Атырау, 19 мамыр 02:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Тәуелсіздік күніндегі түсініксіз қорқыныш". "Жаңаөзен. Төрт жыл. Үнсiздiк". "Содырлар идеологиясын қалай жеңуге болады?". "Алаңдағыларға шай тасыған әженi әлi таба алмай жүрмiн". "Алаңдағы қазақ қыздарының өр рухы".

2 406 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Содырлар идеологиясын қалай жеңуге болады?" - ИМ экстремистік ұйымынан қауіптенетін әлем тұрғындары көбіне оларды әскери жағынан жеңуді ойлайды. Бірақ содырлар идеология арқылы көбейеді. Олардың идеологиясын жеңу маңызды.

"10 балалы үйсіз отбасы бір бөлмелі суық пәтерде тұрып жатыр" - Жергілікті биліктің дерегінше, Шымкент қаласында пәтер кезегінде тұрған 20 мың тұрғынның 1145-сі – көпбалалы отбасы. Қалада үй алу кезегіне енді жеткендер – 1987-1990 жылдары тіркелген адамдар.

ABAI.KZ. "Ағылшын тілі қазақты қайда апарады?" - Тәуелсіздік алған кезеңнен бері қазақ тілін өркендету жолында қаншама маңызды қадамдар жасалды, бірақ қолға алған көптеген ісіміздің ойға алғандай болып орындалмауынан, ол – қоғамдық өмірдің бірталай саласына дендеп ене алмай жатыр. Талай мәселе күні бүгінге дейін өз шешімін әлі таба қойған жоқ. Бұны ұлтымыздың өткен ғасырларда басынан өткерген бодандық-тоталитарлық саясат пен солардың бүгінге дейін сақталып отырған зарарынан көріп жүрміз.

"Дүлей дәуірдің ар-ожданы немесе Мұхтар Шахановтың қажеттілік қағидасы" - Тарих көшінде сан қилы аласапыранды басынан өткізіп, «мың өліп, мың тірілген» қазақ ұлты қайраткер ұл-қыздарға кенде болмаған. Азаттықты аңсап кеткен ата-бабаларымыздың арманы орындалып, егемен ел болдық. Тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелді «Тұрар Рысқұлов» деректі фильмінде берген сұқбатында: «ХХ ғасырда қазақ халқы несімен бақытты десеңіз: өзінің жеке басының мүддесі үшін емес, халқының болашағы жолында қызмет жасаған тарихи тұлғалардың көп болғандығымен қазақ халқы бақытты», – деген еді.

SERKE.ORG. "Елбасы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарына шолу жасады" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Елбасы жиналғандар мен барша Қазақстан халқын ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

ZHASALASH.KZ. "Бiзге қағаз жүзiндегi емес, iс жүзiндегi Тәуелсiздiк керек!" - Бiздiң қағаз жүзiндегi Тәуелсiздiктi тойлап жүргенiмiзге дәл 24 жыл болды. Ал iс жүзiндегi Тәуелсiздiктi... Ендi ерiксiз осы жерде Ататүрiктiң түрiк жастарына арнаған өсиетi еске түседi: “Ей, түрiк жастары! Сенiң бiрiншi мiндетiң – түрiк Тәуелсiздiгiн қорғау және сақтау! Сенiң тiрлiгiңнiң де және болашағыңның да жалғыз негiзi, жалғыз тiрегi – осы, Тәуелсiздiк! Бұл – сенiң ең қымбат байлығың!".

"Жаңаөзен. Төрт жыл. Үнсiздiк" - Жаңаөзендегi қанды оқиғаға биыл төрт жыл. Еңбекақысын талап еткенi үшiн сотталғандардың мойнындағы қамыт әлi алынған жоқ. Олар мерзi­мiнен бұрын бостандыққа шықты. Бiрақ шартты түрде, олардың басқан қадамы артының ашылмауына мүдделi­лердiң бақылауында.

"Алаңдағыларға шай тасыған әженi әлi таба алмай жүрмiн" - 1986 жылдың 17 желтоқсан күнi алаңда тұрған жастарға екi сөмкесiн арқалап алып шай, нан тасыған апамызды әлi күнге таба алмай келемiн. “Жас Алаш" газетiне бiрнеше жыл бұрын “Сол апам әлi бар ма екен?" деген мақалам жария болды. Содан берi еш хабар ала алмай жүрмiн. Әлi есiмде, өрт сөндiргiш мәшинелерiнен шашыл­ған судан киiмiне мұз қатып, дiрдектеп тұрған жас­тарға қоңыр пальто киген, басына шәлi ораған апамыз “құлындарым-ай, тоңдыңдар ғой" деп термостан шәйiн құйып, нанын үлестiрiп бердi. Қаумалаған сонша адамға түнiмен бiрнеше рет шәй тасыды.

