IFORM.KZ. "Ислам діні туралы жазу үшін журналистер кем дегенде Құранды оқыған болуы керек - сарапшы" - АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының 70 пайызы мұсылман болғандықтан, асыл дініміз - ислам мен исламды жамылып, бүлік тудырып жүрген ұйымдарды ажырата білу үшін журналистер Құран Кәрімді оқып алғаны жөн, - дейді «Дін саласындағы өзекті мәселелерді жариялау жөніндегі ақпараттық жұмыстың қағидалары мен басымдықтары» атты тренинг барысында «Қазмедиа орталығы» басқару компаниясының жанындағы медиамектептің басшысы Дана Рысмұхамедова.
AZATTYQ.ORG. "24.kz директоры: «Ешқашан өтірік айтқан емеспіз»" - 24.kz арнасының директоры Арман Сейітмамыт Лондондағы тілшісі Бэла Құдайбергенованың жұмыстан кету туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
"Түркиядағы орыс экспаттары ертеңгі күнін уайымдайды" - Мәскеу мен Анкара арасындағы ахуал ушыққаны Анталияда тұратын 40 мыңдай ресейлік мигранттарды алаңдатып отыр.
"Режиссер Желтоқсан оқиғасы туралы жаңа пьеса жоғын айтады" - Алматыда қойылған «Желтоқсан желі» спектаклінен соң «1986 жылғы оқиғаның ұйымдастырушылары» туралы ескі сұрақ қозғалып, «драматургтердің ішкі цензурасы» жайлы пікірлер айтылды.
ZHASALASH.KZ. "Б.Исаева: Қудалаудың артында Кремль тұр" - Талғар қаласында тұратын мұғалiм Ботагөз Исаева – әлеуметтiк желiдегi сепаратизммен күресушi белсендiлердiң бiрi. Б.Исаеваның шағымы бойынша бұған дейiн ресейпиғылды сепаратистiк ұйымның әлеуметтiк желiдегi парақшасы жабылды. Қазiргi кезде Жамбыл облысының Қордай ауылында блогер Ермек Тайшыбековтiң үстiнен өтiп жатқан сот процесiне себепкер болған да – Б.Исаева. Алайда ұлт араздығын қоздырды деген баппен сотталып жатқан Е.Тайшыбеков Б.Исаеваның үстiнен де дәл осы бап бойынша арыз түсiрген болатын. Құқық қорғау органдары бiлегiн сыбанып, белсендi iс-қимылға көштi. Дүйсенбi күнi Б.Исаеваның Талғардағы үйiн тiнтiп, кейбiр жеке заттарын тергеушiлер тексеруге әкеткен. Бұл оқиға жайлы белсендi Б.Исаеваның өзiнен сұрап бiлдiк.
"Саргсянның есебi немесе Армениядағы референдум ненi көрсеттi?" - Желтоқсанның 6-сында Арменияда президенттiк басқаруды парламенттiк басқару үлгiсiне алмастыруға арналған референдум өттi. Елдiң орталық сайлау комиссиясының мәлiметiнше, референдумға қатысқан 800 мыңнан астам адамның 63 пайыздайы парламенттiк үлгiнi жақтап, 33 пайызға жетер-жетпесi президенттiк жүйеде қалуды мақұлдаған.
"Заты алмасқан ұғымдар: Қожайын мен қызметшi" - “Халық – Құдайдың екiншi аты" дейдi қазақ. Мұны жұрт бiлгенiмен, шендiлер ұқпай жүр. Дұрысы, қыстырмайды. Қыстырмайтыны – шонжарлардың көпке қоқаңдауынан, қазақты “жалқау" деп мiнегенiнен, жалақы ала алмай жаны күйiнген жұмысшыларды бүлiкшiге балауынан, шеттен келген қандасқа шекеден қарауынан көрiнедi. Мемлекеттiң байлығын оңды-солды шашу да – халықты сыйламаудан туған сықпыт. Жемқорлықтың асқынуы да – халыққа жаны ашымастықтың белгiсi.
"Мұнайдың бағасы түссе оған тәуелдiлердiң болашағы бұлыңғыр тартады" - Өткен аптаның басында ғана 44 доллардың үстiнде тұрған мұнай баррелiнiң бағасы осы аптада 40 доллардан төмен межеге бiр-ақ түстi. 2009 жылғы ақпаннан берi қарай алтын құны бұлайша арзандап көрмеген.
