Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан министрлер кабинетінің жұмысы туралы, жүйелі проблемалар, патриотизмді дұрыс түсіндірмеушілік және қазіргі заман балалары ғарышкерлік туралы армандамай кету себебі туралы ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында Кеңестер одағының батыры, Халық қаһарманы, КСРО еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы Тоқтар Әубәкіров айтып берді.
- Тоқтар Оңғарбайұлы, Сіз қазір немен айналысасыз, неге отандық ғарышкерлік туралы әңгімеден қашқақтайсыз?
- Бұған қатысты алда да мен ешнәрсе айтқым жоқ. Қазір мен жұмыс істеп жатырмын және ол маған ұнайды. Өте жақсы ұжым, командашыл, бұл компанияда адам көптігіне қарамай.
- Саясатқа қайта оралғыңыз келмей ме? Онда салиқалы, саналы адам ешуақытта артық болмас еді.
- Сіз мені солай деп бағалағаныңыз үшін рақмет.
- Шынымен де! Қазір саяси орта тым тар, және онда жарқын саяси тұлғалар жоқ екені айдан анық қой.
- Ондай адамдар бар, бірақ олар өздерін аша алмай жүргенін айтқым келеді. Қазіргі депутаттардың арасында (парламенттегі – ҚазТАГ) дарынды адамдар бар. Ғылыми тұрғыда өте ақылды адамдар бар.
- Бірақ Сізге қатысты алсақ ше?
- Маған? Мен болдым ғой. Үш мәрте депутат болдым. Үшеуінде де сәтсіз болып, барлық кезде де парламентті таратып жіберді. Мен кедергі келтіріп неғылам? Егер мен тағыда парламентте барсам, парламентті тағы да таратып жібереді. Сондықтан олар сонда отырып, жұмыс жасай берсін. Өзіңіз білесіз, көбі онда жылы жер іздеп барады. Ешкім ешқайда қумайды, ешкім жұмыс істе деп мәжбүрлемейді, ал «иә» деген түймені баса салу, әсіресе оған нұсқау жоғарыдан келсе, бітті, «сәлем, біз түсінеміз». Ешқандай түзетушіліксіз. Көптің ішінде ақ қарға болғым келмейді.
- Кезінде сіздің тұлғаңыз оппозициялық қатарда ерекшелетін.
- Оппозиция дегеніміз не? Қазір Қазақстанда оппозицияны халық пен үкімет арасында алауыздылық тудыратын тетік деп қабылдайды. Ол дұрыс емес. Менің түсінігім бойынша, керісінше, ол адамдар билік басындағы үкімет қалғып кетпеуі үшін түртпектеп отырады.
Түсінесіз бе, егер біз үкіметті түртпектеп отырмасақ, онда үкімет «ешкім де сұрап жатқан жоқ қой, ешкім талап етіп жатқан жоқ, ертеңге, оның арғы күніне қалдыра салуға да болады ғой» дейді. Бізде әр кез уақытты соза береді, ал есімізді жиғанда паравоз бар екпінімен кетіп бара жатады да, оған секіріп мініп үлгеруіміз керек болады. Әлем орнында тұрмайды, ол үнемі қозғалыста. Бәрінен кеш қалуымыз мүмкін, оны қуып жету қиын.
Үкіметте дарынсыз адамдар отыр дегім келмейді. Дарынды адамдар да бар, онда мәселелерді шешетін адамдар да бар, адамның болмысы сол ғой. Әр кез артыңда өкшелеп келе жатқан бір адам болуы керек. Сені итеріп жіберіп, сенің орныңа отыра алатын. Оппозиция дегініміз осы! Олар «сіздер дұрыс істемей жатырсыздар, біз оны алмастыра аламыз, біз оны былайша көріп отырмыз» деп айта алатындар. Ал билік басындағы үкіметтен де әлсіз оппозиция, кешіріңіз, ол оппозиция емес.