"Жанымды алып қалған – жеделхат" - Келесi жылы желтоқсан оқиғасына 30 жыл толады. Мына жайттың ақиқатына жетiп алуымыз керек. 1986 жылғы оқиға кезiнде алаңда жастардың ұстап шыққан лозунг-жазбаларды кiм жазды? “Әр ұлтқа – өз көсемi", “Каждому народу – своего вождя" деген жазбаны бiз жазып алып шықтық" деп иемденушiлер көп. Осы уа­қытқа дейiн тiс жармай келдiм. “Каждому народу – своего вождя" деген сөздi 3-курста оқитын Мейрам Қасенбаев жазды. Мейрам былтыр қайтыс болды.

"Құрманғазы Рахметов: Желтоқсан тарихы ақиқатты қалайды" - Желтоқсанға қатысқаны үшiн оқудан шығарылып, одан жетi жылға сотталып, оның екi жыл екi айын түрмеде өткiзген, алаңға барғаны үшiн ағайын-туысын “қудалатып", жұмыстан “шығар­ған", бiр сөзбен айтқанда, 1986 жылдың ызғары мен азабын бiр кiсiдей көрген Құрманғазы Рахметовтен бүгiнгi жастардың өздерiне деген көзқарастарын сұрап көрген едiк.

"Қызыл империяға қарсы тұрған ер едi" - Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн ату жазасына кесiлген төрт азаматтың бiрi – Ертай Көпесбаевтың отбасы жоқшылықтың азабын тартуда. Қаралы 86-ның қысында Қайрат Рысқұлбековпен бiрге қызыл империяға қарсы шыққан Көпесбаевтың бала-шағасы әлi күнге басқаның босағасын сағалап, үйсiз-күйсiз жүр.

TURKYSTAN.KZ. "Жер қойнауындағы қазына жекеменшікке беріледі" - Жуырда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайты осы жылдың 3 желтоқсанында Қазақстанның қазба байлықтары аукцион арқылы сатуға шығарылатыны жөнінде ақпарат таратқан еді. Осыған орай елімізде алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқын беретін аукцион өтіп, бұдан былай Қазақстанда алғаш рет кен орындарын пайдалану құқы жекеменшіктің қолына өтетін болды. Яғни, бұған дейін мемлекетке тиесілі болып келген 49 кен орнының 38-іне енді кәсіпкерлер иелік етпек.

QAMSHY.KZ. "Тәуелсіздік күніндегі түсініксіз қорқыныш" - 16 желтоқсан – күнтізбе бойынша мемлекеттік мереке. Мереке болғанда да еліміздің Бас мерекесі - Тәуелсіздік күні. Әлемдегі қазақ атаулы, барлық қазақстандықтар зор мақтанышпен атап өтуі тиіс осы күнді бүгінде халықтың бір бөлігі жай ғана демалыс күні ретінде қабылдаса, қолында билігі бар, жоқ дегенде бір мекеменің тізгінін ұстаған басшылар үшін қорқыныш пен үрейге толы күн болып отыр. Желтоқсан жақындағаннан-ақ Жаңа жыл мерекесінің дақпыртымен тасада қалатын бұл күнді лайықты атап өтуге жасанды тосқауылдар да жоқ емес.

NAMYS.KZ. "Мазар салу мақтаныш па?" - Қазақта: «Көргеніңнен көрмегенің көп» деген бір аталы сөз бар. Ойлап отырсақ, шынымен де солай екендігіне көзің жетеді. Мен көзім ашық, көкірегім ояу ақсақалмын. Осы жасыма дейін көргендерім мен көңіліме түйгендерім де аз емес. Алайда, сол көргендерімнің ішінен дәл осындай астамшылықты, ысырапшылдықты көрген емеспін десем артық айтқандығым болмас. «Көрген көзде жазық жоқ» дегендей көргендеріме қайран қалып түңілгендіктен еріксіз қолыма қалам алып отырған жайым бар.

"Әлемдік саясат. Үлкен отбасылар қақтығысы" - Әлемдік саясатта екі отбасының иелігі жайында бұрын да тоқталып өткенбіз. Бірі Ротшилд, екіншісі Рокфеллер. Олар бір қарағанда бір-бірімен қарсылас еді. Ротшилдтердің ойында Қытайдың экономикасын көтеру арқылы, Рокфеллердің уысындағы АҚШ-ты әлсірету. Еуроны әлемге тарату арқылы, доллардың қарқының бәсеңдету. Дегенмен бірнеше уақыт бұрын болған оқиғалар әлемдік саясаттанушыларды састырғаны анық. Бұл Ротшилдтер мен Роквеллерлердің бірігуі. Осы жайында көп болжам айтылды. Назарларыңызға Ресейдің жүйелік-стратегиялық сараптама институның басшысы Андрей Фурсовтың пікірін ұсынамыз. Соныменен әлемде қандай өзгеріс болып жатыр?

ULT.KZ. "Алаңдағы қазақ қыздарының өр рухы" - Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Желтоқсан оқиғасы осы бір “соқтықпалы" соқпақтағы ең ірі адым болды. “Мың өліп мың тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен, ұлтшылдық емес еді. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны “Қазақ ұлтшылдығы" деген айыптауға дейін барды…

16 желтоқсан 2015, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.