Атырау, 26 қараша 12:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Батыс «Ислам мемлекетінің» қауіптілігін түсінбейді - БАҚ

3 707 просмотра

Image 0© AP.Израильдік NRG басылымына жарияланған мақаланың авторы Иегуда Баланга.Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Талайдан бері тек сириялық азаматтардың ғана немесе ел президенті Башар Асадтың ғана проблемасы болып табылмайтын азаматтық соғыс басталғалы жақында бес жыл толады, деп хабарлайды израильдік NRG басылымы.

«Шындықты мойындайықшы: Еуропа, АҚШ, бүкіл батыс әлемі шындықты көрмей өмір сүріп жатыр. Басқаша айтқанда, Еуропа – еуропалықтар үшін, ал Таяу Шығыс – мейлі тіпті жарылып кетсін. Әңгіме Ресей, Иран және «Хезболла», еркін сириялық армиямен, ан-Нусра майданымен және толып жатқан топтар қатарымен соғысып жатқан шейіттер лагері тартылған шиеленіс туралы болып отыр. Олар исламның сүнниттер ағымына жатады және Сауд Арабиясы, Иордания және Түркия сынды мемлекеттер тарапынан қолдау алып отыр. Бірақ олардың барлығына «Ислам мемлекеті» қауіп төндіруде», - делінген сейсенбі күнгі жарияланымда.

ИГИЛ өз жолын 2004 жылы Ирактағы «Аль-Каида» қозғалысының бір бөлігі ретінде бастағанын басылым еске салады. Алты жыл өткенде Абу Бакр аль-Багдади есімді адам ұйым басшылығын өз қолына алды. 2011 жылы Сирияда азаматтық соғыс өршіп тұрғанда аль-Багдади осы елге өзінің содырларын жіберуді шешті (ан-Наср майданы).

Біраз уақыт өткенде аль-Багдади жергілікті «Аль-Каида» бөлімшесінен тұратын өзінің тобын өзі басқаратын Ислам халифатына айналдыруды шешті. Алғашқы кезде аль-Багдадидің ойынша халифат Сирия мен Ирак аумағына таралды. Осыған байланысты ИМ мен «Аль-Каида» арасында идеологиялық алшақтық туындады.

Аль-Багдади армиясы Сирия аумағында әр түрлі суниттік топтарға қарсы, әрине, Башар Асадтың режиміне де қарсы соғыс бастады. Аль-Багдади халифаттың астанасын сириялық Ар-Ракка қаласында негіздеді. Осылайшы оның тобы өзінің әскери және саяси ықпалын күшейте түсті. 2014 жылы маусымда аль-Багдади Сирия және Ирактағы Ислам мемлекетінің (ИГИЛ) құрылғандығын жариялады.

Осы сәттен бастап оқиғалар мүлдем өзгерді. Оны еуропалықтар мен американдықтар әлі түсінбей отыр: ИМ топ болудан қалды және мемлекетке айналды. Одан басқа, ИМ-де астанасы мен басшылығы бар, оның өзіндік идеологиясы бар – джихад арқылы исламды тарату.

Ол, әрине, дінсіздермен соғыс, олардың мемлекеттерінің аумағын Құран заңдарына сай басқару. Айтпақшы, «Ислам мемлекетінің» көзқарасынша «діннен безгендер» болып табылатын барлық араб және мұсылман режимдері осы санатқа жатады. Олардың ішінде - аллавиттік Сирия, Сауд Арабиясы, секулярлы Египет, Иордания, Ирак, Түркия бар. Ол мемлекеттердің тізімі айтарлықтай үлкен.

Бірақ ИМ идеологиясынан басқа әскери, экономикалық, ағартушылық және заңгерлік инфрақұрылымдары бар. Ислам мемлекетінің армиясының қатарында 30-50 мыңдай жауынгер бар және олар сириялық аумақтың 40%-ын бақылап отыр. ИМ басып алған аумақта аль-Багдади мемлекеті осы аудан халқының күнделікті тұрмыс мәселелерін шешеді – сумен, электрмен қамтамасыз ету, санитарлық мәселелер, инфрақұрылымды техникалық қолдау.

«Ислам мемлекеті» арнайы министрлік құрды. Ол салық жинаумен және қаржылық мәселелермен айналысатын тармақты бюрократиялық құрылым болып табылады.

Исламшылдардың бақылауындағы аумақта патруль жасақтарымен тәулігіне 24 сағат, елді мекендердің көшелерінде Шариғат заңдарының орындалуына қатаң бақылау жүргізлуде: ерлер мен әйелдердің сыпайы киініп жүруіне, азаматтардың намазға дер кезінде келуіне, есірткі мен алкогольге тыйым салу және т.б. Және, кез келген мемлекет сияқты Ислам мемлекеті де 2014 жылы қарашада өзініңі ақшалай таңбаларын – ислам динарын – шығара бастады.

«Ислам мемлекеті» өзінің сот жүйесін құрды. Онда шешімді мұсылман судьялар қабылдайды. Ол судьялар күнделікті мәселелерді шешуде де: отбасылық дау, мұсылмандар мен мұсылман еместердің арасындағы қарым-қатынасты шешуде - судья ретінде болады. Бұл ИМ-нің тәуелсіз мәртебесінің тағы бір факторы.

Экономикалық салада да ИМ күн көре алады. Әр түрлі дерек көздерінің мәліметтерінше, «Ислам мемлекеті» Парсы шығанағы елдерінен (Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы) қаражат алып отыр. Ол қаражаттарды қайырымдылық қорлармен бүркемеленген жеке тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдар аударып отырады. Осы ақшаларды аударып отырғандар ол ақшаның қайда түсіп отырғанын жақсы біледі. Одан басқа, «Ислам мемлекетінде» Сирия мен Ирактың мұнай кеніштері де бар.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 қараша 2015, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.