Атырау, 19 желтоқсан 23:08
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақстанда жанармай неге арзандамайды". "Елімізде Жаңа жылды қарсы алуға қанша қаражат қажет". "Қытай экономикасының қуаты мен мұнай бағасы". "Дулат ИСАБЕКОВ: Алаяқты өзіміз өсірдік". "«Ақша саудагерімен күресу қиын»".

2 276 просмотра

RAS.KZ. "Қырым блокадасы сыртында Түркия премьер-министрі тұр" - Тегі жағынан қырым татары болып келетін Түркия үкіметінің басшысы Ахмет Давутоглу Қырым Ресейге қосылған күннен бастап, оның оппозициялық көңіл-күйдегі тұрғындарына белсене көмек көрсетуді қолға алды. Бұл туралы bloknot.ru хабарлады. «Түркия премьері Давутоглу Қырым блокадасын ұйымдастырушылардың соңында тұр», – делінген хабарламада. Қырымға блокада жасаушыларды Түркияның қорғаныс министрлігі қолдайтынын бүгін осы блокаданы ұйымдастырушылардың бірі Ленур Ислямов айтты. Оның мәліметінше, Украинада негізін қырым татарлары құрайтын Номан Челебиджихан атындағы еріктілер батальоны құрылып жатқан көрінеді.

TENGRINEWS.KZ. "Қазақстанда жанармай неге арзандамайды" - Қазақстанда жанармай неге арзандамайды. Осы сұрақты ҚР Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде Жаңа жылды қарсы алуға қанша қаражат қажет" - Жаңа 2016 жылға санаулы күндер қалды, жұрт ендігі мерекелік дастарханға не қоярын және қонақтарын немен таңғалдыруға болатынын ойлап, бас қатыруды бастады. Tengrinews.kz тілшілері елімізде жаңажылдық дастарханға орташа қанша қаражаттың қажеті болатынын есептеп көрді.

SERKE.ORG. "Ұлтшылдар ұлы күшке айнала алмады" - Кейбір саясаттанушылардың «алдағы төрт-бес жылда ұлтшылдар Қазақстандағы үлкен саяси күшке айналады» деген болжамы бекер болып шықты. Саяси күш тұрмақ, ұлтшылдардың формалды ұйымдары өз ішінен іріп жатыр, бірлік жоқ. Бірінің әрекетіне екіншісі қарсы. Қазақ ұлтшылдарының ұйысу процесі тұрғысында бағаланған «Қазақ ұлттық кеңесі» өзінің екі жылдық тарихында ауыз толтырып айтарлық бір іс тындырған жоқ. Бұдан бұрын құрылған «Ұлы дала» қозғалысы өзінің дабыралатып өткізген құрылтай жиынынан кейін-ақ ішкі интригалардың кесірінен ыдырап кетті. Ұлтшыл ұйымдардың қазіргі жай-күйіне қарап олардың болашағы күмәнді екенін, қазақ ұлтшылдығының күні батып бара жатқанын байқаймыз. Бұл процестің тереңіне үңіліп оның нақты себептерін анықтау қиын. Дегенмен, өткен ғасырда қазақ тарихында маңызды рөл атқарған үш оқиғаның саяси сипатына назар аударып, ол оқиғалардың мақсатты бағдарын қазіргі заманғы қазақ ұлтшылдығының идеялық құндылықтарымен салыстыра отырып әлдебір тұжырым жасауға болады. Ол үшін қазіргі қазақ ұлтшылдарының ең үлкен ұйымы – Мұхтар Шаханов басқаратын «Қазақ ұлттық кеңесін» өткен ғасырдағы Әлихан Бөкейхановтың «Алашорда» партиясымен және Михаил Есенәлив жетекшілік еткен «Азат» қозғалысымен салыстыруды жөн көрдік.

NUR.KZ. "2015 жылы елімізде жыл ішінде жасалған игі істер" - 2015 жыл ауыр болды деп айтатындар көбейген: дағдарыс, мұнай бағасының түсуі, тағысын тағылар. Дегенмен бұл жылдың да өз жақсылықтары болды. NUR.KZ порталы оқырмандарына жылдың игі істерге толы болғанын дәлелдейтін 12 жайтты тізбектеді.

"Айсұлтан Назарбаев: Қайғы мені батылдандыра түсті" - Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында өтіп бара жатқан жылға қорытындысын жасады. Президенттің немересі 2015 жылы нені жоғалтып, неге ие болды? 2016 жылдан не күтеді?

"Ақтөбе облысына әкім болып барған бұрынғы вице-министр үш айда не тындырды?" - Ақтөбе облысына әкім болып барған бұрынғы вице-министр үш айда не тындырды? Президенттің сенімімен елге келген Сапарбаев қалай қызметін атқарып жатыр?

AZATTYQ.ORG. "Қазақстандық «саяси тұтқындар» - «қасақана заң бұзушылар»" - Түрмедегі оппозициялық саясаткер Владимир Козлов, ақын әрі диссидент Арон Атабек және белсенді Вадим Курамшин жақындарымен ұзақ мерзімге кездесу құқығынан айырылған әрі олар үйіне «төтенше жағдайда» ғана қоңырау соға алады.

"Босқындар қыс ішінде далада қалудан қорқады" - Украинаның оңтүстік-шығысынан қашып, Мәскеу облысындағы жеке меншік пансионатта тұрып келген 100 шақты босқын Жаңа жыл түні баспанадан шығарылуы мүмкін.

"Түркия Украинадан месхет түріктерін әкетіп жатыр" - Түркия Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен қақтығыс аймағынан месхет түріктерін көшіріп әкете бастады.

"Қытай экономикасының қуаты мен мұнай бағасы" - Батыс баспасөзі қытай диссиденті Пу Чжицянның соты, Қытайдағы ең ірі мұнай өңдеу компаниясы мен Ирактың бірлескен кәсіпорын құру жайлы келісімі және мұнай бағасы соңғы 11 жылда ең төменгі деңгейден түсіп кеткенін талқылап жатыр.

QAMSHY.KZ. "«Атлеттер қазақ болғаны үшін айыпталып жатқан жоқ па?»" - Бүгіндікке қазақстандық ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов және Ермек Өміртайдың допинг дауына ілігуі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшіліктің айтуынша, аталған спортшыларды федерация қазақ болғандары үшін қасақана аяқтан шалып жатыр. Алайда, кейбір азаматтар жұртшылықтың бұл уәжімен келіспейді. Нақтырақ айтсақ, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы спортшыларды ұлтына қарап спорттан шеттетіп отырған жоқ.

"Дулат ИСАБЕКОВ: Алаяқты өзіміз өсірдік" - Қоғамдағы өзекті мәселелердің ақ-қарасын анықтау үшін, кейбір тақырыптың тігісін жатқызу үшін көп жағдайда айтары бар, аузы дуалы ақсақалдарға жүгінеміз. Бұл жолы да сол дәстүрмен жазушы-драматург Дулат Исабековке хабарластық. Қаламгер біраз тақырыптың басын қайырды. Жан-дүниесін мазалайтын жәйттерді көбірек қозғады. Кесек-кесек ойларының бір парасын оқырманға ұсынамыз.

ZHASALASH.KZ. "Жылай бермеңдершi!" - Румынияның иттерiне дейiн бақытсыз! Желтоқсанның ортасында осы елдiң бес мыңдай қойшысы(!) Бухарестке асыға жетiп, парламент ғимаратын басып алды. Ашуға мiнiп, қамшысын аспанға үйiрген малшылардың жолын башпайынан бақа­йына дейiн қаруланған полиция да бөгей алмады. Шеру өткiзу үшiн бiр ай бұрын әкiмдiкке өтiнiш тапсырмаған, көше қоз­ғалысын бөгеп, қала тұрғындарының мазасын кетiрген, мем­лек­еттiк билiктiң бiр нысаны – депутат отыратын парламент ғимаратына қой қорасына кiр­гендей алшаң басып кiрген қойшыларға бұл елдiң полициясы қару кезеп, оқ ата алмады. Осы ала-бөтен оқиғаға, тау басында ет жеп, сорпа iшiп тыныш жүрген қойшыларды астанаға аттандатқан депутаттардың өздерi екен. Олар елде басқа мәселе құрып қалғандай, қойшы ұстайтын иттердiң санына шектеу салатын заң шығарыпты. Уәждерi­не қарасақ, қойшының аңшы итi азайса, жабайы қабан шошқа мен елiктердiң қарасы артпақ. Бiрақ Румыниядағы депутаттардың ғұлама ойын тау басындағы шопандар қайдан түсiнсiн? “Ит-құсқа тiрiдей талат­қандарың ба?" деп безiлдейдi ғой бейшаралар.

