Атырау, 19 желтоқсан 23:23
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Теңгенің 2015 жылғы девальвациясы". "ЭКСПО-2017: 3 жыл өттi, 526 күн қалды. Әзiрге 60 мемлекет келе жатыр". "Шырша мерекесінің төркіні түркілерден басталған ба?". "Ресейдің кесірінен Қазақстан шығынға батып отыр".

2 082 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Теңгенің 2015 жылғы девальвациясы" - Жыл басында теңге құнсызданбайтынына бірнеше рет сендірген билік жыл соңында «сыртқы әсерлер күшейіп кеткенін» мойындады. Ал сарапшылар мұны «мұнайға сенген үкіметтен» көреді.

"Ресей бөгеген жүк көліктері елге әлі түгел жетпеді" - Ресей шекарасында қарашаның 24-інен бастап бөгелген Түркиядан жүк тиеген 70-тей қазақстандық көліктің алды ай ортасында елге келе бастады. Бірақ Қазақстан инвестициялар және даму министрлігі «жеті көлік Ресей кедендерінен әлі өте алмай тұр, мұндай оқиғаның тағы қайталанбасына кепілдік жоқ» дейді.

ZHASALASH.KZ. "ЭКСПО-2017: 3 жыл өттi, 526 күн қалды. Әзiрге 60 мемлекет келе жатыр" - Аунап өткен ай артымен, күн­тiзбеден бiлiнбей жылжып шыққан осы жылы шетелдерде, халықаралық аренада Қазақстан туралы ең көп талқыланған тақырып қандай? Елiмiзде биыл есте қаларлық әр­түрлi жағдай көп болды. Бiрақ, интернеттегi Google, Yandex секiлдi iздеу қызметтерi бойынша көптеген шетелде Қазақстанға қатысты 5 әрiп, 4 цифрдан құралған бiр сөз iздеуге өте көп түсiп, алдыңғы шепке шығыпты. Көптеген елдерде сөз болып, халықаралық ұйымдарда талқыланып, iрi-iрi компанияларда келiсiмшарт жасастырған 5 әрiп, 4 цифрдан құралған бұл терминнiң беташарына 2016 жылдың алғашқы секунды соғылған сәттен бастап тұп-тура 526 күн ғана қалады. Яғни, жаңа жыл келiсiмен осы 526 күн қарасы секунд, минут, сағат, тәулiк сайын тоқтамай азая бастамақ. Осы 526 күннiң санағы керi шегiнiп кемiген сайын Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық, iшкi-сыртқы, әдеби-мәдени, танымдық-ғылыми өмiр сәт сәтiмен түрленiп, түлеп шықпақ.

ABAI.KZ. "Шырша мерекесінің төркіні түркілерден басталған ба?" - Жер-ана ақ көрпесін қымтанып, үскірік аяз дала кезіп, періштенің қауырсынындай ақ ұлпа қар көктен жауған тұста «Жаңа жыл келді» деп қуанатымыз бар. Қоғам тарапы әртүрлі сын айтқанымен, жеме-жемге келгенде, Жаңа жылды дәстүрлі төл мерекедей төрге оздырып, осыдан он шақты күн бұрын ғана күпі кигізген Аяз атаға қалай шекпен жауып жібергенін аңғармай қалады. Арамызда беті нарттай қызарған Санта Клаус пен үріп ауызға салғандай Ақшақарымыз жүреді. Ал біз Күнді қазық етіп айналған ғаламшарлардай шыршаның маңында дөңгеленіп бара жатамыз. Неге? Меніңше, оның себебін аталмыш мерекенің түп-төркіні түркілерге тән екендігінен іздеп көрген жөн секілді. Сары майдан қыл суырғандай етіп, осы мәселенің тігісін сөгіп көрелікші.

"Атамбаев ЕАЭО үшін Ердоғанды сатып кетті" - Ресейлік РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев: «Түркия қарулы күштері атып құлатқан ресейлік Су-24 ұшағы үшін Анкара билігі Мәскеуден кешірім сұрауы тиіс» деген.

"Ресейдің кесірінен Қазақстан шығынға батып отыр" - Жуырда Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыс дендеген қысылтаяң кезеңде тығырықтан шығудың нақты жолдарын қарастыру туралы сөз еткен болатын. Бұл туралы «Қағанат» сайты жазған (http://kaganat.kg/?p=37577&lang=ru).

