Атырау, 13 қазан 07:15
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Газ конвекторына тыйым салынған ба?

2 565 просмотра

Қалалық әкімдіктегі жылу берушілердің апта сайынғы көңіл қуантарлық есептеріне қарамастан көптеген пәтерлерде әлі    жылу жоқ. Өз бетінше қалай жылытуға болады? Жалпы орталықтандырылған жылу жүйесіне балама боларлықтай нәрсе бар ма?

Бес қабатты үйлерге жеке газ қазандарын орнатуға барлық үй газға көшкен кезде ғана рұқсат берілетіндігі жөнінде жазған едік. Ал, қазіргі дүкендерде ұсынып отырған газ конвекторларына қатысты іс қалай болмақ? Оқырмандар оларды көппәтерлі үйлерде орнатуға бола ма деп сұрайды.

Газ конвекторларын сататын компания директоры Надежда СҮНДЕТОВАНЫҢ айтуынша, «Облтрансгаз» оларды пәтерлерге орнатуға рұқсат бермейді, яғни, құрылыс нормалары және ережелерінде конвекторларды тұрғын жайларда орнату қарастырылмаған.

«Бізге Балықшының 20 тұрғыны өз пәтерлеріне конвектор орнатуға көмектесуді сұрап келген еді, - дейді ол. Өткен жылы біз ТЖ жөніндегі министрлікке және облыс әкімінің атына газ конвекторларын орнатуға рұқсат беруді өтінген хат жолдаған болатынбыз. Артынша «Облтрансгаздан» пәтерлерде газ конвекторларын үш талапты сақтай отырып қана орнатуға болатындығы айтылған жауап хат келді. Бірінші талап бойынша қосымша РПШ кабельдерін орнату, екінші, барлық үйге газбен жабдықтау жүйесін қайта жарақтауды жүргізу және үшінші, егер барлық үй конвекторға көшсе, онда жылуды жертөлеге де жүргізу керек» делінген еді.

Біз  «Облтрансгаз» КМК бас директорының орынбасары Александр БАЛАКИНМЕН хабарластық.  «Біз пәтерлерде газ конвекторларын орнатуға тыйым салдық, өйткені, бұл құралды тұрмыста қолдану үшін рұқсат беретін сертификаты жоқ, -дейді ол. – Газ конвекторларын тұрғын үйден басқа, цехтарда, коммуналдық жайларда, саяжайда қолдануға болады. Егер орталықтандырылған жүйе жанынан жылыту құбырлары барлық бөлме бойынша тегістей орнатылған болса, онда газ конвекторларымен бір бөлме ғана жылытылады. Ал, қалған бөлмелер салқын болады. Оның үстіне конвекторлар ауаны кептіреді. Біз, әрине, оған тыйым сала алмаймыз, бұл ТЖ департаментінің міндеті болмақ, алайда,  «Облтрансгаз» КМК  пәтерлерде газ конвекторларын орнатуға кеңес бермейді».

Сондай-ақ, Балакин бізге газ конвекторларын орнатуға рұқсат алуға өтініш білдірген бір ЖШС-ке жолданған жауап хаттарының көшірмесін салып жіберді: «Тұрғын үй жайларында газбен жылыту құралдарын орнатуға және пайдалануға рұқсат, әдетте, сәулет бөлімі-мен, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы қызмет органдарының келісімінен кейін беріледі. Конвективті жылыту аппаратын тұрғын үйлерде (көп пәтерлік тұрғын үйлерде) орнату қазіргі қолданыстағы ҚР технологиялық және өртке қарсы жобалау санитарлық нормаларында (2.02.-14-2002) қарастырылмаған.

Бұдан басқа, Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің хатында да конвективті аппараттарды тұрғын үй жайларын жылыту үшін қолдануға рұқсат етіледі деп көрсетілмеген».

Атырау облысы бойынша ТЖ жөніндегі департамент бастығы Болатбек ОМАРОВжеке газ қазандарын орнату жөніндегі мәселенің әлі шешілмегендігін хабарлады. «2000 жылға дейін газ құрылғыларын тексеру құқығы арнаулы газ инспекциясына жүктеліп келген болатын. Қазір ол қызмет жоқ, ал, ТЖ жөніндегі департаментке ондай құқық берілмеген. Соңғы екі жыл бойына біз тұрғын үй-коммуналды шаруашылық жанынан газ инспекторлары қызметін құру жөнінде мәселе көтеріп келеміз, қазір бұл мәселе үкімет деңгейінде қаралып жатыр».

– Газ инспекторларына қандай міндеттер жүктеледі?

–Олар газ қазандарын бақылауға алуға тиісті. Ал, енді пәтерлерде  газ қазандары мен конвекторларын орнату мәселесі ешқандай нормативтердің жоқтығына байланысты сол шешілмеген күйінде қалып отыр. Алайда, біз қауіпсіздік мақсатында автономды газ қазандарын екінші қабаттан жоғары орнатуға рұқсат бермейміз. Дегенмен, ҚР ТЖ жөніндегі министрліктің тұрғын үй жайларында газ конвекторларын қолдануға рұқсат берілгендігі анықталды. 2010 жылдың 18 қарашасындағы ЖК сауалнамасына жолданған жауап мынадай: «ҚР ТЖ комитеті ҚР аумағында төлқұжаттық сипаттамасына сәйкес жылыту көлемі 50-500 және КПД-85% болатын конвективті жылыту газ аппаратын қолдануға рұқсат береді».

Төлқұжаттық сипаттамасы бойынша конвективті жылыту газ аппараты тұрғын үй, қоғамдық-тұрмыстық және 125 текше метрге дейінгі көлемдегі өндірістік жайларды жылытуға арналған. Бұл жылыту аппараттарын сатумен айналысушылардың айтуынша, жану барысында шығарылатын өнімдер аз мөлшерде болады, яғни, әдеттегі қазандардағы секілді түтін болмайды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Атырау зертханасы мәліметтерінің қорытындысы бойынша, бір түтінді тұрбадан (бұл жағдайда коаксиолды тұрба орнатылады: тұрбаның ішінде тұрба – бірінен ауа кіреді, екіншісінен жану өнімдері шығарылады) шығатын көмірсутек тотығы және күкірт диоксиді табылмаған, азот тотығы - 0,0003 болған.  «Яғни, газ конвекторларынан шығатын жану өнімдері әдеттегі ас үйде тұрған газ плиталарынан шығатын өнімдермен бірдей», -деп сендіреді сатушы. Газ конвекторларының жұмыс бағытына келетін болсақ, бұл құрал үй-жайды ыстық ауаны конвекциялау арқылы жылытуды жүзеге асырады. Білетін адамдар оның адам тұрмайтын жайлар: цокольды қабат, жертөле, көлікжай, сарай, цех және қойма үшін қолайлы екендігін айтады. Ал, үйге және өрттен қорғайтын желдеткіштегі газ шығаратын тұрбасы бар «камин» түрінде жасалған конвекторлар қолайлы болмақ. 

Жергілікті нарықта ужгородтық «АКОГ» конвекторлары бар, олар эконом-класс моделдеріне жатады. Сатушының айтуынша, бес қабатты типтік үйдің екі бөлмелі пәтеріне тек бір ғана 5-ші модельді газ конвекторын орнатуға болады. Оның қуаттылығы 75 шаршы метрге дейінгі аумаққа есептелген. «Конвектор ас үйден кейінгі келесі бөлмеде орнатылады. Ағашпен жылытылатын кәдімгі пеш секілді жұмыс жасайды, жапсарлас бөлмелердің ортақ бір қабырғасын жылытады. Одан әрі жылу барлық пәтерге біртіндеп тарайды. Газ конвекторынан басқа біз міндетті түрде газ дабылдатқышты орнатуға кеңес береміз».

Іс жүзінде пәтерде (егер тыйым туралы ұмыта тұрсақ) бір газ конвекторын орнатуға болады (екеуі тым қымбатқа шығады), алайда, біздің одан   жанға жайлы жылылық  ала алатындығымыз неғайбіл. Осы себепті газ конвекторын тұрғын үйді жылытатын негізгі жүйе ретінде таңдаудың қажеті де шамалы.

Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА

17 қараша 2011, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.