NAMYS.KZ. "Қазақстан атауы қайдан шыққан?" - Бір қызығы, біз тарих оқу­лықтарында «Ежелгі Қазақ­стан», «бәлен ғасырдағы Қа­зақ­стан» терминін жиі қол­дан­ғанымызбен, бұл жиыр­ма­сыншы жылдары ғана дү­ниеге келген тым жас атау. Ғылымға оның бұған дейін небәрі екі рет қолданылғаны белгілі. Ата Заңымыздың алғашқы жолы «Қазақстан Республикасы (Қазақстан) – демократиялық зиялы және біртұтас мемлекет» – деп басталады.

SAIGEZ.KZ. "Қала әкімдері рейтингісінің қорытындысы" - SAIGEZ.KZ биылғы жылдың қыркүйегінен бері ай сайын тұрақты түрде облыс орталықтары санатындағы қала әкімдерінің рейтингін жариялап келеді. Соңғы 4 айда жарияланған рейтингке сүйене отырып, 2015 жылды қорытындыламақпыз. Осы уақытқа дейінгі «Үздік төрттіктегі» орындардың ұпайлары былай есептелді. 1-орын – 25 ұпай. 2-орын – 20 ұпай. 3-орын – 15 ұпай. 4-орын – 10 ұпай. Біз бұл жолы қала әкімдерінің тізімінде көш бастап қана қоймай, жылдың үздігіне айналғандарды атап өтеміз.

"Саяси портрет: Амандық БАТАЛОВ" - Амандық Ғаббасұлын әкім ретінде облыстық активке 2014 жылдың 20-тамыз күні Елбасының өзі таныстырды. Алматы облысының мәслихат депутаттары әлбетте, бірауыздан қолдады. Өйткені оларға А. Батталов есімі өте жақсы таныс. 13 жыл облыс әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары болды. Яғни, бір мүшел орынбасар боп отырған кісі өңірді өзінің бес саусағынан да жақсы білуі тиіс. Бір жылдан астам әкім болған Амандық Баталов туралы, оның атқарған жұмысы жайлы не білеміз?

ULT.KZ. "Қадыр МЫРЗА ӘЛИ: Қазақтың трагедиясы — мұқтаждық" - …Менің ойымша, біз негізгі оқырмандарды жоғалтып алған жоқпыз. Олар бар. Ешқайда кеткен жоқ. Олар тек ұйықтап кетті. Содан соң олар шаршап жүр. Мына жерде бір базар бар. Сонда барамын. Мен өзімді мақтайын деп отырған жоқпын. Сонда кейбіреулер танып жатады. «Ағай кетіп бара жатыр» деп бір-біріне сыбырлайды. Біреулері бірдеңе алсаң «Халыңыз қалай, аға? Жазып жүрсіз бе? Біздің жағдайымыз осындай. Бізді неге жазбайсыз?» деп арыз айта бастайды. Біздің талай нәрсені жазып жатқанымызды қайдан білсін. Міне, бұлар оқымайды. Бірінші себебі – жоқтық. Кітап алу тоқтады. Бұрынғы өлшеммен алсақ, жүз адамның бірде біреуі кітап алмайды. Осының барлығы ақшаға байланысты. Жұрт ең алдымен қарын тойдырғысы келеді. Содан соң бала-шағаның қамы. Балаға оқулық, мектеп формасы, аяқ киім, т.б. содан соң қысқа дайындық басталады. Одан кейін көктем келеді. Мұқтаж мұқтажға жалғасады. Қазақтың трагедиясы – осы.