- Демек, Қазақстанда оппозиция мүлдем жоқ қой, себебі үкімет қалғымас үшін оны түртпектеп отырған ешкім де жоқ?
- Сіз соңғы екі жылда оппозицияның бір даусын естідіңіз бе?
- «Нұр Отаннан» басқа «Ақ жолдың», коммунистердің фракциясы бар. Азат Перуашев естіліп қалады, Айқын Қоңыров...
- Перуашев? Ол бұған дейін өзінің айтқандарына басқа бір нәрсе қосты ма? Жоқ. Оның жәй әшейін айтатыны, «иә, бар, бірақ оны былай істеу керек еді». Бизнестің адамы ретінде ол қай жерден не пайда болатынын жақсы түсінеді. Ол тамаша, бірақ ол партия деп аталмайды, оппозиция емес, лоббизм деп аталады.
- Сіз мәжілісмен Қоңыровтың бір бөлке нан бағасын 300 теңге деп бекіту керек деген ұсынысына қалай қарайсыз?
- Бұл жерде ең бастысы ол оны қалай істеу керектігін жазады! Бірақ теңгені еркін жүзуге жіберер алдында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев нан бағасы ешуақытта өзгермейді деп айтқанын ешкім назарға алмай отыр. Әлеуметтік қызмет бағасын ешкім өзгертпейді деп ол барлығын ескертті.
Бір ай өтпей жатып ол сөздердің барлығы желге ұшып кетті. Неге? Неге екені белгісіз үкімет пен министрлер кабинеті президенттің айтқандарына қарсы шығады, мен түсінбеймін. Және осыдан кейін олар әлі күнге қалайша өздерінің лауазымдарын алып отыр?! Меніңше егер паравоз рельстен шығып кетсе, оны әрмен итеріп тастау керек!
- Сіз министрлер кабинеті отставкаға кетуі керек деп есептеймісіз?
- Министрлер кабинетінің барлығы дей алмаймын, бірақ сондағы отырған жігіттердің біразы кетуі керек деп есептеймін. Олар тыныш қана еркін жүзуге кетсе болар еді, ал одан ешкім де зиян шекпес еді.
- Ал оларды алмастырарлық тұлғалар бар ма?
- Бар. Келімбетовті де (ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағасы – ҚазТАГ) алмастыратын адам табылды ғой. Айтпақшы, Қайрат Нематұлы қайда бармаса да, ол барлық жерде істі құлататыны маған өкінішті. Бұған дейін оны ешкін неге байқамаған? Осындай жауапты лауазымға оны кім ұсынған? Оны президент алдында үкімет ұсынды ғой! Меніңше ол адам тек орын алып отырды: үкіметте болғанда да, «Самұрық-Қазына» жетекшісі болғанда да.
- Сізді талай рет Ресейге шақырды, неге кетіп қалмадыңыз?
- Көп емес. Президент Путин әскери-ғарыштық іс бойынша кеңесші ретінде шақырды. Бірақ ешуақытта да сен бір патшаға қызмет етіп жүріп, басқасына бас ию - болмайды. Демек, ондай қызметті доғару керек. Мен оған айттым, мен отаныма, өз халқыма қызмет етіп жүрмін, сондықтан ешқайда кете алмаймын дедім.
- Сонда да. Сіздің ойыңызша, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарап, болашаққа қандай болжам жасауға болады деп ойлайсыз?
- Бұл кең көлемді мәселе. Біздің әлеммен бірге нық басқымыз келетінін атап өту керек, бірақ олай болмай жатыр. Әлеммен бірге қадам басу үшін үлкен қадам керек, ал бізде әзірге аяғымыз қысқа. Біздің экономикамыз тек шикізат базасына ғана негізделген. Президент үнемі айтып келе жатыр, шикізат бағытынан кетуіміз керек, мемлекетте өндіріс орындарын құру керек.
