы алауыздық тудыру) бойынша айыпталған Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевқа қатысты Алматының Алмалы аудандық сотында жаңа жайттар белгілі болды. Қаралып жатқан істе айыптаушы жақтың сөзін қуаттайтын «Қазақ ұлттық кеңесінің» төрағасы Мұхтар Шахановтың орынбасарларының бірі Еркін Рақышев (2-сурет) пен «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының жетекшісі Гүлбаһрам Жүнісова (3-сурет) куә ретінде тіркелген екен. Бірақ, олар жазатын арыздарын жазып алып, Мәмбеталин мен Нарымбаевқа қарсы сөз сөйлеуден қашқақтап, сотқа келмей жүр. Мұны сотты сыйламау ретінде бағалаған судья Жарылқасова прокурорға Рақышев пен Жүнісованы сотқа мәжбірлеп әкелуді тапсырды.
ULT.KZ. "Барлық пен Ноғаев текетіресі тәмам болды ма?" - Өткен жылдың соңы оралдықтар үшiн ғана емес жалпақ Қазақстан үшiн де ерекше жаңалықпен аяқталды. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы iрi бизнесмендердiң бiрi Барлық Меңдiғазиев жиырма жыл бойы құрған жеке бизнесiнен бас тартып, оны 180 адамдық ұжымының иелiгiне бердi. Бизнесмендi құны 40 миллион долларға бағаланған жеке кәсiбiн жұмысшыларға сыйлауға не мәжбүрледi?
"Орал мен Сібірге орда тіккен қазақтар" - Біздер, қалам ұстап жүрген ағайындар көбіне-көп кереғар пікір білдіруге жақын тұрамыз. Жасыратыны жоқ, қазір анау да жаман, мынау да жаман деген сөздер көп айтылады. Көршілес жатқан қырғыз бен өзбекті де, солтүстігіміздегі орысты да оңдырмаймыз. Бірақ кешегі бір аласапыранды замандарда ата-бабаларымыз осы үш елдің бауырына тығылып, пана тапқанын көбіне-көп еске ала бермейтініміз тағы бар. Ашаршылық жылдары оңтүстік өңірдегі есі кеткен ел қырғыз бен өзбекке қарай ағылғанын әркім біледі. Отыз жетінің қуғын-сүргінінде талайлар тағы да сол жаққа кетіп жан сақтап қалған. Ал, ашаршылық жылдары бүгінгі Қостанай, Көкшетау, Кереку жерінен босып кеткен ел Ресейдің іргелес аймақтарына барып, жан сақтағаны тағы да рас. Тіпті Кереку мен Баян өңірінен ауған халықтың алды Сахалин аралдары мен Чукотка түбегіне дейін барған екен. Осындай еріксіз елден кеткен қазақтардың ұрпақтары Ресей жерінде, атап айтсақ, Орал мен Сібір өңірінде әлі де тұрып жатыр.
KASAKHSTANZAMAN.KZ. "Ислам жәдігерлерін жойып жатқан кімдер?" - Иә, көне мұралары бар ел бай. Байырғы дүниені сақтай білу — ұлттық қадір-қасиетті сақтау деген сөз. Алайда адамзат баласы бағзы заманның жәдігерлерін қорғамақ түгілі ықылым замандағы ғұламалардан қалған бірегей қолжазбалардың,тіпті Пайғамбарға тиесілі архитектуралық нысандардың қасақана жойылуына жол беруде. Бұл жер бетіндегі екі аяқтылардың қадір-қасиеттен айырылып бара жатқанын көрсетпей ме? «Ескіліктің қалдығы ретінде көне кітаптардың көзін жойып, мешіттердің ашылуына рұқсат бермеді, дінсіздікті уағыздады» деп, Кеңес Үкіметін кінәлаймыз. Бүгінде Кеңестер Одағы тәрізді дінді мойындамайтын империя жоқ десек те, дінді бетке ұстаған, мұсылман өркениетінің қара шаңырағы саналатын елдердің өзі атамзаманнан жеткен мұсылман мұраларын көпе-көрнеу қиратуда. Және оған тосқауыл қойып жатқан да ешкім жоқ. Бір елдің ғана тарихына қатысты емес, бүкіл адамзат үшін аса маңызды саналатын мұсылман өркениетінің көне үлгілерін жаппай жою әрекеттері ислам дінді елдерде жиілеп кетуінің себебі неде?