"Тұрсын Жұртбай: Әр қазақ қысасқа қысас, өктемдікке мінез көрсетуі керек" - Ресей Президенті Путиннің «Қазақтарда мемлекет болмаған» деп айтқанын біз, қазақтар ұмыта бастаған едік. Намысы тулаған, жұдырығы түйіліп, тістенген қазақтар биліктен Путинге қарымта үн шықпаған соң іштен тынып қала бергендей болған, көрші елдің «Украинамен басы қатып жүрген» басшысы жаңылып айтқан шығар деп түсіністік танытып, «кешіре» салғандай да көрінеміз...

EGEMEN.KZ. "Бір ел, бір уақыт, бір мақсат" - Таяуда Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдас­тыруымен бір топ журналист Аспанасты елінің Оңтүстік Шығысындағы атақты алып портты қалаларды аралап, көлік-логистика саласының даму барысымен, үлкен ша­һарлардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

"Дегдар" - Биыл қазақ балалар әде­биетінің негізін салушы, қа­зақ әдебиетінің көрнекті өкі­лі Сапарғали Бегалиннің туға­нына 120 жыл толып отыр. Тағдыр жолы тарихымыздың ақтаңдақтарымен таспаланған жазушы сан қилы замана бе­лес­терін бастан өткерсе де адам­гершілік қасиетін таза сақ­таған болмыс иесі деуге әб­ден болады. Мұхтар Әуезов баста­ған қазақ әдебиетінің классиктері көзі тірісінде-ақ «қа­зақ әдебиетінің ақсақа­лы» деп атаған Сапарғали Бегалин­нің 88 жас ғұмыр ке­­шіп, өте сый­лы қалпында өт­кені де екі­нің біріне бұйыра бермейтін бақыт.

NUR.KZ. "Қазақстанда жезөкшелікті жою ұлттық катастрофамен аяқталуы мүмкін" - Жезөкшеліктің жою – ұлтты жоюмен тең көлемді катастрофа болуы мүмкін. Шымкент тұрғыны елдегі жезөкшелікті жою туралы мәселеге қарсы өз пікірін білдірді.

DALANEWS.KZ. "Біз қайғыра аламыз ба?!.." - Өткен аптада қазақ Әбішінен – Әбіш Кекілбаевтан айырылды. 76 жасқа қараған шағында заңғар жазушымыз бақилық болды. Саналы ғұмырын ұлт руханиятының кемелденуіне, түлеуіне, қазақтың ел қатарлы ел болуына арнаған хас қаламгерді арулап жер қойнына тапсырдық. Ел болып ұлы тұлғамыздан айырылғанымызды айтып жаттық. Бірақ…

AIKYN.KZ. "Жаңа экономиканың берік негізі қаланады" - Парламентте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның алдағы үш жылға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары туралы айтып берді.

ADYRNA.KZ. "Жапондықтар «Кейін дәстүрлі әндеріңді бізден үйренетін боласыңдар» дейді" - Жақында «Халық сөзі» газетінің ұйымдастыруымен Алматыда «Халық әндерін айтсақ» атты дәстүрлі әндер кеші өткені оқырман есінде болар. Сол кеште Ә. Қашаубаев атындағы дәстүрлі әншілер байқауының бас жүлдегері, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан ЖАНПЕЙІСОВ арқасы қозып, залдан суырылып шыққан еді. Сөйтіп өзі сұранып бір-екі ән айтып, тыңдарманды аяқ астынан дүр көтеріп тастады. Сол аралықта белгілі әнші Рамазан Стамғазиевпен «…» деген тақырыпта сұхбат жариялаған едік. Рамазан керек болса эстрадамен айтудан да бас тартпайтынын айтқан болатын сол сұхбатта. Ал Нұржанның бұл тұрғыдағы ұстанымы басқа екен, оқып көріңіз.

"Бақыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ: Ең үлкен құнды құжат — хан-сұлтандар мен билердің хаттары" - Мамандардың айтуына қарағанда, дүниежүзіндегі ең бай қорлардың бірінен саналатын Қытайдың бірінші тарихи мұрағатының қорында он миллиондай тарихи құжат сақтаулы жатыр екен. Осындай дүлей дүниенің ішінен қазақ тарихына қатысты деректемелерді табу және оны аударып, жүйелеп, ғылыми айналымға түсіру екінің бірінің колынан келе беретін, ат үсті шаруа емес. Өйткені бұл құжаттардың барлығы көне қытай тілінде, немесе мәнжүр тілінде, болмаса шағатай тілінде, не болмаса тот-моңғол тілінде, тіптен парсы, тибет тілдерде жазылып, сақталған болып шықты. Әңгіме осы жерден басталады. Қытайдың көне әдеби тіл-жазуын екінің бірі танып, түсіне бермейді.

29 желтоқсан 2015, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.