NUR.KZ. "Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл ақыры қысқармайтын болды" - Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл ақыры қысқармайтын болды. Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов «жүргізушілерге жазаны жеңілдетейік» деген мәжілісмендердің ұсынысын елеген жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.
"Қазақ халқы 100 жыл бұрын қалай өмір сүрді?" - Қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрі, киіну үрдісі мен шаруашылығы жайлы тарихи деректерде көп жазылған. Алайда, ертедегі ата-бабаларымыздың тұрмысы бейнеленген материалдар мен фотосуреттер жоқтың қасы. NUR.KZ назарларыңызға эксклюзивті суреттерді ұсынады.
AZATTYQ.ORG. "Мұнайдың арзандауы бюджетке әсер ете ме?" - Әлемдік биржаларда мұнайдың баррелінің бағасы 31 долларға түсті. Сарапшылар биылғы бюджетін «бір баррель мұнай 40 доллар болады» деген есепке құрған Қазақстанға бұл өзгеріс қалай әсер етерін сипаттайды.
"Голландиялық футболшы қазақ кері қайтты" - Шымкенттік «Қыран» клубының үздік футболшысы атанған Мұрат Өнал «Қазақстан азаматтығын ала алмай, ұлттық құрамаға шақырылмаған соң Голландияға қайтқанын» айтады.
"Мәжіліс президенттен өзін таратуды сұрады" - Мәжіліс өзін таратып, елде кезектен тыс парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен бірге өткізуді президенттен сұрады. Сарапшылар билік жүйесінде түбегейлі реформалар жүргізілмейінше, парламент қолбала қалпында қала береді деп санайды.
QAMSHY.KZ. "Парламент сайлауы: қазақ оппозициясының қауқары қандай?" - Биыл Парламент сайлауы өтеді деген әңгіме өткен жылы шыққан еді. Билік пен ресми тұлғалар бұл сұрақты айналып өтуге тырысып, қандай да бір пікір білдіруге құлықсыздық танытты. Қайта бұл тақырыпты жасырып, жабу ұстанымын ұстанғандай болды. Ал, бүгін Мәжіліс депутаттары Президенттің «Ұлт жоспарын» жүзеге асыру үшін халықтың сенім мандатын анықтап алу керек деп, өздерін таратутуралы Үндеу жариялады. Сонымен, жақын күндері Президент Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қояды.
"Сауд Арабиясы батыс алпауыттарының қуыршағы болып отыр" - Жуырда Сауд Арабиясы танымал уағызшы шейх Нимр Бакр әл-Нимр бастаған шейіттердің 46 өкілін дарға асты. Міне, осы өлім жазасынан кейін арабтар мен парсылардың арасындағы жағдай ушығып кетті. Нақтырақ айтсақ, аталған оқиғадан кейін Сауд Арабиясының Ирандағы елшілігіне парсылар шабуыл жасады. Бір қызығы әлем елдері 46 адамның өлім жазасына кесілгеніне емес, дәл осы мәселеге айрықша назар аударуда.
SERKE.ORG. "Журналистердің журналистерді сатып кетуі жөн бе?" - «Қазкоммерцбанкке» жала жабу ісі бойынша қамауға алынып, кейін кепіл ақша беріп босап шығып, банк басшыларынан кешірім сұраған журналист Рафаэль Балғиннің арнайылап өткізген баспасөз мәслихаты көп мәселенің басын ашып берді. «Қазкоммерцбанкке» ақпараттық соққы беру ісіне әбілязовшіл «Республика» және «Накануне» сайттарының қызметкерлері ғана емес, «Деловая неделя» газетінің бас редакторы Махамбет Әуезов та қатысыпты. Ол «Қазкоммерцбанкке» өшігіп жүрген кәсіпкер Таир Қалдыбаевтың тапсырысын (материалдар мен тапсырысқа бөлінген ақшаны) Балғинге беріп отырған. Ол ақшаның бір бөлігін әбілязовшіл сайттардың осындағы әкімшілік жетекшісі Гузяль Байдалиноваға, тағы бір бөлігін сайттардың Лондонда тұратын шынайы қожайыны Ирина Петрушоваға жеткізіп берген. Баспасөз мәслихатында осындай мәліметтерді жария еткен Балғин мен Әуезовтің әңгімесі барысында қазақ журналистикасына тән, бірақ бұған дейін мойындалмай келген біраз гәптің басы ашылды. Мұнда өз басын арашалап алу үшін барлық бәлені сыбайласына аудара салатын сатқындық та, кәсібіне немқұрайлылықпен қарау да, ақшасы төленсе ойланбастан біреуге жала жаба салатын тасада тұрып тас ату да бар. Ең бастысы, «журналистер халықтың ғана қамын ойлайды, шындық үшін шырқырайды» деген мифтің талқаны шықты, «журналистер «кімнің тарысы піссе, соның тауығы» екені, «журналистика саясаттың қолжаулығы» екені тағы бір мәрте дәлелін тапты.
ABAI.KZ. ""Үлкен қазақ" ұлтына қалай айналамыз?" - Экономикасы кенжелеген ел ілгерілеп дамымайды. Экономикалық өсім әлеуметтік ахуалға негіз салады. Экономикалық дамудың кепілдігі, экономикалық дамудың мотивациясын қалыптастырады. Бұл жағдайды қамтамасыз ету үшін тиісті экономикалық модельді таңдау жауапты іс. Адамзат тарихында бірнеше дамудың альтернативалық жолы белгілі. Ол классикалық нарық моделі, жартылай (паллиативтік) нарықтық қалып және нарықты бөтенсітетін – нарықсыз модель.
"Массон Афғани мен Абдухты оқыту елімізге қажет пе?" - Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары бойынша «Мәдени мұра» мемлекттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі М.Әшімбаев төрағалық ететін қоғамдық кеңес дайындауымен «Жазушы» баспасынан (Алматы, 2008 ж.) жарық көрген жиырма томдық «Әлемдік философиялық мұраның» он тоғызыншы томы «Қазіргі мұсылман философиясы» студенттер мен магистранттарға оқу құралы ретінде оқытыла бастағанына біршама уақыт болды.
"Жаңа парламент жасақталады. Ыңғай пенсионерлерден..." - Бүгін Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан мәжлісті мерзімінен бұрын таратуды сұраған. Бұл туралы «abai.kz» порталы «Азаттықа» сілтеме жасай отырып хабарлайды. Мәжілістің бүгінгі отырысында парламенттегі үш саяси партия – «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы» фракциялары атынан депутат Владислав Косарев мырза бесінші шақырылымдағы парламентті таратып, оның орнына жаңа сайлау өткізуді сұраған.
ZHASALASH.KZ. "Ханталапайға қатысатындар кiмдер екенiн кезектi жекешелендiру көрсетедi" - Дағдарыс алқымнан алып, қымбатшылық қарашаны қысқан, теңгемiз шетелдiк валюталардың алдында тiзерлеген тұста, билiк не iстедi? Ескi тәсiлдi тағы қолданды. Қолда қалғанды сатуға кiрiстi. Қазақстанда кезектi жекешелендiрудi бастады. Ауқымды шара мемлекеттiң жыртық бюджетiн жамауға қажет қаржы көзiн табу үшiн бе, әлде мемлекеттiң үлесiн азайту арқылы экономиканы басқаруды оңтайландыру мақсатында жасала ма, ол арасын ашып айтқан ешкiм жоқ.
"Қайым Мұхамедханов: Әдебиеттi қорлауға болмайды" - Халқымыздың аяулы ұлы, аса көрнектi әдебиетшi-ғалым, сыншы, драматург Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толды.