ABAI.KZ. "Теледидардан «шығып кеткен» Путин" - Уақыт өткен сайын әлемдік қауымдастық елдерінің арасында әлдебір әбігерлік, аласапыран жанталас күшейіп келеді. Бұл жерде оны қыздырып отырған іргелі елдердің геосаяси тартысы екені анық. Не үшін? Әрине, ықпал ету аясын кеңейтіп, табиғи ресурстар үшін. Халықаралық маңызды дәлізде орналасқан елдерді өз ырқына көндіру үшін. Айта кетейік, ол таласта қоғамы әлсіз, әскері әлжуаз, жемқорлыққа батқан, орта кеуде болмаса өлместің күніндей экономикасы бар елдерге орын жоқ. Олардың жағдайы керісінше, сондай сұмпайы державасымақтардың тырнағынан қайтіп «аман» қаламыз деген күйде.
SERKE.ORG. "Ежелгі албандар Мексикаға қалай барды?" - Ежелгі номадтар Қазақстаннан Мексикаға көшіп-қонып, кейін оралып жүрген екен. Бұл үшін олар мұз дәуірінде құрлыққа айналып отырған Алеут аралдарынан өткен. Қазақ руларының бірінің арғы аталары Орталық Америка аумағында ольмектер мемлекетін құрған, ол Батыс жартышарындағы ең көне өркениет болып саналады. Әйгілі ғалым Жан Гаскин осындай болжам жасап отыр.
QAMSHY.KZ. "«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін кім сатып алуы мүмкін?" - Жекешелендірудің екінші кезеңін бастау туралы әңгіме шыққанда, мемлекет меншігінен жеке меншікке өтетін нысандар мен активтер қатарында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» де аталды. Кеше «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев банктің 2016 жылы сатылымға шығарылатынын тағы бір мәрте мәлімдеді.
"Алаш әскері шекарамызды шегендеуге ықпал еткен" - 1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында ІІ жалпы қазақ құрылтайы өтіп, Алашорда мемлекеті құрылған болатын. Өкінішке орай, аталған мемлекет небәрі 2 жыл 3 ай тәуелсіз өмір сүрді. Алайда, дәл осы уақыт аралығында Алаш арыстары қолынан келгенінше тәуелсіздікті сақтап қалуға тырысты. Әйтсе де, үш жақты қыспақта қалған Алашорда басшылары сол кездегі жағдайды ескере отырып Кеңес үкіметін амалсыздан мойындады.
AIKYN.KZ. "Пржевальскийді ықтырған Мырзаш батыр кім?" - Зайсан өңірінде Мырзаш Алдиярұлы (шамамен 1824-1888 жылдар) деген батыр өткен. Барымташылығымен, батырлығымен аты шыққан. 1877 және 1879 жылдары орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскийдің Гучень, Тибет, Тарым, Лоб-Нор, Моңғол, Таңғұт елдеріне жасаған саяхат-сапары кезінде осы Мырзаш батыр жолбасшы болған. Бұл туралы «Мырзаш батыр» жырында анық айтылған.
ORALONIRI.KZ. "Қайырсыз білімнің зардабы немесе елді бүлдірген шейхсымақтар" - Соңғы жылдары шетелге өз бетімен кеткен қазақ жастары әлем мойындаған жоғары діни оқу орындарынан емес, құжыралар мен жеке үйлерден теріс білім алып келіп, елді ала тайдай бүлдіруде. Олар Оралда шейх атанып, діни білімі мүлде жоқ уыздай жастардың санасын улап жүр.
JASQAZAQ.KZ. "2-3 адамдық «аншлаг» немесе қазақ киносының көрермені қайда?" - Ақтөбеде соңғы екі айда қазақтар түсірген екі фильмнің премьерасы өтті. Бірі Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі, екіншісі Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбайы». Орталық қалалардан шалғай жатса да, қазақы дүниелердің өңірлерге жетіп жататыны көңіл қуантады. Мүмкін болса, қалт жібермеуге тырысасың. Дегенмен, билетіңді алып, залға кіргенде көңілің су сепкендей басылады. Бір жағынан «күллі залды сен үшін сатып алдым» деп екі-үш әріптесіңнің алдында мақтанып қаласың. Әзілдеп, әрине.