Атырау, 19 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Текетiрестiң ұшқыны дiни соғысқа ұласып жүрмесе". "Путин: бір тарихи персонаждың ішкі және сыртқы саясатына шолу". "Махалладағы бала тәрбиесі немесе өзбекті өзбек еткен «құпия»". "Евгений Кочетов, экономист: Ұлттық банктің айтқанын керісінше істеу керек"

2 081 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қадыров мұнай компаниясын Мәскеуден қайтарып алды" - Кремльдің «Чеченнефтехимпром» компаниясын Шешенстан иелегіне беруі Ресейдің өзге аймақтарын да өз «үлестерін» талап етуге итермелеуі мүмкін. Кейбір сарапшылар Мәскеу қаржы тапшылығы кезінде Шешенстанды алдарқата тұрмақ дейді.

"«Бек Эйр» дауына енді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы араласты" - «Бек Эйр» авиакомпаниясы мен азаматтық авиация комитетінің дауына енді кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы араласты. Әлеуметтік желіде қарапайым азаматтар да үн қосқан дау әзірге шешілмей тұр.

SERKE.ORG. "Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық ахуалы артады" - Елбасының биылғы тамыз айының басында Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімін сайлағаны белгілі. Мемлекет басшысы Бейбіт Атамқұловты таныстыра келіп, оның түрлі басқару салаларындағы жұмыс тәжірибесін, білім деңгейінің жоғарылығын атап өтті және өңірдің алдына қойған міндеттерді оның игере алатынына сенім білдірді. Ия, жаңа басшыға қойылар талап та, айтылар сын да қашанда көп болары белгілі. Міне, арада 5 айға жуық уақыт өте шығыпты... Сонымен Елбасы өзі сеніп тапсырған аймаққа жаңа әкім қандай тың дүниелер әкеп үлгерді ... ОҚО облысы 2016 жылды қандай жетістіктермен қарсы алмақшы? Өткен жыл несімен қайырлы болды?

ZHASALASH.KZ. "Жарнамасы тоқтаса, жарапазаны да жоғалады" - Инвестициялар және даму министрлiгiне қарасты байланыс комитетi елiмiзге хабар тарататын шетелдiк телеарналардағы жарнамаларды “ке­­суге" қажет құрал-жабдықты орнатудың шектi мер­зiмiн шiлденiң 1-iне дейiн ұзарт­ты.

"Текетiрестiң ұшқыны дiни соғысқа ұласып жүрмесе" - Қарым-қатынасы бұрыннан аса мәз емес екi мемлекет – Сауд Арабиясы мен Иранның арасына сызат түсуi алыс-жақын жердегi Таяу Шығыс және Африка елдерiн қақ жарды. Иран мен Сауд Арабиясының ашық текетiресi аймақтағы ғана емес, әлемдегi ахуалға әсер етерi сөзсiз.

"Өткен жылдың өрескел ұсыныстары" - Жаңа жылдық шырша да, мерекеден кейiнгi демалыс та ұмыттыра алмайтын дүниелер болады. Бiз солардың қатарына өткен жылы әлдекiмдердiң аузынан шыққан өрескел ұсыныстарды да қосқанды жөн көрiп отырмыз. Өйткенi қымбатшылық қысқан халықты қияңқы ұсыныстарымен қажағандар аз болған жоқ. Олардың бiрқа­тарынан президентке жағыну мен жеке басқа табынудың жиiркенiштi белгiсi аңдалса, ендi бiреуiнен “жаназасы" 25 жыл бұрын шығып кеткен кеңестiк кезеңдi көксеудiң дәмесi аңға­рылды. Тiптi қазақты ұлттық құндылығынан айырғысы ке­летiндер де өз ойларын ұсыныстың ыңғайына “орап" жеткiздi. Бұлардың бәрiне ортақ бiр ғана нәрсе бар: ол – халықтың шамына тию немесе көптiң “тамырын басып" көру. Бiз солардың iшi­нен ең өрескелi осы-ау деген бесеуiн iрiктеп алып, жұрт назарына ұсынғанды жөн көрдiк. Не үшiн? “Айтылған сөз – атылған оқ" екенiн, оны қайтару мүмкiн емес екенiн, жұртқа жақпайтын, көпке ұнамайтын жағымпаздықты, ел тәуелсiздiгiне нұқсан кел­тiретiн пiкiрсымақтарды халық ешқашан ұмытпайтынын әлдебi­реулердiң есiне салу үшiн!

"Имитация және емексiту" - Неге екенiн кiм бiлсiн, әйтеуiр бiздiң қазақ кiрме сөздердi өте баяу қабылдайды. Әсiресе билiк тарапынан айтылған “модный" сөздердiң мәнiн ұғып болғанша кейде айлар емес, жылдар өтедi. Бiр қызығы, жоғарыдан тарайтын көп-көрiм сөздердiң соңы көбiнесе “ция" деген жалғаумен аяқталып жүр. Оның ендi жақсысы да, жаманы да бар. Кейбiрiн халық түсiндi, кейбiрiн әлi ұққан жоқ. Мәселен, күнi кеше президент “имитация" деген бiр сөздi айтқаны сол едi, қыр қазағы иығын қиқаң еткiзiп, бiрiнiң бетiне бiрi қарады. Мұнысы – “бұл не тағы?" дегенi. Ертең “Жас Алаштың" бетiне қарағанда да түк таппай жүрмесiн деген оймен iзiн суытпай осы тақырыпқа “килiккендi" жөн көрiп отырмыз. Индустриализациядан имитацияға дейiнгi қаптаған “...цияны" түсiндiрмек үшiн қаламның сиясын аяймыз ба, ендi...