Істе не болып жатыр? Иә, алақай, көлік құрастырып жатырмыз. Оның доғалақтары бөлек келді, Біз соны құрастырдық та. «Алақай! Біз көлік құрастырдық!» деп айқайладық. Бірақ, кешіріңдер, жігіттер, ол олай емес. Бізде сол өндіріс жолға қойылғанда ғана, сол көліктің бөлшектерін өзіміз шығарғанда ғана құрастырған болып есептеледі…
- Бізге не кедергі? Әлеует бар, адами ресурстар бар, еңбек нарығында жүрген жұмыссыздар қаншама.
- Өкінішке орай сіз қателесесіз. Бізде шикізат бар, бірақ жұмысшы әлеуеті жоқ. Қазақстанда КСРО құрамында болғанда, сол кезде соңғы рет темір ұсталарын, дәнекерлеушілреді, комбайншыларды, және басқа да көптеген қажет мамандарды дйаныдады. Қазір тіпті тігіншідерді де дайындамаймыз!
Сол темір ұсталарын - слесарды дайындау үшін техникалық база жоқ. Мемлекет осыны ойласа екен, ойласа екен, бірақ, өкінішті! Нәтижесінде барлығы шетелден әкелінеді. Неге өйтпеске, Қазақстан қазірдің өзінде Кувейтке айналды, барлық қазақстындықтардың, мұнай сатылымынан түсетін ақшаға арнаған жеке шоттары бар кувейттіктер секілді біз де жұмыс жасамауымызға болады, сондықтан мамандарды да дайындамай-ақ қоюға болады емес пе?
Елде совхоздар, колхоздар жабылды, бірақ сонда тұрған адамдар қазір қайда? Астана мен Алматыда базарда сауда жасап тұр! Олар үлкен қалаларда жүр. Барлық облыстық қалалар адамдарға толды. Егер бұрын қалалық тұрғындар саны 100-200 мың болса, қазір 500 мың және одан да жоғары.
Оған себеп сүт өңдейтін кәсіпорындардың, май зауыттарының, шағын фермалардың жабылуы, ал бұрын әр өңірде, әр аудан орталығында олар болды. Қазір ірімшікті Солтүстік Қазақстаннан туу Жезқазғанға тасимыз. Бұл дұрыс емес. Әр өңірдің өзінің өнімі болуы керек. Сол кезде көлік шығындарының болмауы салдарынан тауардың өзіндік құны да төмен болады.
Сол жұмыс қолдары қайда? Тіпті ұлттық авиатасымалдаушыны алайық - ұшқыш болып жүрген не түрік, не ағылшындық, ал қазақстандық - жоқ. Бір кездері болғандары жастарына байланысты жұмыстан кетті, ал жастарды біз дайындап жатқан жоқпыз, не үшін? Кез келген салада дәл осындай жағдай.
- Әркез, кім кінәлі деген сұрақ өзекті болып отырады...
- Жүйе кінәлі. Жүйе, атап айтсақ, үкімет болашақ туралы ойлана ма деп сұрайтын сәт. Міне сізге жауап!
- … сонда не істесек болады?
- Дұрыс ойластырылған бағыт бар - елге керек мамандарды мемлекет есебінен шетелде оқыту. Бұл супер идея. Ақырындап оқытудың барлық процесі мен осындай мамандарды пайдалану барынша дұрыс жаққа қарай өзгеруде. Себебі олардың сол жақта оқып, сол жақта жұмысқа орналасып қалып қоятынын түсінді. Оған қоса ол жаққа дарынды балалар кетеді ғой.
Тек сол жақты көру үшін баратындар аз. Олай баратындар елге қайта оралып, жоғары қызметтер атқарады, қатты қабілетті болмаса да. Ал дарынды жастар қалып қояды. Мұны тоқтату керек. Бірақ Қазақстанда олар үшін жұмыс жоқ – міне мәселе қайда. Олар осы жаққа келгенде, бір жерге менеджер болып бар дейді.
- Ал кәсіпорындар мен жұмысшы мамандықтар ше?
