TENGRINEWS.KZ. "ДАИШ-тың мұнай бизнесіне Ердоған мен оның отбасының қатысы бар - РФ Қорғаныс министрлігі" - Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен оның отбасы - Сирия мен Ирак территориясында халықаралық лаңкестердің бақылауындағы қылмыстық жолмен жеткізілетін мұнай өнімінің бас тұтынушылары. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
NUR.KZ. "Келін-шай мен ененің аяғын жуу: Қазақстанда қалай мінсіз келін атануға болады?" - Келін мен ене қарым-қатынасы қашан да ел талқысында жүреді. Себебі жаңа түскен келінге қойылатын талаптар жетіп артылады. Келінге қатысты кей оғаш дәстүрлер оны алғаш естігендерді есеңгіретіп тастаса, таң қалмаңыз.
"$1000, қымбат көлік, теледидар: Отандық жұлдыздардың ең ерекше сыйлықтары" - Қазақстандық шоу-бизнесте өнері өрге домалап, жанкүйерлердің махаббатына бөленіп жүрген бақытты жұлдыздар қаншама. Бірі ғашық жандардың жүрек сырын шерткен махаббат хаттарын жиі алса, енді бірі үнемі тыңдармандардан сыйлық алып жүреді.
AZATTYQ.ORG. "Ауғанстанда «абыройсыз» қалыңдықты қатал жазалау әлі бар" - Ауғанстанда алғашқы неке түні пәктігін дәлелдей алмаған қалыңдық өмір бойы азап кешіп өтеді. Олардың кейбірін түрмеге жапса, кейбіреуін тіпті өлтіріп тастайды.
"Сегіз қырлы, бір сырлы" - Философиялық тұрғыдан алсақ, Асқар Сүлейменов - Хайдеггер бағытындағы экзистенциалист, біздің топырақтағы осы ағымның негізін қалаушы.
ZHEBE.COM. "Р. Ердоған ДАИШ-тің Түркияға мұнай жеткізгені дәлелденсе қызметтен кетуге сөз берді" - Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған Түркия «Ислам мемлекеті» содырларынан мұнай сатып алып жатқаны дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлады РБК түріктің Daily Sabah басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы түрік лидері ресейлік президент Владимир Путиннің Су-24 жойғышына шабуылды ИМ-нің Түркияға мұнай тасымалдауын қорғаудың әрекеті деп атаған соң айтты. Ердоған мұндай айыптауларды айту үшін дәлелдер керектігін айтты. Сонымен қатар ол Түркия қай елдерден мұнай сатып алатыны белгілі екендігін жеткізді. «Біз мұнайды Ресей, Иран, Әзербайжан, Катар және Нигериядан сатып аламыз. Сондықтан бұл айыптаулар жөнсіз», - деп атап өтті Ердоған.
ABAI.KZ. "Кешіріңіздер бізді, желтоқсаншылар!" - Қазақ баласы 300 жыл бойы отарлау саясатының тегеурінді тепкісін көрді. Сол 300 жыл ішінде саңлақтарымыз азаттық үшін империяға қарсы шығып, 300-ден астам (кейбір деректерде 400-ге жуық) ірілі-ұсақты көтеріліс жасады. Әрине, Хан Кененің қарулы қарсылығымен басталған күрестің нүктесі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен соң қойылып, бабалар армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бірақ осыдан 29 жыл бұрын Алматының алаңына шыққан 20 мыңға жуық азаматымыздың ерлігі биыл да ұмыт қалатын түрі бар. Есесіне, жаңа жылдық шыршаны безендіріп, Желтоқан көтерілісінде қаза болған оғландардың әруағын масқаралауды бастап кеттік.
"Есімов Сапарбаевқа не үшін шүйлікті?" - Кеше, 2 желтоқсан күні Ақтөбе облысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдіктерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған.