QAMSHY.KZ. "Қазақ тілінің қанат жаюына саяси элита кедергі болып отыр" - Қазақ тілінің мәселесі тәуелсіздік алғалы бері биік мінберлерден бір түскен емес. Алайда, соған қарамастан әлі күнге дейін мемлекеттік тілдің мәселесі бір жақты шешілген жоқ. Оның үстіне соңғы кездері «қазақ тілінің жағдайы жақсы, босқа байбалам сала бермейік» дейтін пікірдегі азаматтар пайда болды. Шын мәнісінде қазақ тіліне байланысты ешқандай мәселе жоқ па?
ABAI.KZ. "Қазақфильмде не болып жатыр?" - Кешелі бері Қазақфильм АҚ-ның ауласынан алып-қашты сөз шығып жатыр. Бастапқыда көп қауесеттің бірі шығар дегенімізше болған жоқ, режисcер Жанна Иманбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Қазақфильмде болып жатқан тосын жайттың бетін ашып тастады. Жанна ханымның жазуы бойынша, Қазақфильмнің киностудиосына атқарушы директор болып ресейлік Бажин деген біреу келіп жатқан көрінеді. Мәселенің мән-жайын нақтылай түсу үшін Vlast.kz сайтының тілшісі Қазақфильм АҚ-ның президенті Бақыт Қайырбеков мырзаға (суретте) хабарласады. Тап қазіргі уақытта шетелдердің бірінде ем қабылдап жатқан Бақыт Ғафуұлы қоңырау соққан тілшіге таң қала отырып, мән-жайды баян етеді.
"Исатай батыр қайда жерленген?" - Осыдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбе облысы, Қобда ауданындағы Шейітсайда Исатай батырға арнап кесене орнатылған болатын. Бірақ батырдың жамбасы тиген жер төңірегіндегі дау әлі тиылар емес. Ақтөбе облыстық "Ақтөбе" газетінің редакциясына Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, зерттеуші Ғаділше Өтебәлінің белгілі тарихшы Зәкіратдин Байдосовқа жазған хаты келді. "Біз хатты жариялай отырып, тарихшы ағамыздан жауап күтеміз. Өзге де тарихшылардың, зерттеушілердің пікірлері болса, көпшілік назарына ұсынуға әзірміз" деп жазады аталған газет http://www.aktobegazeti.kz/?p=35409.
"Тілді менсінбеген Сәрінжіпов үшін сенатор неге сөз естуі керек?" - Білім министрінен қазақша сөйлеуді талап еткен сенатор Сәрсенбай Еңсегенов спикер Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөз естіді. Бұл туралы «abai.kz» порталы «КТК» арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Еліміздің бас педагогы Аслан Сәрінжіпов мырза Парламенттің жоғарғы палатасының кезекті отырысында ресми баяндамасын ресми тілде жасаған. Бұл министр мырзаның мемлекеттік тілді менсінбегені ме, әлде сенатта «союздың» тілімен сөйлеу керек деген арнайы ереже бар ма, белгісіз... Баяндамасын орыс тілінде жасаған Білім министрін спикер Тоқаевтың өзі жақтап, әріптесінің аузын аштырған жоқ.
AZATTYQ.ORG. "Ресей вице-премьерін уәде бұзбауға шақырды" - 2012 жылы Ресей премьер-министрі орынбасары Рогозин «Восточный» ғарыш айлағы 2015 жылы жұмыс істемесе «тісімді жұлып берейін» деп мәлімдеген. Енді әлеуметтік желіде оны сөзінде тұруға шақырды.
"Бас бапкерді таңдауға жанкүйерлер «қызықпады»" - ҚФФ-ның Қазақстан футбол құрамасы бапкерін жанкүйермен бірге таңдау бастамасы іске аспай қалды. 50 мың адам қатысуы тиіс сауалнамаға жауап бергендер саны үш мыңға жетпеді. Шара «жолсыз жоба» атанды.
TENGRINEWS.KZ. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларына өтемақының алғашқы бөлігі шілдеде төленеді" - "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшылары өтемақының алғашқы бөлігін шілдеде алады, - деп хабарлайды Primeminister.kz. "Өтемақылар 2016 жылдың шілдесінде және 2017 жылдың қазанында екі транш арқылы төленеді. Өтемақылардың көлемі 35,5 пайызды құрайды", - деді Досаев ОКҚ брифингінде.
