TENGRINEWS.KZ. "Палата тараса Мәжіліс депутаттарына қанша ақша төленеді" - Төменгі палата тараған жадайда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына жалақының үш айдан аспайтын мөлшерінде жәрдемақы төленіп отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Теңгенің 100 пайызға құлдырауы баспана нарығына қалай әсер етті" - "Крыша" сайтының мамандары теңгенің жүз пайызға құлдырауы баспана нарығына қалай әсер еткенін айтып берді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда теңге 102 пайызға құлдырады, девальвацияның 95,2 пайызы теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін, яғни соңғы жарты жылда болды. Еске салайық, 2015 жыл 340 теңге көрсеткішімен аяқталған еді.
NUR.KZ. "Назарбаевтан өздерін таратуды сұраған депутаттар жайлы орынтақтарына қайта оралғысы келеді" - Көпшілік болжағандай, мәжіліс мерзімінен бұрын тарағысы келетінін жариялады. Депутаттар бүгін тіпті президентке үндеу жазып үлгерді. Сөйтіп елбасыдан кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді сұрап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.
"Ақтөбе облысында оқушы қыздар қап-қара никабпен бүркеніп, 13-14-тегі ер бала сақал жіберуге талпынуда" - Осыдан бір ай бұрын Ақтөбеге бас имам болып келген Нұрлан Асанов “өңірдегі діни ахуалға жүрегі қатты ауыратынын" айтады. Бас имамның сөзіне қарағанда, Ақтөбеде қазір теріс ағым жетегінде жүрген екі мыңнан астам адам бар деп хабарлайды Керек-инфо.
AZATTYQ.ORG. "Рахмон өзі мен ұлы үшін Тәжікстан конституциясын өзгерте ме?" - Тәжікстан депутаттары конституцияға өзгерістер енгізуге ұсыныс жасады. Яғни президент сайлауына түсу үшін адамның жасына қойылған шектеулер төмендетіліп, Рахмонның президенттік мерзімі ұзартылмақ. Сарапшылар «президент мұны өзі мен баласы үшін жасамақ» деп болжайды.
"Біләлов: «Бұл – қылмыстық емес, саяси іс»" - Астанада «алауыздық тудырды» деп айыпталған құқық қорғаушы, «Антигептил» тобының белсендісі Болатбек Біләловтің соты басталды.
"Обаманың «Украина - Ресейдің қуыршағы» дегені көпті таңырқатты" - АҚШ президенті Барак Обама Украинаны «Ресейдің қуыршағы» атап, көпшілікті таң-тамаша қалдырды. Вашингтонның сыртқы саясаты өзгерді ме, әлде бұл президенттің байқаусызда жіберген қателігі ме?
"Әзербайжанда жұмыссыз ел толқи бастады" - Елдің бірнеше аймағында жұмыссыздық пен бағаның өсуіне наразы тұрғындар наразылық танытып, Баку әскер қолдануға мәжбүр болды.
QAMSHY.KZ. "Қазақстан әлемдегі аш елдер рейтингінде 16-орынды иеленді" - Қазақстан Халықаралық сауда-саттық саясатын зерттеу институты (ХССЗИ) құрған әлем бойынша ең ашыққан елдер рейтингінде 16-орынды иеленді. Global Hunger Index рейтингісіне сәйкес, Қазақстанда халықтың 2,5 пайызы күнделікті нанын таппай отыр.
"Мәсімов үкіметін сынаған Берік Өтемұрат қызметінен қуылды" - «Ұлттық қордағы қаражат 6-7 жылда таусылады» деп сұхбат берген Берік Өтемұрат қызметінен босатылды. Шындықты айтқаны үшін ол «ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басшысы қызметінен қуылып отыр. Ал оның орнына іле-шала Есжан Біртанов тағайындалды. Бір қарағанда бұл мәселеге баса назар аударудың қажеті жоқ сияқты. Алайда, Берік Өтемұраттың әрекетін назардан тыс қалдыруға әсте болмайды.
"Астана әкімі Ресей банкін сатып алды" - Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ресейлік банктің 80% акциясының қожайыны болды. Бұл хабарды бүгін bk55.ru порталы таратты.
ABAI.KZ. "Екі ұсыныс" - Әділ сайлаудың бірнеше бұлжымас шарттары бар. Соның бірі – сайлаудың заңда белгіленген мерзімде өткізілуі. Бұл шарт – биліктің сан түрлі сылтау айтып, өздеріне керек кезде Парламентті таратып, кезектен тыс сайлау өткізуге тырысуына немесе өздеріне қолайлы депутаттардың мерзімін ұзартуға қойылған нақты тосқауыл. Жер сілкініп, топан су қаптаса да, сайлау бегілеген мерзімде өтуі тиіс.
"Парламент сайлауы: додадағы депутаттар деп жатыр..." - Күні кеше ғана ҚР Мәжілісі депутаттары бесінші шақырылымдағы парламентті тарату туралы Мемлекет басшысына ұсыныс білдірді. Бұл туралы сайтымыз алғашқылардың бірі болып хабарлады. Алайда мәжілістің ұсынысы әлі толық мақұлданған жоқ. Әрине, соңғы шешімді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдайды.
