ZHASALASH.KZ. "«Курорт-түрменiң» қызығы" - Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов әңгiменiң майын тамызып айтады екен. Ол өткен аптада Сенат депутаттарына Монако түрмесiнiң кереметi туралы “дәрiс оқып" бердi. Сенаттың қырық жетi депутаты дәп бiр заң факультетiнiң үлгiлi студенттерiндей аузын ашып, көзiн жұмып отырып тыңдады. Кейбiрi әңгiменiң әсерiнен қиялға берiлгенi соншалық, Монаконың “курорт-түрмесiн" жүйрiк қиялымен шарлап кеткендей күй кештi.
TURKYSTAN.KZ. "Абақтыда атылған арыстар әлі күнге атаусыз қалуда" - Совет өкіметі орнаған алғашқы он-онбес жыл бойы ірі-ұсақты қарулы қарсылықтарға тап болғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ «РСФСР» деп аталған елдің барлық аумақтарында жаңа құрылымға қарсылық көбейіп тұрды. Өзгелермен салыстырғанда тыныш жатқан қазақ халқы да өкімет пен үкіметтің 1927-1930 жылдары байларды тәркілеу туралы қабылдаған әртүрлі шешімдерінен кейін қолына қару алып, жаңа құрылымға қарсылық көрсетуі өршіді. Қазақ даласының барлық өңірлерінде жаппай наразылық оты тұтанды. Солардың ішіндегі ең ірісі Сырдария округінде болды.
NUR.KZ. "Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияда: NUR.KZ-тің арнайы репортажы" - Даунинг стрит, № 10. Мұнда дәстүрге сай Ұлыбританияның премьер-министрі тұрады. Кез келген адам кіре бермейтін қара есік. 200 жыл бойы Ұлыбританияның үкіметінің ең маңызды тұлғалары тұрып келген Даунинг-стритке жету үшін бірнеше бақылау нүктелерінен өтуге тура келеді. Қазақстан президенті мен Ұлыбританияның премьер-министрінің кездесуі туралы жазуға келген журналистер де мұндай бақылаудан өтуі тиіс.
"Айтыста Тасмағамбетовті сомдаған ақын “Мәсімовті" тығырыққа тіреді" - Жекпе-жек басталысымен-ақ, адуынды Рүстем Қайыртайұлы Иманғали Тасмағамбетов кейпінде жас болса да, найзаға сақ министр екенін баса айтты. Президенттің нұсқауымен “босағасы босап кеткен жерге шеге боп аттанған" Иманғали Кәрім Мәсімов кейпіндегі Мұхтарды “Ауырсын қазақ үшін сол басыңыз", “Мұртыңыз қалың болып тұрса да, жұрттың жүйкесі жұқарды" деп түйреп өтті.
SERKE.ORG. "Әбілязовтың қарындасы неге жауапкершілікке тартылмады?" - Өзін былайғы жұртқа ұлтшыл саясаткер ретінде көрсетіп жүрген, бірақ шындығында Әбілязов сияқты алаяқпен ауыз жаласып, соның активтерін жасырумен шұғылданып жүрген Александр Поткинге қатысты оқиғаны есіткенде, бірден Мұхтар Әбілязовтың қарындасы Гауһар Құсаинова (Г.Әбілязова 1967 жылы туылған) ойға оралады. Ол қазір АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Мак-Лин қалашығында тұрады, бірнеше үй-жайы бар. Қысқартып айтсақ, аста-төк өмір сүріп жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, Мұхтар Әбілязовтың БТА банк пен Ресейде жымқырған ақшаға алынған дүние-мүлкінің біразы Гауһар Құсаинованың атына жазылған. Тіпті, ол Мұхтар Әбілязов Лондон сотынан қашып кеткенде, оның жасырынуына көмек көрсетті. Ал М.Әбілязовты француз полициясы құрықтағанда, Г.Құсаинова соның қасында болыпты.
AZATTYQ.ORG. "Жаңа кодекс сот процесін жеңілдете ме?" - Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа нұсқасын талқылауға қатысушылардың бірі, азаматтық құқықтық зерттеу ғылыми институтының директоры, профессор Төлеш Қаудыров бұл құжат халықтың құқығын қорғауды қаншалықты жеңілдетері жайлы да айтты.
"Украинада оппозицияны тұқырту басталды ма?" - Президент Порошенко жемқорлықпен аяусыз күресті бастады ма, әлде өзінің саяси қарсыластарын тұқыртуға көшті ме? Украинадағы ықпалды олигархтың жақын одақтасының тұтқындалуы сарапшылар мен қарапайым халық арасында осындай кереғар сауалдар туғызды.
EGEMEN.KZ. "«Шарх» оқиғасы" - Бұл жолғы сараптамамызда біз көпшілікке мүлде беймәлім жайлар туралы ашық айтпақпыз. Соған орай «Сырбардың» сыртқы сырына толығырақ тоқталмақпыз. Ал жалпы оның ішкі сыры барлаушылардың өзіне ғана тиесілі болғандықтан біз алдымызға, алдымен олардың ашылған сыртқы барлау қызметінің кейбірін ғана айтуды міндет етіп отырмыз. Өйткені, барлау туралы әңгіме аз дейміз, ал барлаушы туралы құпия да көп. Соған сай қай жерде құпия тылсым жатса, жұрттың ынтасы да соған арта түседі. Бірақ барлау туралы әңгіме аз деп айтқанымыздай, көп жағдайда көпшілікке мардымсыз жазылған көшірме жайларды қанағат тұтуға тура келеді.
AIKYN.KZ. "Орта Азиядағы бәсеке" - «Бүгінгі күні Орта Азия әртүрлі салмақтағы белдесушілер кездесетін татамиге ұқсап тұр» дейді белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев. Айтса айтқандай, алпауыт елдің басшылары бұл аймаққа жиі ат басын тірейтін болды.