Атырау, 19 мамыр 03:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Мұхтар Тайжан президент сұхбатының жеті ерекшелігін атады". "86-шы жылғы желтоқсанды «халық көтерілісі» деп танитын кез келді". "Еуразиялық одаққа кедендік кодекс не үшін қажет?". "Қазақстандағы атышулы 10 ірі сотталушы".

2 045 просмотра

QAMSHY.KZ. "«Әлем танитын» Қазақстанның әнұраны неге мазақ бола береді?" - Шешенстан астанасы Грозный қаласында өткен РФ Президенті Кубогында Қазақ елінің ескі әнұраны тағы шырқалды. Алайда, Илья Ильин мен Александр Зайчиковтың табандылығының арқасында Шәмшінің «Менің Қазақстанымы» - қазіргі таңдағы Мемлекеттік гимн қайтадан қойылды. Егер де аталған азаматтардан бөлек басқа спортшылар болса жаңа әнұранды қоюды талап етпестен тұғырдан түсіп кетерме еді? Өйткені, мұндай жағдай бұған дейін бірнеше рет қайталанды.

"Мұхтар Тайжан президент сұхбатының жеті ерекшелігін атады" - Қазақстандық танымал экономист, ұлттық-демократиялық ұстанымдағы саясаткер Мұхтар Тайжан 13 желтоқсан күні республикалық телеарналардан көрсетілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің журналистерге берген сұхбатының жеті ерекшелігін атады. Бұл туралы ол өзінің «Фейсбук»әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

TENGRINEWS.KZ. ""Дастархан басында бес сағат бойы отыру - азап". Қазақ тілді америкалықпен сұхбат" - Бұл мейірімді америкалық азамат Қазақстанға келген сайын, өзі айтпақшы кішігірім "жанжал" шығарғанды жақсы көреді. Ол мейрамханаға барса, қазақ тілінде жазылған мәзірді талап етеді. Ол егер болмай шықса, шетел азаматы даяшыны сөгіп, оның қазір Қазақстанда жүргенін есіне салады. Уиллиам Фиерманның айтуынша, ағылшын азаматының қазақ тілінің мүддесін шын жүрегімен қорғауы мейрамхана қызметкерлерін қатты таңғалдырады және ол өзі осыдан ләззат алады. Уиллиам Индиана Университетінде профессор болып қызмет етеді. Ол қазақ тілін 90-жылдардың басында үйрене бастаған және бүгінге дейін жалғастырып келеді. Орталық Азия - саясаттанушы ретінде оның маманданған саласы. Ол ұзақ уақыт бойы Өзбекстандағы тіл саясатын зерттеумен айналысқан, бірақ ғылыми жұмыс үшін Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жағдайы одан да қызығырақ екенін анықтаған.

NUR.KZ. "Шымкенттік келіннің бір күні қалай өтеді?" - Қазақ халқында келін түсіру дәстүрі бәріне ортақ болғанымен, елдің әр өңірінде оның жөн-жоралғыларында айтарлықтай ерекшелік бар. Келіннің міндеттерін де әркім өздігінше түсінеді. Соның ішінде оңтүстік өңірінің келіндеріне қойылатын талаптарды көбі шошына қабылдайды.

AZATTYQ.ORG. "Теңгені айтқанда мұнай мен саясат та сөз болды" - Теңгенің долларға шаққанда тағы құнсыздануын «қаржы нарығындағы психологиялық дүрбелең салдары» деушілер де, «Ресеймен бірге ЕАЭО-ға қосылудың әсері» ретінде сипаттаушылар да бар.

"Данияда тұратын қазақтың арманы" - Орхус университетінің түлегі, электроника саласының маманы Қажы Акпар Аюби Қазақстанның «Сауд Арабиясы сияқты тұтынушы емес, Дания сияқты өндіруші елге» айналғанын қалайды.