- Ондай мамандарды шетелге оқуға жіберу керек, бірақ олардың міндетті түрде елге оралу керектігі, оқуға кеткен ақшаны қайтару керектігі ғана емес, егер олар сол жақта қалып қоятын болса, моралдық шығынды өтеу керектігі туралы мәміле жасау керек. Онда мүлде басқаша болады. Бірақ мемлекет сол маманды тиісті жұмыспен қамтуы керек.
Қазір индустрияландыру, біз мамандарды осы бағытта дайындауымыз керек. Тек гуманитарлық ғылымдар – болды, алға, кеттік. Айтпақшы, бұл тақырып қалай жалғасса, солай кетеді. Ең бастысы – санмен, мынша адамға сұраныс бар, демек сонша адамды ғана жібереміз. Не үшін, кім үшін – біл бірінші кезекте емес. Бұл процеске ешкім олай қарамайды, индустрияландыру үшін қандай мамандар, қандай салалар бойынша керек?
Қанша кәсіпорын бар және әлі нешеуін ашамыз, бәрін қарау керек, санау керек, Соған сәйкес мамандарды дайындауға бет бұрып, заңгерлер мен қаржыгерлерді дайындап, еңбек нарығын толтырудың керегі жоқ. Барлық университтерде қазір туризм дамып жатыр. Сол үшін заңгерлер толып кетті. Осылай жүре береміз... Инженерлер керек!
- Соңғы сұрақ, ғарыш мәселесін қозғамаймыз дегенбіз, сонда да. Неге қазіргі балалар ғарышкер болуды армандамайды? Есіңізде ме, 20 жыл бұрын, мектеп оқушылары «Кім болғым келеді?» деген шығармаға «ғарышкер» деп жазушы еді.
- Психология өзгерген. Басқалардың ауқатты тұрып жатқанын, ештемеден таршылық көріп отырмағанын бәрі көріп отыр, басқалары да сондай болғысы келеді. Себебі сол ауқатты адам, бұрын қарапайым ғана адам болатын, ақырындап байыды, ал енді біреулер кедейлік қамытынан шыға алмай жүр. Қандай патриотизм, қандай ғарыш туралы ойлай алсын адамдар?
Әрине, ең алдымен, кедейдің балалары кедейшіліктен арылғылары келеді, ал байдың балалары сол байлықтан айырылып қалмауды ойлайды. Ал ғарыш саласы не береді? Қолдарын шапалақтап «алақай, алақай» деп айқайлады, кездесті, сосын болды, сау болыңыз. Ал оның прогресс, ғылым екенімен, ел үшін ғана емес, адамзаттың болашағы үшін де осы ғылыммен айналысу керектігімен ешкімнің шаруасы жоқ. Көбі онымен басқалар айналыса берсін, тек мен емес деп ойлайды.
Қазір адамдар пайдақор болып кеткен, себебі оларда отбасында солай. Мектепте де сондай жағдай. Мұғалімдер бірде жоспарларының, бірде бағарламаларының соңында жүреді. Бәрінің өз шаруалары бар. адамдардың көбінде осындай үлкен, қиын шаруалары тұрғанда, баласының тәрбиесі бар, сондықтан сондай нәрсе туралы ойлануға да уақыт жоқ.
- Онда елде ғарыш саласы мүлде болмайтын шығар...
- Болады. Не дегенмен де қазір бар, аздаған жігіттер мен қыздар арасынан шығады. Мені ешкім қолымнан сүйреген жоқ. Мен ештемені армандаған жоқпын, тек ұшуды ғана армандадым.
- Неге сіздің балаларыңыз сіздің жолыңызды қумаған?
- Бүгінгі балалар өз жолдарын өзі таңдайды. Әрине, болуы мүмкін, бір кездері менің жолдасым маған біздің отбасында бір ұшқыш жеткілікті деген болатын. Менің немерем жолымды қуады деп үміттенемін!
- Сұхбатыңызға рақмет!
Дереккөз: ҚазТАГ