Атырау, 19 желтоқсан 22:42
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Мемдума депутаты ЕАЭО ортақ валютасының қалай аталуы мүмкін екенін айтты". "Мамандар ҚМДБ-ның «донор ұрығы» жайлы пәтуасымен келіспеді". "Суицидшілер бізге нені дәлелдемек?". "Расул Жұмалы, саясаттанушы: Ортақ валюта тәуелсіздігімізге қауіпті".

1 936 просмотра

TENGRINEWS.KZ. "Мемдума депутаты ЕАЭО ортақ валютасының қалай аталуы мүмкін екенін айтты" - Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ валютасы евраз деп аталуы мүмкін - мұндай болжамды ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО елдеріне арналған ортақ есеп айырысу бірлігін жасап шығару жұмыстары оңайшылықпен жүріп жатқан жоқ, бірақ жасалып жатыр.

AZATTYQ.ORG. "Мамандар ҚМДБ-ның «донор ұрығы» жайлы пәтуасымен келіспеді" - ҚМДБ ерлі-зайыптылардың үшінші бір адамның ұрығынан бала көруін «зина» деп сипаттады. Діни бірлестіктің бұл пікірін «жеке адамдардың құқығына қол сұғу» деп бағалаушылар да бар.

NUR.KZ. "Түскі ас үшін жарты патшалық: Алматының қай жерінде алтын араласқан кофе ішіп, қызанақ үшін 17 000 теңге төлеп жатады?" - Теңге бағамы құбылып, доллар 400 теңгеге жетеді деген ақпарат кей Алматы тұрғындарына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Олар өмірін әдеттегідей тоқшылықта өткізіп жатыр.

KTK.KZ. "Қазақстан азаматтарына Мысырда демалу қаншалықты қауіпсіз?" - Ресейлік және ұлыбританиялық саяхатшыларынан айрылған Мысыр қазірдің өзінде 500 миллион доллар кірістен қағылған. Дәл осы екі елден келетін демалушылар мұндағы туристердің 70 пайызын құрайды екен. Егер жағдай өзгермесе, Мысыр жыл аяғына дейін 2 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін. Кәрі құрлық араб елін осылай шығынға батырып жатса, біздің отандастарымыз сол күйі лег-легімен аттануда.

ABAI.KZ. "Суицидшілер бізге нені дәлелдемек?" - Бір емес, екі емес, Құдайдың құтты күні өз-өзіне қол жұмсауға асығып, өмірден баз кешкендер көбейіп барады. Бүгін Алматыда Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысындағы "Мерей" ойын-сауық және сауда орталығының ғимаратынан 49 жастағы егіз әйел секіріп кетті. Неге? "Нұр-Отанның" ғимаратының алдында отқа оранған Ерлан Бектібаевтің мұңын, наразылығын жете түсінбеген қазақ егіз әйелдің "не айтпақ" болғанын біле ала ма?

"Kazsport Қанаттың жекпе-жектерін көрсете алмайды" - Руслан Меделбек, спорт журналисті: - Қанат Исламның жекпе-жектері бірде-бір бокс телеарнасының трансляциясына кірмейді. Себебі бұл жекпе-жектің деңгейі төмен. Ал халықаралық HBO, Showtime сияқты бокс трансляциясын тарататын арналарда көрсетілмеген бокс кешін қазақстандық, ресейлік тітпі шетелдік телеарналар да көрсетуге мүмкіндіктері жоқ. Ал Қазспорт немесе Хабар бұл жекпе-жекті көрсету үшін АҚШ-қа арнайы техника, жылжымалы телестудия (ПТС) апаруы керек. Қазақстаннан АҚШ-қа Қанат Ислам үшін ПТС апару миға сыймайды. Ешбір телеарна мұндай тәуекелге бармайды. Сондықтан телеарналарды, олардың басшылықтарын кінәлауға болмайды. Қанат Исламның кездесулерін Қазақстан телеарналары көрсету үшін оның проумоутері жұмыс істеу керек. Қанат Исламның соңғы жеңген қарсыласы оның ең әлсіз қарсыластарының бірі.