TURKYSTAN.KZ. "Қолжетімді несие алу бір арман" - Қазақстан банктеріне 4,5 триллион теңге қайтарылмаған. Неге? Елімізде банктерден несие алып, шаруасын жеңілдетуге тырысатын жандардың қатары көп. Олардың басым бөлігі жылдар бойы банктен алған қарызын қайтара алмай әбігерге түседі. Сондықтан болар, Қазақстан қайтарымсыз несиелер саны бойынша әлем елдері арасынан бірінші орынға шығыпты. Бүгінде халықтың банктерге қайтармай отырған қарызы 4,5 триллион теңгеден асып кеткен.
"Орталық Азия мен Араб елдерiнде өсетін 10 түрлі сексеулдің үшеуі қазақ жерінде" - Қазақстан жерінің 9,7 пайызын орман қоры құрайды десек, оның басым бөлігі, нақтырақ айтқанда, 48 пайызы сексеуіл тоғайларының еншісінде. Құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, қатты ағаш тұқымдас өсiмдiктің Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi.
"Салық төлеуді қиынсынған қалталылар" - Алматы қаласы, Алатау ауданының мемлекеттік кіріс басқармасының маманы Ғалым Үсіповпен салық төлемеген адамдардың үйін араладық. Бұл жолға бағытымыз – Айгерім-1 шағын ауданы. Мұнда бай-қуатты жандардың тұратындығын еңсесі биік зәулім үйлер мен котедждер айтқызбай-ақ білдіріп тұр. 2014 жылы Салық кодексіне өзгеріс енгізіліп, міндетті төлем екі есеге өскелі бері сәулетті, қымбат баспананың кейбір иесі салықты уақытылы төлемейтін болған.
"Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға ашық хат" - Сізбен аралас-құралас жандар есіміңізді сыпайылап қалай атайтынын білмедім де, өзімше осылай жөн шығар дедім, егер ыңғайсыздау болса, кешіріңіз. Сондай-ақ, өнегелі өнеріңіз үшін алған атақтарыңызды тізіп жазбадым, баршаға белгіліні қайталай беру де қажет емес қой.
"Долларға тәуелді болмаудың жолы көп" - 2015 жылдың соңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирел атындағы университетке арнайы атбасын бұрып, студенттер мен оқытушы қауымның көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Ең әуелі, Алматы облысының саяси-әлеуметтік ахуалына тоқталған ол теңгеге деген сенімділікті арттыру және дедолларизация жасаудың амалдары отандық өндірісті дамыту дегенге маңыз берді.
AIKYN.KZ. "Сарапшылар бағасы" - Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары мерзімінен бұрын өтетін Мәжіліс сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын жағымды сипатта қарсы алды. Бұлай болуы түсінікті де. Өйткені жаһандық дағдарыс ғаламды дендеген сәтте біз жедел амалдармен қарсы тұруымыз қажет. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі жедел ақпарат алысымен, БАҚ пен әлеуметтік желідегі әріптестер өз пікірін айқын білдіре бастады. Жалпы барлығы да қолдайды. Өйткені мұның себептері де бар. Сұрақты «мерзімінен бұрын өтетін сайлау Қазақстанға не береді?» деген тұрғыда қояр болсақ, жауап дайын және қисынды.
ZHASALASH.KZ. "Театр тобырды халыққа айналдырады" - 13 қаңтар– қазақ ұлттық кәсiби сахна өнерiнiң қара шаңырағы деп саналатын Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының туған күнi. Кеше, яғни 2016 жылдың 13 қаңтарында елiмiздегi осынау даңқты театрдың шаңырақ көтергенiне дәл 90 жыл толды. “Театр тобырды халыққа айналдырады" дейдi Томас Манн. Немiс ойшылы бұл жерде театрдың қоғамдағы орны мен қызметiн ғана айтып тұрған жоқ, сонымен бiрге театрдың мiндетi мен мақсатын да белгiлеп берiп отыр. Шынында да, шын кәсiби театр тобырды халыққа айналдырады, яғни көрерменнiң iшкi дүниесi мен жан жүйесiне әсер ете отырып, оның адамдық болмысын қалыптастырады, ұлттық санасын биiктетедi, азаматтық ұстанымын орнықтырады.
"Үрей буды" - Мұнай бағасы арзандаған сайын теңге бағамы да тербелiп, құлдырау үстiнде. Қара алтын баррелiнiң құны 31-ге түсiп едi, теңгенiң долларға шаққандағы бағамы Қазақстан қор биржасындағы сейсенбiлiк сауда кезiнде 367 теңгеден асып түстi. Айырбастау пункттерi сол күнi долларды 370 теңгеден сата бастаған.