Атырау, 28 қараша 03:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Ұялы байланыс құлдығы» қазақстандықтар үшін 2016 жылы алынып тасталады

2 789 просмотра

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – MNP қызметі (немесе «ұялы байланыс құлдығын» алып тастау) Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылады, деп хабарлады ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі. Министрліктің байланыс ақпараттандыру және ақпарат комитетінің (БААК) таратқан хабарында көрсетілгендей, ҚР Мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданған «Ақпараттандыру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына тиісті норма бекітілді.

(MNP) абоненттік нөмірлерін ауыстыру қызметін жіберу абоненттерге өз нөмірін сақтай отырып ұялы байланыс операторын өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. Жаңа енгізілім қызмет етіп жатқан операторлардың бәсекелестік күресін күшейтуге, абоенттердің қосымша SIM-карталардан бас тартуға және ұялы байланыс қызметінің құнының төмендеуіне ықпал етеді. Қазір ҚР ИДМ байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен абонент нөмірлерінің орталықтандырылған деректер базасы (АНОДБ) құрылды, ал байланыс операторлары өз желілерін жаңартып, тестілеуді жүзеге асыруда.

Байланыс қызметін көрсетуге уәкілетті орган тарапынан бақылауды күшейту мәселелеріне жеке көңіл бөлінеді. Сонымен, абоненттерге қызмет көрсеткенде байланыс сапасының көрсетілген параметрлерін сақтамағаны, қызмет көрсету туралы шарт жасалмаған абоенттік нөмірлерге қызмет жасағаны, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді ауыстыруды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамағаны және радиожиілік спектрларды және тб. қолдануға рұқсаттамаларда көрсетілген елді мекендерді және аумақтарды байланыс қызметімен қамтамасыз ету үшін жауапкершілік анықталған

Бұдан басқа, «Ақпараттандыру туралы» заң жобасы Қазақстан азаматтарының ақпараттары мен дербес деректерін қорғау бойынша меморгандардың ақпараттық қауіпсіздік шараларының мәселелерін реттейді. Сонымен, алғаш рет «ақпараттық инфрақұрылымның сыни маңызды объектілері» түсінігі енгізілді. Ол әлеуметтік және (немесе) техногендік сипатттағы төтенше жағдайларға немесе қорғаныстың, қауіпсіздіктің, халықаралық қатынастардың, экономиканың, жеке шаруашылық салаларының, елдің инфрақұрылымының немесе халықтың тіршілік әрекетінің біршаға жағымсыз салдарларына әкелетін ақпараттандырудың неғұрлым маңызды объектілерін анықтайды.

Сондай-ақ барлық мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен жүйелері, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыни маңызды объектілері сәйкес болуы керек ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін АКТ саласының бірыңғай стандарттары әзірленді.

Дереккөз: ҚазТАГ

8 қазан 2015, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.