NUR.KZ. "
"Британдық басылым Головкинді жеңіп кетуі мүмкін боксшылардың есімін атады" - Бокс туралы жазатын Ұлыбританияның «Boxing News» жорналы «Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?» деген тақырып төңірегінде ой қозғады деп хабарлайды Айқын газеті.
AZATTYQ.ORG. "«Жапония ОА-ға Қытай ықпалы күшейгеніне алаңдайды»" - "Жапонияның көптеген ақпарат құралдары премьер-министр Абэ ең әуелі энерго тасымалын диверсификациялау үшін табиғи ресурстарға бай Орталық Азия елдерімен байланысты күшейтуді қалайды, сонан кейін ғана бұл елдерге Қытай ықпалын азайтуды көздейді деп жазып жатыр. Жапонияның бірінші кезекте аталған өңірде Қытай ықпалын қатты күшейгеніне алаңдайтынына назар аудартқым келеді. Аумағынан Жібек жолы өтетін Қазақстан - аймақтағы маңызды ел. Осыны түсіне отырып Жапония бұрынғыдан белсендірек қимылдағысы келеді. Сондықтан премьер-министр Коидзумидің 2006 жылғы сапарынан кейінгі бұл сапарды жоғары деңгейдегі екінші сапар деп ойлаймын".
ZHASALASH.KZ. «Өзiн-өзi өртеген Ерлан Бектiбаевтың соңғы сөзi: “Барар жер, басар тауым қалмады"» - Тараз қалалық прокуратурасы таратқан мәлiметтерге қарағанда, Ерлан Бектiбаев 1995 жылы Өзбекстанда өмiрге келiптi. Оңтүстiк Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданының Ақсукент ауылында тiркелген. Бұрын iстi болып, жуырда ғана босаған. Бұл туралы қайғылы оқиға алдында өзi де мәлiмдейдi. 22 қазан күнi Тараз қаласында полиция қызметкерлерi ұстағанын, қалтасына есiрткi салғанын, 2015 жылдың 7 мамырында әлдебiреулер атып кеткен Данияр Райымбаевтың өлiмiне қатысты қысым жасағанын, өзiнiң 4 маусым күнi ғана қамаудан босағанын айта келiп былай дейдi: “Менiң келiп отырған себебiм, “Нұр Отан" көмектесетiн шығар деген ойдамын. Басатын тауым, баратын жерiм қалмады, өзiм жетiм баламын. Шешем қайтыс болып кеткен, әкем басқа отбасымен тұрады. Менiң өз-өзiме қол жұмсау себебiм – сол. Мен өмiрден түңiлдiм, өмiр сүргiм келмейдi".
"Экстремистерді әлеуметтік желіден аулау операциясы басталды" - "...әлеуметтiк желiдегi парақшаңыз арқылы эстремистiк тұрғыдағы жарияланымдар таратсаңыз, жоғарыдағы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiк арқалайсыз. Мұнысы “соқырға таяқ ұстатқандай" түсiнiктi. Ал ендi мына нәрсенi қалай түсiнуге болады? Егер әлеуметтiк желiдегi сiздiң парақшаңызға әлдекiм экстремистiк сарындағы түсiнiктеме (комментарий) жазса, тағы да сiз кiнәлi болып шыға келесiз".
ABAI.KZ. "Қазақстан-Ресей: кім кімнің есебінен күн көруде?" - Ресейлік сарапшының сөзіне сүйенсек, Ресей кедендік шекара мәселелерімен сонау 1995 жылдан бері күресіп келеді. Алайда, Қазақстан мен Белоруссиядан әкелінетін контрабандалық тауарлар Батыс елдерінің өнімдеріне салынған эмбаргодан кейін екі есеге көбейген. Суздальцевтің айтуынша, әдіс өте қарапайым. «Еуропадан әкелінген тауарлар Қазақстан мен Белоруссияға жеткізіліп, ол жерде қайта қораптарға қапталады да, жаңа құжатпен Ресейге кіргізіледі. Міне, осылайша Қазақстан да, Белоруссия да Ресейді алдап соғып отыр»,-дейді сарапшы.
AIKYN.KZ. "Көршілердің «көмегіне» неге зәруміз?" - "...соңғы бес жылда Бішкекте докторлық немесе кандидаттық диссертациясын қорғаған азаматтарымыздың саны үш есе артқан. Мұны Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Эльвира Сариева ашық айтыпты. Ол өз сөзінде: «Бізге қазақстандық ғалымдардың келетін легі үлкен. Қырғызстанда диссертация қорғау оңай деген пікірмен келіспеймін» деді".
TURKISTAN.KZ. "Шетелдегі қазақтар: Бізге ортақ әліпби қажет" - "...Мәскеудегі «Астана» қорының президенті Жарқын Өтешова: «Алматыда бір орыс халқының қоғамы құрылса, оған бөлме беріліп, өздерінің газеттерін шығаруға Қазақстан көмектесіп жатыр. Ал бізде қалай?! Бір емес, Ресейдің 17 өңіріндегі «Қазақ қоғамын» дамытуға бөлме де берілмеді, газеті де шығып жатқан жоқ. Сондықтан осы мәселеге мемлекет көңіл бөлсе дейміз. Әлем бойынша 42 мемлекетте 5 млн. қазақ тұрып жатқанын ескерсек, соның басым бөлігі Ресейде. Еуропадағы қазақтарға қарағанда, Ресейдегі қазақтар ата-бабасынан бастап сонда туып-өскен. Мәселен, Омбы, Орынбор, Саратов, Мәскеу сынды қалаларында ата-бабаларынан бастап сонда өмір сүретін қаншама қазақ отбасы бар. Осы мәселені мемлекет ұмытпаса деймін», – деді".
ALASHAINASY.KZ. "Батысқа бола Қытай Ресейден қол үзе ме?" - БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Қытай мен Ресей, мысалы Башар Асад режимін құлатып, Сириядағы әскери қылмыстарды тексеру, Солтүстік Корея, Бирма немесе Зимбабве елдеріндегі адам құқын бұзу фактілерін талқылау, Иранға салынған санкцияны шектеу және Украинадағы баспасөз еркіндігі сияқты мәселелерде бір-бірін талай рет қолдаған болатын. Бірақ өткен айда Сириядағы әуе соққысын бастаған Ресейді қолдауға Қытай онша құлшыныс таныта қоймаған соң бұл жайт екі елдің арасындағы шиеленістің айқын белгісі ретінде бағаланған.