"Жезөкшені неге «ұлы адам» жасап жүрміз?" - Өткенде газеттен қазақша бір сөзжұмбақ шешіп отырсам, «…ханшайым» деп тұр. Қазақтан кім бар еді деп, ары ойлап, бері ойлап білгенімнің бәрін жазсам да сәйкес келмейді. Сөйтсем ол Англия королдігінің «ханшайымы» Диана екен. Иә, Диана қайтыс болғанда, оның «жаулардың» қолынан «қасақана өлтірілді» деп оған арнап гомик, лесбиянка, трансвистердің жұлдызы, әрі өзі де гомик «дарынды компазитор» Элтон Джон шығарған «жоқтау» әнін жазып, оны Еуропа әнұрандай айтып жүрді.

AIKYN.KZ. "«Ас атасы» үшін өтемақы кімге беріледі?" - АШМ дерегінше, «ас атасы» үшін әр тонна астық 5 мың теңгеге мемлекет қара­жатынан субсидияланып келген. «Оның әр бөлкедегі үлесі шамамен 3 теңге болды. Яғни қалғаны жасанды түрде ұсталды. Енді бұл тәжірибе жойылады. Біздіңше, бұл әділетті. Адамдар, мысалы, жолда жүруге әлденеше есе көп шығын шығарады. Ал біз нарық жүйесіндеміз. Мемлекет қаржысы кедей адамдарға адресті түрде көмектесуге бағытталады» деді министрліктегілер.

"Баға өссе, сапа жақсарады" - Айта кетейік, бұған дейін Үкімет баға айырмасын болдырмау үшін нан өндіретін кәсіпорындарға суб­сидия қарастырып отырды. Суб­си­дия 1 центнерге 18 мың теңгеден кел­ді. Биылғы жылдың бірінші қаза­нынан бұл көрсеткіш 2,5 мың теңгеге қысқарды. Ал келесі жылдың алғашқы айынан бастап нан баға­сына субсидия бөлінбейді. Бұл шешім ауыл шаруашылығы ми­нистерлігінде қабылданды.

"Субсидия жүйесі сұғанақтардан арылуға тиіс" - Мәжілістің Аграрлық мәселелер коми­те­тінің төрағасы Ромин Мадиновтың тұжы­рымдауынша, бұл «біздің шаруалар­дың нашар жұмыс істегенінен емес». «Қан­ша жедел жұмыс істесе де, қанша меха­­низацияны жетілдірсе де, олардың жақсы өнім алуы – ауа райы мен табиғат жағ­дайының қолайлылығына байланыс­ты. Осы фактордың өнім алудағы үлесі 50-60 пайыз, Әр жылы 20-30 пайыз шаруа­ның тірлігі құрдымға кетпес үшін әлемдегі барлық мемлекет осылай суб­сидия жасауға барады. Ауылшаруашылық тауарын өн­діру­шілердің шығынын көте­руге тура келеді» деді депутат.

TURKISTAN.KZ. "Расул Жұмалы, саясаттанушы: Ортақ валюта тәуелсіздігімізге қауіпті" - Теңге еркін айналымға жіберілгелі екі ай өтті. Халықтың девальвацияға қатысты алғашқы қобалжуы басылған сияқты. Дегенмен, күнде құбылған теңге бағамы, әзірге бір байлам жасауға мүмкіндік берер емес. Девальвация, дедолларизация және ортақ валюта туралы саясаттанушы Расул Жұмалының өзіндік пікірлерін оқырмандарымыздың назарларына ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

"Ата-аналардың ақшасына нарыққа қажетсіз 10 мыңдаған сапасыз маман дайындап жұмыссыздар санын қолдан жасадық" - Қазіргі таңда еліміздегі 127 жоғарғы оқу орнында (оның 72-сі жеке) жарты миллион студент оқиды. Бұл мектеп бітірген жастарымыздың 63 пайызы, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында олардың үлесі 17 пайыз. Бұдан шығатын қорытынды, еліміздегі жоғарғы оқу орындары өздерінің өңірлеріне қажетті мамандар даярлауды мүлдем назарға алмайды. Жасыратын несі бар, коммерциялық ЖОО-ның көпшілігі сапалы білім бере алмай тек қаржы жинау құралына айналып отыр.

