Атырау, 29 желтоқсан 22:55
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Каналдарға қан жүгірді, бірақ...

2 170 просмотра

«Атыраусушар» РМК Махамбет бөлімшесіне қарасты каналдар іске қосыла бастады. Бұл тек осы ауданды ғана емес, Исатай ауданы мен Атырау қаласы төңірегіндегі каналдарды қамтыды.

Бөлімшеде жетпістен астам адам еңбек етіп жатыр. Бұдан бұрын бұл бөлімшеге қарасты жеті канал бар болатын. Сушылар келесі жылдың қамына кіріскен. Каналдарды қамыстан тазарту, насостарды жөндеу, т. б. қызу жұмыстар жүруде.  Каналдар жайылымдық, шабындық, одан қалса егіншілікті де дамытуға көп себеп. Каналдардың бойын құрғатпай ұстап отыру «Атыраусушар» РМК Махамбет бөлімшесіне тиесілі еді. Жайықтың Бұқар бетінде осы ауданға қарасты ауылдар бар. Тоқыраудан кейін бұл беттегі каналдар істен шыққан болатын.

 Олар тек канал деген атауға ие еді. Себебі қолдан жасалған арықтар жермен-жексен болып қалды. Қамыстар басты, топырақтар ішке құлап судың ағуына жол бермеді. Ал бұл бетте көптеген ауылдар болатын. Мал су таппай сенделіп, егіншілікке балта шабылып, күйлері кетті, - дейді «Атыраусушар» РМК Махамбет бөлімшесінің бастығы Бейбіт БИСАЛИЕВ.

Сөйтіп, былтыр бюджеттен 40 млн теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек, Алға каналдары биыл іске қосылды. Күні бүгін тоғыз каналдың қызығын 68 шаруа қожалығы көруде.

Бөлімше бастығы Б. Бисалиев төлемақы мәселесімен айналысып жатқанын айтты. Бұрын суға төлемақының 80 пайызы бюджеттен шығарылып, сушылардың есепшотына тікелей түстін. Ал қалған 20 пайызын егіншінің өзі қалтасынан төлейтін. Биыл үкіметтің қаулысына сәйкес бюджеттен шығарылатын сексен пайыз төлем сушыларға емес, егіншіге түсіп, оны өзі төлеуі тиіс болатын.

 Енді егінші қанша гектарға егін екті, ол сан нақты болды. Себебі, ешкім де артық жерге босқа ақша төлегісі келмейді ғой. Осы жайтқа егіншілер үйрене алмай жатыр. Бюджеттен субсидияға бөлінген көмекқаржы біздің шотымызға түскенше айналыста болады. Күні бүгін он бестен астам егінші төлемдерінен құтылды. Ал қалған екі ай уақытта басқалары да суға берешегінен құтылуы тиіс, - дейді Б. Бисалиев.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қараша 2011, 18:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.