ҚР Қорғаныс министрлігінде Ақтаудағы сарбаздардың қаза болу дерегін тергеу барысы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін ведомствода өткен алқа мәжілісінде Иманғали Тасмағамбетовтің жеке тапсырмасы бойынша ҚР ҚМ Бас инспекциясы жүргізген Ақтаудағы қайғылы оқиғаны тексеру қорытындысы бойынша сөз қозғалды.
"ҚР ҚМ Бас инспекциясының бастығы, генерал-лейтенант Құрбан Қаражановтың баяндамасында оқиғаның барлық деректері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Талдау көрсеткендей, белгіленген ережелерді және іс-қимыл алгоритмдерін сақтамау негізінде кейбір жағдайларда базалық негіздерді білмеу және жеке құрамның оқытылмауы, сондай-ақ нашар бақылаудың салдарынан әкеп соқтыратын дүрлікпе адами фактор бірінші себеп болған", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Еске салайық, осыған дейін Ақтауда төрт әскери қызметшінің жаттығу кезінде суға кеткені хабарланды. Кейін қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. Олар 19 жастағы Бауыржан Жолдабай, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан шақыртылған, 19 жастағы Асылжан Махамбетов, ол Атырау облысының Құлсары ауданынан шақыртылған. Сонымен қатар, мәйітханаға 23 жастағы Замир Әділовтің денесі жеткізілді, ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан барған және 19 жастағы Бақытжан Қалыбай, ол Атырау облысының Мақат аулынан барған. Кейін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов осы оқиғаға жауапты төрт әскери басшыны қызметінен босатты.
Жиын барысында келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді сапалы түрде іріктеу және осы санатпен командирлер мен тәрбиешілердің жұмысы жөніндегі көкейкесті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
"Қарулы Күштерді жасақтаудың келісімшарттық жүйесі Қазақстанда 2002 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілгенін түсіну қажет. Келісімшарт және мерзімді қызмет бойынша әскери қызметшілердің арасалмағы біртіндеп азайып келеді және қазір шамамен 80 пайызды құрайды. Сонымен бірге, осы кезеңде келісімшарт бойынша қызметтің шақырылым бойынша қызметпен үйлесуі еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін анағұрлым ұтымды және қолайлы", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Мұндай көзқарас бізге бір жағынан келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға дереу кірісуге қабілетті және ұдайы әзірліктегі құрамалар мен әскери бөлімдерге ие болуға мүмкіндік береді. Ал басқа жағынан әскери-есепке алу мамандықтары бойынша дайындықтан өтіп жатқан шақырылым бойынша әскери қызметшілері бар бөлімшелер әрі қарай да жұмылдыру қорын құрай алады.
Әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру және оның әдіснамалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық құрамдасы барлық деңгейлерде іске асырылуы тиіс қазіргі уақыттың талабы болып табылады. "Кез келген сұрақтың мән-жайына толық жауапкершілікпен, қағидаттылықпен және түсінушілікпен қараған кезде ғана едәуір өзгеріске қол жеткізуге болады. Барлық командирлер мен бастықтарды осыған бағыттаймын және бүгін қойылған тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын талап етемін", - деді алқа мәжілісін қорытындылай келе қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Дереккөз: tengrinews.kz