Фото: ntv.ruАлматы. 7 желтоқсан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Жаңа жылдан бастап үкімет интернетке бақылау орнатуы мүмкін, деп есептейді Қазақстан журналистер одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаев.
«Мен жаңа жылдан соң үкімет интернетті бақылауға алады ма деп қорқамын. Біз Түркменстан, не Өзбекстанға ұқсамаумыз керек. Егер қандай да заңнамалық актілер қабылданатын болса, Қазақстанда тіпті қиын болады. Бұл менің жеке пікірім», - деді С. Матаев дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол желілік басылымдардың жабылу проблемасын қазірдің өзінде шешу өте қиын деп атап өтті.
«Мені Астанаға шақырады, мен кеңестерге қатысамын, және қаншама рет желілік басылымдарға қатысты мәселені көтердім. Маған мемлекет те соған қол созып келе жатқандай көрінеді. Фактілер бар – Zonakz интернет- газетасы, Ratel.kz порталы бұғатталған. Оны кім істегенін таба алмаймыз. Сотқа беру үшін нақты тұлғаны таба алмаймыз. Біз айбалтамызды тасқа шапқандай, осы мәселені шеше алмай жатырмыз», - деді С. Матаев.
Одан басқа, ол әлеуметтік желілерге де бақылау орнатылған деген болжам айтты.
«Мен әлеуметтік желілерге алаңдаулымын. Мен нақты айта алмаймын, бірақ маған әлеуметтік желіге қатысты олар (билік – ҚазТАГ) бір нәрсе қабылдайтындай», - деді ол.
Өз кезегінде, халықаралық «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева, 2015 жылы сөз бостандығына қатысты қылмыстық істер 2014 жылмен салыстырғанда екі есеге артты деді.
«Бізде 2015 жылы жала жабу бойынша қылмыстық қудалау 2014 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты, бұл ретте шағым берушілердің көбі жеке тұлғалар, қылмыстық шағым бойынша да, азаматтық шағым бойынша да, әйтеуір кек алсам дейтіндер. Адамдар (жауап берушілер – ҚазТАГ) ешқандай қылмыс ойластырмағандлар, олардың бар айыбы тәжірибесіздіктен және құқықтық білімінің таяздығынан», - деді ол.
Бұл ретте ҚР Журналистер одағы мен «Әділ сөз» қорының таратқан мәлімдемесінде пікір таратумен күрес қоғамда үрей тудырады деп атап көрсетілген.
«Экстремизммен, сепаратизммен, ұлатаралық және діни алауыздықты қоздыруға қарсы өте маңызды күрес іс жүзінде басқаша ойлауға, пікір мен ұсыныс таратуға қарсы күреске айналып кетеді, тәжірибесі жоқ блоггерлердің және енді әлеуметтік желілерде бастаған пайдаланушылар қателігі әдейі саналы түрде жасалған қателік деп танылып, қоғамда үрей атмосферасын қалыптастырады», - делінген мәлімдемеде.
Дереккөз: ҚазТАГ