SERKE.ORG. "Түркия мен Ресейдің текетіресі шарықтау шегіне жетті" - Түркия Сирия шекарасында Ресейдің әскери ұшағын атып түсірген соң екі елдің бір біріне деген өшпенділігі өршіп кетті. Ресей Түркияға қарсы экономикалық сипаттағы санкциялардың түгелге жуығын жасап үлгерді: түрік тауарларының Ресейде сатылуына шектеу қойылды; екі ел арасындағы визасыз режимді жойып, түрік азаматтарын жұмысқа алмау жөнінде арнайы қаулы шығарылды; Түркия бағытындағы туризм тоқтатылды; тіпті Ресей Еуразиялық экономикалық одақ және Кеден одағына кіретін постсоветтік елдердің Түркиямен сауда-саттық жасауына кедергілер қойып жатыр. Енді қалғаны – Краснодар өлкесінен Қара теңіздің түбі арқылы түріктің Самсун қаласына, одан әрі Анкара бағытына тартылған газды буып тастау. Бірақ, мұндай экономикалық санкцияларға түрік үкіметі қылы қисаймайтындай кейіпте отыр. Түрік премьер-министрі Ахмет Давутоглу экономикалық санкциялардың Түркия ғана емес, Ресейдің өзіне де зиян екенін, сондықтан екі елдің өзара мүдделілігі жөнінде айтумен ғана шектелді. Ал президент Реджеп Тайып Ердоған Түркияны энергия көздерімен қамтамасыз ету Ресейге тіреліп тұрмағанын, қажеттілік туындай қалса, газды Әзірбайжан мен Ираннан, тіпті басқа елдерден тасымалдауға мүмкіндігі барын айтты.
AIKYN.KZ. "Қазақ ауылын голландықтар гүлдендіреді" - Қазақстанның ауыл шаруашылығын Голландия өркендетуі мүмкін. Бұл туралы Нидерланды Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттенің елімізге ресми сапары барысында мәлім болды. Кеше мәртебелі мейманымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада кездесті. Кездесуде екі елдің сауда-экономикалық, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және ғарыш салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыға салынды. Бір айта кетер жайт, бұл мемлекет – республикамыздың №1 еуропалық инвесторы болып табылады.
"Жошы хан қазаққа жат па?" - Рухы мықты, қуатты мемлекет құру – әр ұлттың арманы. Бірақ сол мақсатқа жету үшін, ұлтты жұдырықша жұмылдырып, жүрегіне нұр құйып, көкірегіне асқақ арман тұндырып, бойына қайрат, жанына жанартаудай намыс беретін бір рух керек-ақ.
"Алақан, саусақ сызықтарының құпиясы" - Алақан мен саусақтың құдіретінің барын білген әлем елінің ғалымдары ғылыми орталықтар құрып, арнайы зерттеулер жасаумен көптен бері шұғылданып келеді.
EGEMEN.KZ. "Абыралы: айтылмаған ақиқат" - 1953 жылдың 5 тамызы. Мәскеу. «Күн көсем» И. Сталиннің бірегей билігі үзілгеніне бесінші ай. КСРО Жоғары Кеңесі сессиясында баяндама жасаушы, Үкімет төрағасы Г.М.Маленковтің сөзіне күллі кеңес халқының ынтасы ауған айшықты мезет. Өйтетін себебі, Үкімет құрамы жаңарып, бірегей билеуші лауазымын қолына алған Георгий Максимилианович ел тірлігіне тың өзгерістер туғызады деген үміт жұртты елеңдеткен уақыт. Ал қордаланған мәселелер ерекше мол. Соның ең бастысы – Кеңес елін жаппай жайлаған кедейшілік пен сыпыра жетімсіздік. Әсіресе, азық-түлікке тапшылық, халық тұтынатын киім-кешек, әртүрлі бұйым мен заттарға жұтаңдық. Тұрғын үйге ділгерлік те үзілер шекке тақаған; әлденеше отбасы тапал барактарға, бір ас үй, бір туалетке қамалған таршылықта тұрады; тұрмыстық тауарлар шығаратын өндіріс те көтерем халде…
ALASHAINASY.KZ. "Кенесары хақында кім не дейді?" - Кенесары заманында, сол кездегі құрылымда орыс әскері «мұздай қаруланған». Олай дейтініміз винтовка, зеңбірек, тапаншаның бірнеше түрімен қаруланып, белінен қылыш түспеген кез. Есім хан, Жәңгір хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан дәуіріндегі найзаның ұшы мұқалып, қылыштың жүзі майырылып орыстар жеткен жетістікке қазақтар жете алмай пұшайман болған кез. Соның өзінде «заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген қағиданы берік ұстанған Кенесары хан оқ жетпейтін жерден қаша соғысып, кең даласының құдырет күшін еркін пайдалана білді. Артынан қуған жазалаушы отрядтар сары далада сансырап Кенесарының иегінің астынан адасып қырғынға ұшырап отырды. Соғыс – үлкен өнерді қажет етеді.
INFORM.KZ. "Жолдау-2015: Әрбір қазақстандық үшін маңызды 35 факт".
