Атырау, 19 мамыр 03:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд не туралы сөйлесті? (фото)". "Бiз қандай елмiз?". "Қазақстандықтар үшін Армения мен Грузияға қыдыру сәнге айналды". "Еркін айналым енді қазақтың «нанын» жей ме?". "«Қазақ хандығы» телехикаясының аңдатпасы шықты".

2 187 просмотра

NUR.KZ. "Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд не туралы сөйлесті? (фото)" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландпен кездесті. Екі ел басшылары кездесуінің салтанатты рәсімі Париждің мүгедектер үйінде өтті. Аталмыш ел алғаш рет Қазақстан өкілдерін салтанатты түрде күтіп алды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

TODAY.KZ. "Қазақстанда жүргізуші куәлігін туған күнге жиі сыйлайды" - Бүгінгі күнде Қазақстанда жол жүру ережесін жүргізушілердің тек 12-13 пайызы ғана біледі, деп жазады Today.kz ҚР көлік жүргізушілер одағының төрағасы Талғат Жаңабаевқа сілтеме жасай отырып.

BAQ.KZ. "Баспасөз хатшысы үшін министр БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады" - Кеше министр Тамара Дүйсенова журналистерден кешірім сұрады. Сенатқа таныстыруға әкелген заң жобасы үшін емес, өзінің баспасөз хатшысының дөрекелігі үшін осындай қадамға барды. Одан бөлек, жаңа валюта бағамына сәйкес бюджетке өзгертулар енгізілуі мүмкін екендігі де белгілі болды. Пленарлық отырыстың өзі емес, дәлізінде қызықтырақ болған жиын туралы 31 арна хабарлайды.

"Қытайдың алты дүркін чемпионы атанған қазақ" - "Шыңжаңда Айдархан деген қандасымыз тұрады, өзі Қытайдың дзюдодан алты дүркін чемпионы, университет профессоры деп естігенмін. Қазақ жастарын қазақша күреске де баулып жүр деп айтқан достарым. Келші, өзіңді құттықтап қояйын, - деп Айханов ағамыз отырған жерінен көтерілді. Таңғалғаным, Әбілсейіт аға бойымның ұзындығы 197 см, ал салмағым қазір 150 келі тартады деп ағынан жарылған. Анық байқадым, Айдарханның бойы сәл қысқа, денесі де Әбекеңе қарағанда шағын болғанымен, шымыр көрінді. Мұның алдында ғана атақты балуанымыз өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өткен".

ZHASALASH.KZ. "Бiз қандай елмiз?" - Көңiлiңiзге келсе де айтайық, қазақ – қызық халық. Қызық болатыны, өзi – бiр жақта, сөзi – бiр жақта. Сосын мақтанғанда алдына жан салмайды. Мысалы, 2012 жылы бiр қазақ “Қазақстан-2030" бағдарламасы мерзiмiнен бұрын орындалды" дедi. Демек, бiз 2030 жылдан аттап өттiк. Бiреулер қадамы қатып, бiр орында тұрып қалған, ендi бiреулер керi кеттi. Ал бiз Байқоңырдан көтерiлген “Протондай" аспанға шаншылдық. Бiрақ қандай жетiстiкпен, нендей басымдықпен? Мұны талдап-таразылап, түсiндiрiп берген тiрi жан жоқ. Түсiндiргiсi келгендер түске кiрмейтiн бiрдеңелердi айтып, жұрттың жынына тидi. Нағыз “жетiстiк" қамтылмады. Сондықтан нақты деректер арқылы “Бiз қандай елмiз?" деген сауалға жауап iздеп көрейiкшi.

"Соғыстың сұрқы әйелге жат" - Сөз арасында айта кетейiн, мен биыл 70-ке толып, “Нобель сыйлығының лауреаттары" деген айдармен кiтап шығарып едiм. Кiтап аты – “Ұршықтайын иiрген сөз мәйегiн". Бұл кiтапқа И.Буниннен бастап он төрт елдiң сөз зергерлерiн топтастырдым. Бiз, аудармашылар деген халық пәлендей асыға қоймайтын жұртпыз ғой. Әйтсе де, “қазан аузы жоғары" демекшi, бiраз тыныстап алып, Нобель сыйлығы лауреаттарының шығармаларын одан әрi аудара бермекке бел шешкенмiн. Мiне, дәл осы кезде беларусь жазушысы Светлана Алексиевич Нобель сыйлығына ие болды.

AZATTYQ.ORG. "Қазақстандықтар үшін Армения мен Грузияға қыдыру сәнге айналды" - Теңге девальвациясынан соң тұрмысы орташа қазақстандық турист арзан маршруттар іздей бастаған. Үйреншікті Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері орнына жұрт Армения мен Грузияға қыдыра бастаған. Бірақ турфирмалар қиындығы азаймаған.

