Атырау, 23 қараша 12:26
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балықшы жылуға «байкот» жариялады

2 714 просмотра

Бес қабатты үйлерде тұратын балықшыдағылар үшін жылыту маусымы оңай сынақ болмай тұр.

«Соңғы екі жылда біз «аты бар да, заты жоқ жылу үшін» жылу қазандарына 40 мың теңге бердік,-дейді Набережная Лермонтова, 84 мекен-жайындатұратын тұрғындардың бірі. – Үйді электр радиаторлармен жылытамыз. Қыста жарықтың ақшасы 7000 теңгеге дейін жетеді. Жылу қазанындағылар жертөлеге күрделі жөндеуді өздерің жүргізіңдер дегенді айтады. Алайда, үй көппәтерлік болған соң, олардың бірінде ақша бар, енді бірінде ақша жоқ. Енді, міне,  менің отбасым жылудан бас тартып, автономды газ қазандығын орнататын болып шештік. Төменгі қабаттағылардың кейбірі газ қазандарын орнатып үлгерді. Біз осының бәрін ресми түрде орнатылуын қалап едік. 5-ші қабатта тұратын біздерге жылудан бас тартып, газ қазандығын орнатуға бола ма?» 

Көппәтерлік үйлердің автономды газ қазандарына көшу тәжірибесі Атырауда бар. Геолог поселкесіндегі 2-3 қабатты үйлердің тәжірибесі естеріңізде болар.

«Алайда, бар мәселе Балықшыдағы үйлердің 5 қабатты болып тұрғандығында, -дейді «Облтрансгаз» КМК бас директорының орынбасары Александр БАЛАКИН. – Бес қабатты үйлерде жеке газ қазандарын орнатуға тыйым салынады. Дәлірек айтқанда, барлық үйге ортақ бір жылу қазандығы болу керек, не болмаса барлық пәтерде автономды қазандар болуы тиіс. Үйді толығымен автономды жылуға көшіру – бұл үлкен жұмыс және оған аз қаржы жұмсалмайды. Бірінші кезекте ПИК құру қажет, үйді толығымен газбен жылытуға көшіру жобасы жасақталуы керек, ондай жағдайда газ құбырларының диаметрі де өзгертіледі, гидравликалық есеп жасақталуы тиіс, пайдаланылған газдарды тарату жүйесі ойластырылуы керек. Бұл жұмыстармен арнаулы жобалау ұйымдары айналысады.

Газбен жабдықтау жүйесін жобалау жөніндегі Саратов институтында пәтерлерді жылытумен айналысатын арнаулы бөлім бар. Біз олармен хабарластық, олар бізге 5 қабатты үйлерде автономды газ қазандарын орнатуға рұқсат бермеу керектігін айтып отыр. Сондықтан да біз нормативті құжаттарға сәйкес 2 және 3 қабатты үйлерге ғана рұқсат бердік.  Ал, 5 қабатты үйге рұқсат еткеніміз жоқ. Жоғарыда атап өткенімдей, рұқсат тек егер үй толығымен автоматты жылытуға көшкен жағдайда ғана берілетін болады».

Осы салаға қатысты білетін адамдардың айтуынша, үйге толығымен автономды қазандарды орнату үлкен шығынды қажет етеді. «Бұл жерде мәселе тек  қазанды орнатуда ғана емес, “Атырау-Жарық”, “Су Арнасы”, “Облгаз” секілді мекемелердің қызметін ескеру керек, - дейді жаңа көп қабатты үйлердің ПИК басшыларының бірі. – Бір қазандықтың өзі 1-2 млн. теңге тұрады, алайда, резервте оның тағы біреуі тұруы тиіс. Сонда ол 4 млн. болады. Бұдан басқа, шамамен 10 насос орнатылуы керек. Қазандықты ұстау үшін жылына жарты миллион қаржы керек болады және оған қосымша қызмет түрлерін ұсынушы мекемелерге төлемдер, жыл сайынғы жазғы жөндеу-тазарту жұмыстары тағы бар».

Біз осы мәселеге орай қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА термомодернизациялау бағдарламасы аясында тұрғындарға көмектесуге бола ма деп сұраған едік. «Термомодернизациялау бағдарламасында жылу қазандарының құрылысы туралы айтылмаған,- деп жауап берді Ж.Қарағаев. – Бағдарламаның мақсаты жылуды домофонды есіктер, шыны пакеттер, есептегіштер  орнату арқылы сақтау. Мәселен, биылғы жылы Балықшыдағы Құнанбаев көшесі бойындағы үйлердің жертөлелеріндегі желілерге жөндеу жүргізілді. Міне, олар жылуды алады. Бұдан басқа, келесі жылы олар ЖЭО-ның желісіне қосылатын болады.

Набережная Лермонтова көшесіндегі үйлердің тұрғындарына да мен келесі жылға термомодернизация бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуге тапсырыс беріп қоюды ұсынамын. Ол үшін олар ПИК құруы керек немесе жұмыс істеп жатқан ПИК құрамына кіруі тиіс».

 - Алайда, қыс қыр астында. Оларға енді қандай көмек ұсынуға болады? Тұрғындар жылу қазанының қызметінен бас тартуды көздеп отыр ғой.

- Олар менің атыма арыз жолдасын, біз мәселені қарайтын боламыз. Балықшылықтардың өтініші назардын тыс қалмайды деген үміттеміз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

20 қазан 2011, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.