TURKYSTAN.KZ. "Шетелде емделу сән бе екен?…" - Отандастарымыз жылына 200 млн. долларды өзге елдердің медицинасына жұмсайды. Қазақстандықтар шет мемлекеттерде емделу үшін жылына 200 миллион доллар қаражат жұмсайды екен. Мұны Havard Medical International ұйымы анықтады. Таяуда еліміздің вице-премьері Дариға Назарбаева да шет мемлекеттердің медициналық қызметіне жүгінетін отандастарымыздың қатары көбейгендігін тілге тиек еткен еді. Дертіне дауаны шетелден іздейтіндердің қатары неге көп?
"Көреген Олегтің қалқанында «Ислам үшін!» деген жазу болған" - Белгілі фольклоршы ғалым Исмаил Мунаев «Нахчийн фольклор» атты кітаптың алтыншы томын құрастырып, жарыққа шығарды. Тарихта қарапайым адамдар біле бермейтін, ашық айтыла қоймаған жайттар көп. Әсіресе, орыс тарихында. Мәселен, Мәскеуді ляхтардан (поляктардан) азат етуші Минин мен Пожарскийдің Қызыл алаңдағы ескерткішін бәріміз де білеміз. Бірақ бұл жеңістің ұйымдастырушысы һәм шабыттандырушысы шешен князі Черкасский екенін екінің бірі біле бермейді.
"Емханаларды бизнесмендер басқармақ" - 2015 жыл да аяқталуға жақын. Үстіміздегі жылы медицина саласында біршама өзгерістер болғаны белгілі. Келер жыл да еліміздің денсаулық сақтау саласына өз жаңалықтарын ала келмек. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова таяуда ғана Парламентте өткен басқосуда 2016 жылдан бастап еліміздің денсаулық сақтау саласында өзгерістер болатынын мәлімдеді.
QAMSHY.KZ. "Ресей билігі Қазақстанды әлі күнге отар ел көре ме?" - Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Астана мен Бішкектен Түркиямен сауда-саттық жасауға тиым салуды талап етті. Орыс премьерінің пәрмені бойынша Еуразиялық одаққа мүше осы қос мемлекет өздеріне Түркиядан келетін жүк көліктеріне шектеу қою керек екен. Осы ретте талап ету деген сөз, Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аяқ басқан Қазақ елі мен Қырғыз Ресепубликасына ұнамайтыны анық. Алайда, Кремль «өзім білемдікке» салып, әлдеқашан егемен ел атанған мемлекеттер үшін қастерлі құндылықты аяқ асты еткісі келеді.
"Ресейден Кенесарының бас сүйегін сұрауға не кедергі?" - Елордамыз Астанада желтоқсанның бірінен бастап «Эрмитаж күндері» өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша бұл шара Қазақстан мен Ресей арасындағы ортақ музей кеңістігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондықтан да бұдан былай«Эрмитаж күндері» елімізде екі жылда бір рет өтетін болды. Бұл келісімге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Эрмитаж директоры Михайл Пиотровский кездесуінен соң қол жеткізіліп отыр.
"Түркияның бүгінгі билігі кімнің сойылын соғуда?" - Кеше ғана, атап айтқанда 2015 жылы 24 қарашада Орыстың Су -25 ұшағын Түрік сарбаздары атып түсіргені мәлім болды. Алайда бұл үлкен саяси ойынның бір ғана ценариі екенін көп адам біле бермесе керек. Әрине озбыр орыстың өзінің орта шығыстағы мүддесі мен ЕвроОдақ алдындағы байлық таласындағы қақтығысы Сирия жерінде жалғасқалы да 2 айдан асқаны белгілі. Құдайы көршіміздің батып кеткен таяғын ұмыта алмасақ та кейде шындық пен болашаққа шынайы көзбен қараған жөн секілді.
"Түркияны айыптағаннан не ұтамыз?" - Ресей мен Түркия арасында орын алып отырған соңғы шиеленістерге қатысты «Қамшы» порталында 28 қараша күні Алтай Бұқарбаевтың «Түркияның бүгінгі билігі кімнің сойылын соғуда?» деген мақаласы жарияланған еді. Мақала сайт оқырмандары мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, екі ел арасындағы кикілжіңге байланысты түрлі пікірлердің тууына түрткі болды. Олардың арасында Ресей ұшағын атып құлатқан Түркия билігін айыптаушылар да, әлемдік саясатта қолдаушысыз қалып отырған Ресейді жер жебіріне жетіп кіналағандар да көп. Портал редакциясына Серік Мұратхан есімді оқырман да осы мәселеге орай ой білдірген мақаласын жолдаған екен. Оқырмандар арасында пікір алуандылығын қамтамасыз ету мақсатында автор мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.