"Ресей көлік өндірісін Түркияның «тежеуі»" - Петербургтегі тұрмыстық техника шығаратын зауыттар Түркиядан келетін бөлшектер кеденде бөгелгелі тоқтай бастаған. Автомобиль зауыттары да өндірісті доғаруға шақ тұр.

EGEMEN.KZ. "Назарбаев: Еуразиялық одаққа ортақ валютаның қажеттілігі жоқ" - АСТАНА. 13 желтоқсан. Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта шығару әзірге күн тәртібінде қойылған жоқ. Оған қардарлық көрініп тұрған жоқ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұны Қазақстан телеарналарына берген бүгінгі сұхбаты кезінде мәлім етті.

"Жылдың басты қорытындылары: Президентпен бейресми әңгіме" - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «24KZ» және «Қазақстан» телеарналарының журналистері Ерлан Игісінов пен Бейсен Құранбекке жан-жақты сұхбат беріп, онда өтіп бара жатқан жылдың басты қорытындылары туралы әңгімеледі және ел өміріндегі аса маңызды үдерістерге қатысты өзінің пікірін білдірді.

"Мыңжылдық құпиясының шешімі" - Қазақ хандығының 550 жыл­дығына байланысты елімізде өткен жан-жақты, көптеген шаралар халықтың өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін нығайтып, жалпы, көпшіліктің тарих­қа деген құштарлығын арттырып, түсінігін шыңдай түскені анық.

ABAI.KZ. "86-шы жылғы желтоқсанды «халық көтерілісі» деп танитын кез келді" - Келесі, 2016 жылы еліміз Қазақстандағы желтоқсан (1986 ж.) көтерілісінің (бұдан әрі – 86-шы жылғы Желтоқсан) 30 жылдығын атап өтеді. Осы күнге дейін бұл құбылыстың, негізінен алғанда, трагедиялық жағы: көтерілісті басып-жаншу жөніндегі жазалау акциялары, қатысушыларға, сондай-ақ бүкіл қазақ халқына қатысты кең ауқымда жүргізілген қуғын-сүргін шаралары, ұсталып, қамауға алынған, соққыға жығылып, мертіккен, сотталған, жұмыстан босатылған ондаған мың адам туралы айтылып, жазылып келді.

"Телеарналардың «тетігі» кімнің қолында?" - Біздің секем алып отырғанымыз: жақында ғана отандық ақпарат кеңістігін қорғауға бағытталған еліміздегі кабельді телевизияда шетелдік жарнамаларды шектеу туралы қолға алған шаруамыз осындай кепті кие ме деген көңілімізде күдік басым. Өйткені, Парламент «Телехабар тарату туралы» заңға әлгіндей бапты енгізуі сол-ақ екен, елімізде ойбайға бергісіз айқай басталып кетті. Әлгі ойбай осы күні саяси науқанға айналып барады. Жергілікті БАҚ-тардың, тіпті де Құдайы беріп қалды. Олардың ойынша, бұл шектеу негізінен шетелдік телехабарларды тарататын телевизияның басына қара бұлт ұялатып, түбі оларды жауып тынатын көрінеді.

AIKYN.KZ. "Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: АЛАШ САРБАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ТАБЫЛДЫ" - «Алаш әскері» тақырыбы тың жаңа­лық. Бұған дейін азды-көпті деректер жарияланғанымен, толығымен зерттеле қойған жоқ. Белгілі тарихшы, зерттеуші Берік Әбдіғалиұлы Ресей архивтерінен тың деректерді, еш жерде жариялан­ба­ған фотолар мен бейне материал­дарды тауыпты. Ол қандай дерек­тер? Оқырманға қызықты қандай жаңалықтар бар? Сауалымызды Берік Әбдіғалиұлына қойдық.

