Экономикалық дағдарыс Израильдің қорғаныс өнеркәсібіне де келіп жетті. Сарапшылардың айтуынша, әскери техниканың экспорты өте төмендеп кеткен. Бұл – соңғы он жылда болмаған көрсеткіш.
Осы саланың жетекші кәсіпорындарының басшылары елдің премьер-министріне қалыптасқан күрделі жағдайға көңіл бөлуін өтініп, хат жолдады. Оқтан бастап жасанды жерсерігіне жасайтын кәсіпорындар. Израильдің қорғаныс өнеркәсібі – елдің қазынасына ең қомақты қаржы түсіретін сала. Алайда соңғы 3 жылда тапсырыс азайып кеткен. Экспорттың көлемі екі есеге кеміген. 2012 жылы ол 7,5 млрд долларды құраса, 2014 жылы 5,5 млрд-қа түскен. Қорғаныс өнеркәсібіндегі экспорт көлемі: 2012 жыл – 7,5 млрд доллар 2013 жыл – 6,5 млрд доллар 2014 жыл – 5,5 млрд. доллар Йоси Хефец, қару жасайтын компания өкілі: - Біздің компания жаңа қару түрлерін жасаумен айналысады. Мәселен, оқу-жаттығуға қажетті оқтар жасап шығардық. Олар қауіпсіз, дегенмен кәдімгі оқтан еш айырмашылығы жоқ. Әскери техникалардың әлемдік нарығындағы экономикалық жағымсыз жағдайлар оны жасаушылардың да және өнеркәсіп орындарына да кері әсерін тигізуде. Тапсырыс төмендеп кетті. Егер нарықтағы жағдай түзелмесе, көптеген өндіріс орындары қарызға белшеден батуы мүмкін. Биылғы жылдың болжамы көңіл қуантарлықтай емес. Сарапшылардың есебінше кірістер тек 4 млрд долларды құрайды. Мұндай дағдарысты әскери техниканы жасаумен айналысатын барлық елдер бастарынан өткеріп отыр. Алайда Израильде бұл қатты сезілуде. Өйткені әскери зауыттардың өнімдерінің 70%-ы экспортқа жөнелтілсе, өз әскері тек 30%-ын ғана сатып алады. Израиль әскери-өнеркәсіп кешенінде 38 мың адам жұмыс істейді. Жоғарғы технологиялық өнімнің 49%-ы экспортқа жөнелтіледі. Негізінен Израиль қару-жарақты Азия елдеріне сатады. Дегенмен соңғы жылдары көптеген мемлекеттер қажетті қаруды өз жерінде жасауға күштерін салуда. Осылайша бұрынғы тапсырыс орындаушыларына бәсекелес болып отыр. Қорғаныс өнеркәсібімен айналысатын 200-ге жуық кәсіпорынның ендігі үміті – тек үкіметтің көмегіне иек арту.
Дереккөз: 24.kz