ARHAR.KZ. "Асхат Қасенғали, саясаттанушы: Терроризмнің келесі эволюциясы — өз ұстанымдарын әлемдік идеологияға айналдыру" - Сіз білесіз бе, мен сізге терроризмнің ғылыми немесе классикалық тұжырымын айтпай-ақ қояйын, ол түсінікті жайт. Мен терроризмнің қазіргі таңдағы қандай маңызға ие екендігін айтайын, сол арқылы терроризмнің не екенін түсінуге болады. Терроризм — ол күш, ол тек қана өткенді көксетіп, бәзбіреулерге кешегі кезеңді аңсатып, қолдарына қару ұстата алатын және сол арқылы өз мүддесін іске асырып отырған, әлемдік дәрежедегі ірі ойыншылар мен үлкен күштердің – қаруы мен қысым тобы. Яғни терроризм, державалардың экономикалық, саяси және геосаяси мүдделерін іске асырып отыратын «сыртқы істердің заңсыз саяси бюросы».
ZHASALASH.KZ. "Қош, Мәжiлiс, артыңа қарама!" - Бұл қазақтың бiлмейтiнi жоқ. Президент сайлауы едел-жедел өтiп, Назарбаев тақымын “нықтап" алған соң-ақ дүйiм жұрттың назары Мәжiлiске ауған. “Ендi парламент тарайды" деген әңгiменi сол тұста басқаны қойып, ауылдағы келiн-кепшiкке дейiн айтып жүрдi. Қиырдағы сыпсың сөздiң ұшығы Астанаға жеткенде Мәжiлiс депутаты Тұрсынбек Өмiрзақов оны шөпауыз әйелдердiң өсегiне теңеп, ел iшiндегi ызыңға “тойтарыс" бергендей болған. Бiрақ көптiң көкейiндегi күмән бәрiбiр сейiлген жоқ. Мiне, ендi ол ақыры шындыққа айналды. Кеткiсi келiп тыпыршыған депутаттардың президентке жасаған өтiнiшi кеше Владислав Косаревтiң аузынан атқып шықты.
"Теңгенi «тiрiдей көмгiсi» келгендердiң көксегенi не?" - Өз елiндегi экономикалық дағдарысқа мұхиттың ар жағындағы алпауыт мемлекеттiң валютасын кiнәлап, тығырықтан шығудың жолы ретiнде құты қашқан көршiсiнiң құны кеткен ақшасына көшудi ұсынғанды кiм дер едiңiз? Бұл ақыл-есi кемдеу адамның сандырағы немесе өз елiне опасыздық ойлаған жанның сөзiне ұқсары анық. Теңгенi тiрiдей көмiп, Ресейдiң рублiне өтудi ұсынған бизнесмен Талғат Акуовты ақылынан адасқан деп айта алмаймыз, отанын сатты деген ауыр айып тағудан да аулақпыз. Алайда кәсiпкерлердiң тәуелсiз қауымдастығының басшысы тәуелсiз елдiң нышанынан өз еркiмiзбен бас тартуды ұсынса не деймiз?
"«Ендi мен Қазақстанда бизнеспен айналыспаймын»" - Өткен жылдың соңы оралдықтар үшiн ғана емес жалпақ Қазақстан үшiн де ерекше жаңалықпен аяқталды. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы iрi бизнесмендердiң бiрi Барлық Меңдiғазиев жиырма жыл бойы құрған жеке бизнесiнен бас тартып, оны 180 адамдық ұжымының иелiгiне бердi. Бизнесмендi құны 40 миллион долларға бағаланған жеке кәсiбiн жұмысшыларға сыйлауға не мәжбүрледi?
EGEMEN.KZ. "Босқындар мәселесі ушығып барады" - Қаңтардың 11-і күні Германияның Лейпциг қаласында антиисламдық ПЕГИДА қозғалысының бастамасымен бірнеше мың адам қатысқан мигранттарға қарсы шеру өтті. Бұл шеру жаңа жыл қарсаңында Кельн қаласында мигранттардың әйелдерге тиісуінен кейін орын алды. Сондықтан, полиция өкілдері бұл мәселеге негізінен мигранттар жауапты деп отыр.
"Ақша… ақша… ақша…" - Осы заманғы адамның өмір сүруі мен әрекет етуінің ажырамас құралдарының бірі – ақша. Ауа мен су қаншалықты қажет болса, ақша да адамға соншалықты қажет. Алдыңғылардың бәрі – Құдайдың берген несібесі болса, ақшаны адам қолдан жасайды, бірақ маңызы олардан бір де кем емес. Өйткені, ақша – тамақ, ақша – киім, ақша – денсаулық, ақша – білім… Бәр-бәрі ақша. КСРО-ның идеологиясы ақшадан тежелуге, құмар болмауға, елікпеуге үндесе, қазіргі өмірде ақшаны мол тап, барынша көп ал дейтін идеологияға жерік болдық. Бұл да дұрыс шығар, тек әйтеуір ақшаға құл болмасақ болды. «Бәрін ақша шешеді», деп айғайлайтын да замандастарымыз бар, алайда бұл философияның ұшқарылығын дәлелдеудің қажеті жоқ шығар. Өйткені, ақша адамзат үшін материалдық демеу болғанымен, ешқашан рухани құндылық болмайды. Сондықтан, оның қарымы шолақ…
AIKYN.KZ. "Дін тақырыбы науқандық сипатта қозғалып жүр" - Оңғар ӨМІРБЕК, ҚМДБ-ның төл басылымы – «Иман» журналының Бас редакторы: Діни білімі болмаған соң шығар, бұл тақырыпқа қалам тартатындары өте аз. Мұны кейбір әріптесіммен әңгіме үстінде де байқаймын. Кібіртіктеп, күмілжиді де қалады. Дін тақырыбына тісі батпайды. Мәзһабтар мен радикалды ағымдардың аражігін айыра алмайды. Ал жалпы діннің насихатпен тарайтыны белгілі. Бұл насихат тек діндарлардың ғана шаруасы дейтін біржақты қасаң түсінікті өзгертетін уақыт әлдеқашан жетті.