TURKYSTAN.KZ. "Ағылшындар табиғи апатқа билікті кінәламайды" - Атақты көріпкел Нострадамустың ХХІ ғасырға жасаған болжамының бірінде «Жерді су басады» делінген-мыс. Бірақ қазір мұндай болжаммен ешкімді таң қалдыра алмайсың: себебі әлемнің түкпір-түкпіріндегі табиғи апаттар адам мүмкіндігінің шектеулі екенін күн сайын дәлелдеп жатыр-ақ. Олардың ішінде тасқын судың зарары ерекше.

"Еуразиялық одаққа кедендік кодекс не үшін қажет?" - «Еуразия әлемі» пікірсайыс клубында бас қосқан сарапшылар бұл жолы «Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі: ұлттық мүдде мен мемлекетаралық әріптестіктің арақатынасы» атты тақырыпты талқыға салды.

"Мектепте жас балаларға неге кабинет тазалаттырамыз?" - Қараша айының соңында балабақша терезесінен құлап түскен баланың оқиғасы көпшіліктің наразылығын туғызды. Оқиға Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Балабақшада қараусыз қалған бүлдіршін екінші қабаттың терезесінен төменге ұшып түскен. Тіпті, бала құлағаннан кейін біразға дейін ешкім көмекке де келмейді. Мұның бәрі балабақшадағы бейнетаспаға жазылыпты. Мұндай жағдай елімізде бірінші рет орын алған жоқ. Кішкентай бүлдіршіндердің биіктіктен, терезеден құлап кетуі жиі тіркеледі. Мұның бәрі баланың қауіпсіздігіне салғырт қарайтынымызды көрсетпей ме?

QAZAQUNI.KZ. "Қазақстандағы атышулы 10 ірі сотталушы" - Кезінде қоластындағыларды бір сөзімен тік тұрғызып, билік тұтқасында жүргендердің арасында да істі болғандар баршылық. Қазақстанның 10 ірі сотталушысын назарларыңызға ұсынамыз.

"Орал АҚШОЛАҚОВ: ҰТҚЫР ПАЙДАЛАНА АЛСАҚ, ҮРІМ-БҰТАҒЫМЫЗҒА ЖЕТЕТІН МҰНАЙЫМЫЗ БАР" - «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» атты ұжымдық ғылыми жұмыс Қазақстан Республикасы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын иеленгені мәлім болды. Ұжымдық жұмыстың авторлары алты адамнан тұрады. Олар: Қ.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТУ-дың Мұнай-газ геология­сы кафедрасының меңгерушісі, геоло­гия-минерология ғылымдарының док­торы, профессор Герой Жолтаев, «Ем­бі­МұнайГаз» АҚ бас директоры, геология-минерология ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Есқазиев, «Геокен» ғылы­ми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары, геология-минерология ғылымдарының кандидаты Петр Коврижных, «Мери­диан Петро­леум» ЖШС президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандықов, «ҚазМұнай­Газ» өндіру және бұрғылау технология­лары ғылыми-зерттеу инсти­туты» ЖШС бас директорының игеру және бұрғылау жөніндегі орынбасары, техника ғылым­дарының докторы Ев­гений Огай және «АкАй ­Консалтинг» ЖШС бас дирек­торы­ның орынбасары, геология-ми­не­ро­ло­гия ғылымдарының кандидаты Орал Ақшолақов.

"Ахметовтің кінәсі Тайшыбековтікінен ауыр ма?" - Қазақ қоғамын дүр сілкіндірген екі бірдей сот ісі аяқталып, еліміздің экс-премьер-министрі Серік Ахметов 10 жылға, ал мемлекеттік тұтастығымызға сызат түсіргісі келетін Тайшыбеков 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы екі бірдей шулы іске дәл бір күнде түкте қойылуы кездейсоқтық па? Сонда деймін-ау, Серік Ахметовтің күнәсі Тайшыбековтен ауыр болғаны ма? Сот шешімі неге ел демалысқа кететін жұма күні, оның өзінде түстен кейінгі уақытта белгілі болды?

15 желтоқсан 2015, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.