2 қарашада Атырауда қайта салынып, күрделі жөндеуден өткен облыстық перинатальды орталық ғимараты салтанатты түрде қолданысқа берілді.
Облыстық перзентхананың төрт қатарлы ғимараты 1978 жылы қолданысқа берілген, содан бері күрделі жөндеу жасалған жоқ. Қазір оның шатыры, техникалық қатары толық жөнделіп, терезе және есіктері, электрмен қамту, сумен қамту және кәріздік, жылу беру және ауа айналым жүйелері ауыстырылды. Жаңа ауруларға арналған және жүк лифттері қондырылды. Орталықтандырылған медициналық газ беру үшін арнайы ғимарат салынды. Қазіргі заманғы санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес және қызметтік тағайындалымдарының өзгеруіне байланысты ғимарат ішіндегі кейбір орынжайлардың жоспары өзгертілді. Барлық жұмыстар «КТК» компаниясының қаржысына жүргізілді.
- Бұрын біздің бөлімдерде өкпеге жасанды ауа айдау аппараты пайдаланылатын еді, оның құрамында ауаны сығып, науқасқа беретін компрессор да болды. Мұнымен қатар оттегі беру керек. Оны баллондармен таситын едік. Нәтижесінде бір кереуеттің жанында өте қиын да үлкен құрылғы тұратын. Ал жаңа оттегі станциясын салудың арқасында қазір әр палатада оттегі мен сығылған ауа беретін орталықтандырылған арнайы құрылғы бар, - дейді облыстық перинатальды орталық бас дәрігерінің орынбасары Асқар КЕНЖЕҒАЛИЕВ. – Сонымен қатар, жөндеуден кейін орынжайларды желдету желісі жұмыс жасай бастады, бұл бір баладан келесі балаға инфекциялар жұғудың алдын алу үшін үлкен маңызы бар. Бүкіл әлемде госпитальдық инфекциялар, яғни, ғимаратқа бейімделген және өз ерекшеліктер бар инфекциялар үлкен мәселе болып отыр. Егер олар науқастарға жұғатын болса, оларды шығару өте қиын.
Перинатальды орталықтың стационарлық блогы құрамында 250 кереует бар: 50-і жүкті әйелдер потологиясы бөлімінде, 110 орын босанғаннан кейінгі кезең бөлімінде, 40 орын гинекология бөлімінде және 50 орын жаңа туған нәрестелер патологиясы және мерзімінен туған балаларға күтім жасаудың екінші кезеңі бөлімдерінде орналасқан.
Осы жылдың тоғыз айында облыстық перинатальды орталықта 6 315 бала дүниеге келді, олардың 8,2 пайызы мерзімінен бұрын туғандар. Перинатальды орталықтың перзентханадан айырмашылығы үш деңгейлі, туғанға дейін, тудыру және туғаннан кейін, көмек көрсетеді. Бүгінде мұнда ерекше көңіл бөлуді қажет ететін барлық «ауыр» балалар мен әйелдер жіберілетін кеңес беру-емханалық блогы жұмыс жасайды. Акушерлік блок, ересектер және балалар жан сақтау бөлімі, зертхана, туғаннан даму кемшіліктері бар балаларды өмірге әкелудің алдын алу үшін әйелдерге 1-інші және 2-інші деңгейлі скрининг-диагностика жасайтын генетикалық қызмет жұмыс жасайды. Сонымен қатар, орталықта акушер-гинекологтан логопедке дейінгі әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер амбулаториялық қабылдау жүргізеді.
Өткен жылдан бері ересектер мен балаларға арналған оңалту бөлімі жұмысын бастады. Атыраулық дәрігерлерді перинатальды орталық қабырғасында жаңа туғандарды оңалтуды ең алғаш қолға алғандар деп атауға болады. Бұл жаңалық басында басқа өңірлердегі әріптестерімізді таңғалдырған да еді, алайда екі жылдық тәжірибеміз ерте оңалту жақсы нәтижелер беретінін растап отыр.
- Біз мамандарымызды республикалық оңалту орталығына, ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына оқуға жібердік. Енді біздің массажшыларымыз, неврологтарымыз, логопедтеріміз бен басқа да мамандарымыз балаға туған сәтінен 18 жасқа толғанға дейін сапалы көмек көрсете алады, - дейді облыстық перинатальды орталықтың бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВА. – Кейбір мамандарымыз шетелге, атап айтсақ, Литваға барды, бізге шеберлік дәрістерін өткізу үшін шетелдік дәрігерлер келді. Белгілі ғалым, Татарстан Республикасының бас оңалтушысы Валида ИСАНОВА бірнеше дәріс өткізді. Желтоқсанда оны тағы келеді деп күтіп отырмыз.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор