Атырау, 13 қараша 10:35
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Жаңа томографиямен тексерілетін боламыз

6 761 просмотра

Жақында облыстық аурухананың дәрігерлері жоғары технологиялық аппаратуралар – «Дженерал Электрик» фирмасының компьютерлік томографиясымен және магнитті-резонансты томография (МРТ) көмегімен диагностикалық тексерулер жүргізуге мүмкіндік алады

Бұрын облыстың мемлекеттік медицинасы аталмыш жоғары технологиялық аппаратурамен мақтана алмайтын, оның үстіне 2000 жылы облыстық ауруханаға алынған ескі компьютерлік томографтың соңғы кездері жұмысы нашарлады. Түсірілімдерді шығару мүмкін болмай қалды, ол тіпті пациенттердің наразылығын тудырды. «Филлипс» фирмасының ескі «Протескан» аппараты ауруханаға 7 жылдық пайдалану мерзіміне қарамастан 11 жыл қызмет көрсетті. Оның қызметі кеңінен пайдаланылды, тіпті, облыс көлемін айтпағанның өзінде, көрші аймақтардан да пациенттер келіп тексерілді. Аппараттың әбден тозығы жетті, оны өндірістен алып тастап, оған сәйкесті жиынтықтармен жабдықтау өзекті мәселеге айналған еді. Жаңа компьютерлік томограф барынша заманауи, 16 бөлікті (ескісі 4 бөлікті болды). Бұл тексеру уақытын қысқартып, барынша нақты бір картинаны беруге мүмкіндік береді. Қажеттілігіне қарай ол бейнелерді заманауи дискілер мен флэш-карталар арқылы беруге болады. 

«Магнитті-резонансты томография гинекология, хирургия, нейрохирургия бойынша түрлі сырқаттарды анықтау үшін қолданылады. Ол әсіресе, бастағы ми мен жұлынның зақымдануы, яғни, ісіктер, инсульт, бас миындағы жарақаттан кейінгі зат алмасу өзгерісін, остеохондрозды анықтауға қажетті,-дейді облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Марат ЕРБОСЫНОВ. – МРТ көмегімен қан-тамырларының бітеліп қалуы барысында жүрек құрылымдары зерттеледі, бауыр мен бүйректегі ісіктерді және даму кемістіктері анықталады. Бұл аппараттың құндылығы сол, сырқат басталып келе жатқанда-ақ анықтауға мүмкіндік береді».

Аппаратты сатып алу шығындары облыстық бюджет есебінен төленді. Оның құнын М.Ербосынов атаған жоқ, дегенмен, оған монтаждау, іске қосу және мамандарды оқытудың да кіретіндігін атап өтті. Жаңа аппаратта екі адам жұмыс істейтін болады, оның бірі – инженер және екіншісі дәрігер. Фирманың мамандары алдымен аппаратты басқару әдісін үйретеді, ал кейін олардың біліктілігін көтеру үшін еліміздің жетекші емханаларына жібереді. Осы аппаратты орнату үшін арнайы Мәскеуден келген «Дженерал Электрик» фирмасының инженері  Игор НЕГУРЫДЫҢ айтуынша,  мұндай жабдықтарды олар Алматы, Қостанай және Павлодар қалаларында орнатып берген.

МРТ-ты орнату процесі өте қиын. Тек аппараттың өзіне орын дайындау, яғни, бөлменің ішінде бөлме немесе мамандардың айтуынша, Фарадей клеткасын дайындау және монтаждау үш апта уақытты алды. Және тағы да бірнеше апта аппаратты іске қосуға кетпекші.

«МРТ-дан тексеруден өту қанша тұрады?» деген сауалға М.Ербосынов былай деп жауап берді: «Тексеруден өту қымбат тұрады және ол кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізбесіне кірмейді. Оның құнының нарықтамасы әлі жүргізіле қойған жоқ, дегенмен, оның бағасы еліміз бойынша орташа алғанда 16 мың теңгені құрайды».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

26 қазан 2011, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.