"Әлия БӨПЕЖАНОВА. «Өмір әйелге деген сағыныштан басталады»" - Соңғы он-он бес жылда жаз шыға елге, Қатынқарағайға кететін Қалихан ағаны саф ауамен демалып Алтайында жүрген болар, Алматыға күз түсе оралар деп бір ойлаған едім; әріптес құрбы Заря (Жұманова) телефон соғып: «… Әлия, қайдасыз? Одақта Қалихан ағамен қоштасу болып жатыр ғой, қазір еліне алып кетеді» дегенде қала сыртында жүрген мен төбеден жай түскендей болдым…

QAMSHY.KZ. "Келімбетов кеткенмен іс бітпейді" - Данияр Ақышев кәсіби маман шығар, бірақ, саяси ортадағы салмақтылық – өздігінен келмейді. Басты мәселелер: ұлттық теңгенің бағамын күшейту арқылы халықтың (бизнес пен шетел инвесторларының) Ұлттық банкке сенімін қайтару; ипотекалық несиелерді қайта не­сие­леудің көмегімен қаржы нарығын реттеу; қоғамға мейлінше ашық болу: пікірілерімен санасу, қиыншылық­тардың шығу себебі мен оларды шешудің жолдарын түсіндіру т.с.с.

SERKE.ORG. "Әбілязовтың қарындасы кімнің мүддесін күйттеп жүр?" - Ресейге экстрадициясын күтіп француз түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың қарындасы Гауһар Құсаиноваға қатысты мәлімет көп адамды ойландырса керек. Оның жақсы қарым-қатынас жасайтын екі адамы бар. Оның екеуі де АҚШ азаматы, біріншісі - Джоуди Хадсон, екіншісі - Кен Әлібек. Бұл екеуінің де әлемдегі құпия жобаларға, оның ішінде жаппай қырып жоятын қару түрлеріне қатысы бар.

ALASHAINASY.KZ. "Ашаршылықтағы жантүршігерлік оқиғалар" - "Аштық жылы үйде тығылып отырып тамақ ішетін едік. Базарбек деген кісінің есік алдында аштан бұратылып өліп бара жатқанын өз көзіммен көргенмін. Сол кезде адам сыйлау деген жойылған болатын. Бір туысымыз отбасын алып бажасынікіне барса, бажасы жақтырмай, тек балдызын алып қалып, күйеуін жас баласымен кіргізбепті. Ол кісі баласын көтеріп, зираттың қасынан өтіп бара жатып, ашық тұрған бейітке баласын тастап кеткен де, өзі қаңғып жүріп өлген".

EGEMEN.KZ. "Жер сатылмайды, жалға беріледі" - Қазақстанда пайдала­ныл­маған ауылшаруашылық жерлер көлемі 7,3 млн. гектарды құрайды екен. «Қазақстанда егістік жерлердің көлемі 24 млн. 268 мың гектар, тыңайған жерлер 2,5 млн. гектар, шабындықтар 2 млн. гектар, жайылым жерлер 66,2 млн. гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2012-2014 жылдар аралығында инвентаризация өтті. Яғни ауыл шаруашылығына қарайтын жерлер түгенделіп шықты. Оның ішінде жердің сапасы қандай, қанша субъектілер пайдаланылмай босқа тұр. Осының барлығы тәптіштелді. Ең өкініштісі, 15-20 жылдың ішінде жердің сапасы төмендей бас­тады.


10 қараша 2015, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.