"Ташкентте бензин тапшы бола бастады" - Сәрсенбіден бері Өзбекстан астанасындағы жанармай құю бекеттері маңында бензин алу кезегінде тұрған көліктер қарасы көбейді. ...«Узнефтмахсулот» компаниясы өкілдері мен өзбек билігі Ташкенттегі бензин тапшылығының себебін жанармайды аса көп мөлшерде сатып алып, кейін жүргізушілерге сатып отырған делдалдардан іздейді. Осы компанияның аты-жөнін көрсетпеуді сұраған қызметкерлерінің бірі Азаттыққа Ташкентте бензиннің жеткілікті екенін айтты.

ABAI.KZ. "Еркін айналым енді қазақтың «нанын» жей ме?" - Доллардың бағамы шарықтап, теңгенің құны тиынға пара-пар келгенде Қазақстанда нан бағасы 2016 жылдан бастап қымбаттауы мүмкін деген сөздер осыған дейін де айтылып келген болатын. Алайда аграрлық салада Орталық Азиядағы алдыңғы орындағы Қазақстан үшін нан бағасының өсуіне негіз жоқ еді. Бидай өзімізде егіледі, ұн өзімізде өңделеді. Жүз пайыз қазақстандық өнім. Сонда НАН бағасының еркін айналымға жіберілуіне не себеп? Ақпарат құралдарының мәліметінше, өндірушілермен қол қойылған меморондумдар тек 2015 жылдың соңына дейін ғана жарамды. Ал 2016 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру жүйесін жүргізуден бас тартқан. Бұған себеп – дағдарыс.

"Оқыған қыз «бұзылған қыз» емес" - Білім ағайын-туыспен қарым қатынас кезінде де өте керек. Білімді адам қиын мәселелердің шешімін арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей алып шыға алады. Білімсіз адам жоқ жерден шу шығарып, ел-жұртты ұрыстырып қоюы мүмкін. Шайпыауыз және өсек-аяңды сапырып жүретін әйелдерге қарағанда білімді оқыған әйелдер әрнәрсеге ойланып жауап береді, керексіз ақпаратты аузынан шығармайды.

AIKYN.KZ. "Елдегi «Темір тұлпарлар» саны жылқыдан екі есе көп" - «Туған күніне не сыйлаймын?». Бұл сұрақ жыл сайын біраз қазақстандықты қинайтыны мәлім. Отандық автомектептер бұл қиындықтан шығудың бір жолын ұсынады екен.

TURKISTAN.KZ. "«Қазақ хандығы» телехикаясының аңдатпасы шықты" - Режиссер Рүстем Әбдірашев қолға алған тарихи туынды желтоқсан айында көрерменге ұсынылады деп күтілуде.

NAMYS.KZ ."«Ақымақтар елі» һәм салдақы министр" - Әр еркекпен өмір өткізген сорлы әйел 1942 жылы мүгедек болып арбаға танылды. Он жыл бойы ауыр азап, қорлықпен өмір сүрген жалғыз басты 1952 жылы арам өлді. Кеңес халқы мен шетелдік басылымдар оны; «Александра Михайловна» деп атамай; «Революцияның салдақысы», «Демон 8 марта», «Елші киімін киген жәлеп», «Саясаттағы салдақы» деп атады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында, адамзат жаратылып ес жиғалы әйел затын ең төменгі былғаныш, дәрежесіне түсірген, «бірінші әйел» болды. Шетел саясаткерлері Коллантайды «Өте ақылды, алғыр» деп өтірік мақтап, елдеріне барған соң; «Кеңес Одағының революциясын салдақы қатындар мен ұры-қары, жендеттер жасады» деп келекелеп мазақ етті. 1924 жылы Кеңес Одағы құрылып, 1991 жылы құлап қарасы батқанша, «Страна дураков» яғни «Ақымақтар елі» деп атады.

ALASHAINASY.KZ. "Халық тиыннан үнемдеп отырғанда шенеуніктер миллиондап шашып жатыр" - Жақында ғана Астана қаласындағы қоғамдық көлік жолдарындағы аялдамаларды қысқа лайық етіп, жылы аялдамаларға айналдыру мәселесі жүзеге асқан болатын. Аялдамаларды жылыту жақсы идея болғанымен, сол аялдамаларға жұмсалған миллиондар көптің күдігін тудырды.

ULT.KZ. "Бижан ҚАЛМАҒАНБЕТОВ: Табылды мұрасын насихаттау — парызым" - "Мен Табылдымен 2006 жылдан бері жақын араластым. Бір-бірімізді тоқсаныншы жылдардан бері білеміз, аздап құдалығымыз да бар еді. Туысқандығымыздан гөрі рухани байланысымыз жақсы болды. Ол мені «Би-аға» деп сыйлап өтті. Ақтөбеге жиі келіп тұрды. Ертерек айрылып қаламыз деп ойладық па?! Тірі кезінде лайықты құрмет көрсете алмадық. Мен ол туралы «Таланттарды бағалайық» деген өлең жаздым. Кейде ойлаймын, Табыл мұрасын насихаттау парызым шығар деп. Өзім де руханиятқа жақын болғасын, бұндай істерге шынайы ниетпен ден қоямын".

6 қараша 2015, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.