NUR.KZ. "Теңге бағамы өзінің тарихи минимумын жаңғыртты" - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Нәтижесінде теңге өзінің тарихи минимумын жаңғыртып, орташа сараланған бағам долларына 351,85 теңге болды.

NAMYS.KZ. "Махалладағы бала тәрбиесі немесе өзбекті өзбек еткен «құпия»" - Кеңес тұсында әскерде болған, яғни, «армияға барған» дегеніңіз жастар арасында кәдімгідей бедел еді. Ол тұста әскерге бармаған бозбала «өмір көрмеген саналады». Жолыға қалған бейтаныс жігіттерді сол «армияның әңгімесі» достастырып жатады. Қысқасы, «армия әңгімесі» таусылып бітпейтін жыр еді ғой. Бір ғажабы, сонда әскерде еден жуатын да, аспаз болатын да, қорқақ болып екі жыл таяқ жейтін де, «ең масқарасы» орысша білмейтін де кілең өзбек жігіттері болады. КСРО көлемі былай тұрсын, ту сонау Германияда, Польшада, Чехословакияда «служиттап» (әскери борышын өтеудің ауызша айтылымы) келгендердің айтуы біркелкі шығатын. Сол баяғы «өзбектер өлімші болды, екі жылда орысшаны зорға үйреттік» деп қазақ жігіттерінің ылғи танаулары делдиіп отырғаны. Мұндайда, «оу, өзбектер сондай сорлы халық па еді?» деп таң қалатынбыз. Сөйтсек, мәселенің бәрі махаллада жатыр екен ғой. Кеңес тұсында да өзбектің өзбектігін сақтаған, ұлттық қалпын жоймаған осы маххалла екенін енді біліп жатырмыз. Сіздер де көкейге түйе жүріңіздер.

QAMSHY.KZ. "Путин: бір тарихи персонаждың ішкі және сыртқы саясатына шолу" - Путин Батыс альянсына қарсы қырғи қабақ соғыс жәриялаған еді. Ол соғыс тарихта Екінші Дүние жүзілік Қырғи қабақ соғысы деген атаумен кірген болатын. Ол туралы біз жазғанбыз.[1]Путин өзін әлем тарихында Черчиль мен Рузвельт пен қатар қойғанды жөн көреді. Батыс елдерінің баспасөзі жылма жыл оны журналдарының ең беделді саясаткері ретінде бағалағанын аса рахаттана оқиды. Пути 2007 жылғы Германияның Мюнхен қаласындағы сөзінде әлемді бір шошытты. Иә ,Путиннің сол сөзін тек Уинстон Черчиль 1946 Фултондағы (АҚШтың шағын қаласы) айтқан сөзі алғашқы қырғи –қабақ соғысты жәриялауымен тең еді. Батыс елдердің баспасөзіне және Ресей теледидарына арнап сол ойларды кейінірек тәптіштеп бірнеше рет айтып берді. Мәселенки, Ресей Президенті Владимир Путин Валдай форумындағы сөзінде АҚШ-ты және оның геосаясатын аяусыз сынап, осыдан былай ешбір маңызды саяси әрекет Ресейсіз шешілмеу керек және шешілмейді деді . Батыс елдері Ресей алдында кінәлі, Ресейдің геосаяси мүдделерімен санаспауға жол берілмейді. Путиннің ашынып сөйлеу себебі Батыс елдер альянсы Ресейге (Ресей Украинаның Қырым түбегін басып алып, сол мемлекеттің шығыс өлкелерінде гибридтік, әскери операцияларын бастаған болатын) экономикалық санкциялар салған еді.

"Евгений Кочетов, экономист: Ұлттық банктің айтқанын керісінше істеу керек" - Елімізге танымал экономист, «Қазақстанды өзгерткен сөз» кеңбегінің авторы Евгений Кочетов Қазақстанның өткен жылғы қаржылық-экономикалық ахуалын сараптай келе, отандастарына осындай кеңес берді. «2016 жыл да ешкімге оңайға соқпайды. Ұлттық банк экономикалық өсім мен инфляцияға қарсы күрес арасында арпалысқа түсетін болады. Оған теңгенің құлдырауының жалғасуын қосыңыз» дейді экономист.

"Дағдарыстың дауасын таппаған биліктен не үміт, не қайыр?!" - Араб елдері мен Қытайдың мықтылы­ғын былтырғы жыл айқын дәлелдеді. Brent маркалы мұнайдың бағасы түсіп еді, әлем елдері тәлтіректеп қалды. Ал, қытайдың юаны сәл арзандағанда, дүниежүзінің дізесі діріл қақты...

8 қаңтар 2016, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.