"«130 ұлт» дегеніміз қайдан шыққан?" - Қазiргi кезде Қазақстанды “полиэтникалық мемлекет" деп атау өрiс алып бара жатыр. Ал мемлекет “полиэтникалық" деп аталау үшiн ұлттардың сандық ара-қатынастары қандай болуы керек және олардың бiрге тұрған тарихи мерзiмi қаншалықты болу керек?

TURKYSTAN.KZ. "Теңгенің тағдырын таразылағанда…" - Бүгінде ел аузына ең жиі түсетін екі тақырып болса, бірі – бағам, бірі – баға. Жаяу кетіп бара жатқан жүргінші де, көлік тізгіндеп бара жатқан жүргізуші де мойнын созып, жол бойындағы валюта бағамы көрсетілген тақтайшаға бір қарап өтпесе, көңілі көншімейтіндей. Өзі орнатқан антирекордты күн сайын, кейде тіпті сағат сайын жаңартуға төселіп алған АҚШ валютасының құны тағы қанша теңгеге өсті екен деп телміреді. Бір қызығы, тақтадағы өсімтал өлшемдер ешкімді таңқалдырмайтын болған. 14 желтоқсанда доллар бағамы 11 желтоқсан күні орнатқан тарихи антирекорды – 313,99 теңгеден бірден 8,48 теңгеге артып, 322,47 теңгеге жеткенде, тіпті 21 желтоқсан күні бір доллардың құны 347 теңгеге теңескенде де даурыққандарды көрмедік. Жұрт АҚШ валтютасын бұдан да биік «белестерден» көруге тас-түйін дайын сияқты. Теңге қалай құлдырады?

"Қазақстандағы ең ірі үш түрме жабылуы мүмкін" - 2016 жылдан бастап Қазақстандағы ең ірі үш түрме жабылуы мүмкін. Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарында орналасқан абақтылардың жұмысын тоқтатуы мүмкін екендігін хабарлаған еліміздің Бас прокуратурасы ондағы жазасын өтеушілер өзге колонияларға ауыстырылады деп отыр. Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, түрмелерді жабудағы басты мақсат – сотталғандардың санын азайту. Сондай-ақ, осы арқылы қазына қаржысын біршама үнемдеуге де мүмкіндік тумақ. Бірақ бұл еліміздегі қылмыстың өршуіне жол ашпай ма деушілер де жоқ емес.

"Шайбалы хоккейден шет қалдық па?" - Әлемдік аренада Қазақстанның атын әйгілеген екі сала болса, соның бірі – спорт саласы. Соңғы жылдары елімізде спорт саласына мықтап көңіл бөлініп, спортшыларымыз да Көк байрағымызды желбіретуден шаршаған емес. Боксшыларымыз бен ауыр атлеттеріміз халықаралық сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып көз қуантып жүргеніне де біраз жылдың жүзі болды. Биылғы жылы отандық футбол командалары да сырт алаңда шебер ойын көрсетіп, қазақстандық футболсүйер қауымды бір марқайтып тастады. Ал қазақ хоккейінің бүгінгі жай-күйі қандай? Қазақ хоккейшілерінен кімдерді білеміз?

JASQAZAQ.KZ. "«Ақша саудагерімен күресу қиын»" - Бұл туралы бар шындықты Ұлттық банк пен биржадағылар біледі. Мен ішкі жағдайынан хабарсызбын. Логикалық тұрғыда өз бағамды бере аламын. Естеріңзде болса, доллар бағамы көтерілмес үшін ұлттық қордан қаражат жұмсалды. Бұл қаншалықты жалғаса бермек деген мақсатта, Ұлттық банк теңгені қадағалаудан бас тартты.Бізде валюта нарығының айналымы аз болғандықтан, спекулятивті жағдай болып отыр. Мұнай бағасының түсуі де, доллар бағамының көтерілуіне септігін тигізіп отыр. Соңғы оқиғаларға қарап Ұлттық банктің теңге құнын ұстап тұруға мүлде қатыспай отырғанын көруге болады.

28 желтоқсан 2015, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.