Атырау, 23 қараша 12:38
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Айыппұл салу – істің басы ғана

2 956 просмотра

Келесі жылдан бастап Қазақстанда «Шектеу» бірыңғай  дерекқор өз жұмысын бастамақ. Онда құқық бұзушылық және барлық берешектер туралы мәліметтер енгізілетін болады.  Бұл бірінші кезекте мемлекет қазынасына айыппұлдарды өндіріп алу үшін қажет.

Бұл ақпарат халыққа түрлі қызмет көрсететін барлық мекемелерге жолданады. Мәселен, айыппұлдар төленбеген жағдайда азаматтарға шетелдерге шығуға  немесе жаңа кәсіпорын ашуға тыйым салынады. Бас прокуратура қазір заңнамаға сәйкес енгізілетін түзетулерді жасақтауда. Айыппұл құқық бұзушылық әкімшілік туралы кодекс бойынша жазалаудың кең тараған түрі. Айыппұлды көптеген мекемелер: ІІМ, Төтенше жағдайлар, Жол полициясы басқармасы, ІІД, балық және жер инспекциялары, салық және кедендік органдар, еңбек және әлеуметтік қорғау департаменттері, СЭС, әділет органдары сала алады. Және олардың көпшілігі бұл бағытта тиімсіз жұмыс атқарып отыр. 

Өткен жылы тек біздің облысымыздың өзінде айыппұлдардың өз уақытында өндіріліп алынбағандығы салдарынан бюджет 96 млн. 637 мың теңгені жоғалтты. Ал үстіміздегі жылдың 9 айында салынған айыппұлдардың бар болғаны 40% ғана өндіріліп алынды. Бұл цифрлар облыстық әкімдікте таяуда  ғана өткен мәжілісте талқыланды.

- Оған себеп – кадрлардың жетіспеушілігі, техникалық базаның толық жасақталмауы және борышкерлердің төлем қабілеттерінің болмауы, - дейді Атырау облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасы бөлімінің аға прокуроры Сәуле ТӨЛЕГЕНОВА.  – Үстіміздегі жылдың алты айындағы айыппұл төлеудің көрсеткіштері салық комитеті мен жер инспекциясында ең төменгі көрсеткішке ие  болды (16,2%), ал, ең жоғарғы көрсеткіштер - кеденде  (97,7%), ТЖ-да (94,3%), Жайық-Каспий экология департаментінде (93,4%) және  СЭС-те (89,7%).

Түрлі мекемелер арасындағы келіспеушіліктер жағымсыз әсерін беруде. Атырау облысы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің аға сот орындаушысы Серік МӘДИЕВТІҢ айтуынша, жол полицейлері хаттаманы тәртіп бұзушының сөзі бойынша толтырады, ал, олар болса, кей-кейде жалған мекен-жайды айтып, өзін жұмыссызбын деп көрсетуге тырысады. Ал жол полициясы тәртіп бұзушы жөнінде салық органына сауал жолдаса, көбіне жауап ала алмайды. Кейбір мәселелер тікелей осы мәжілісте талқыланып, анықталды. Мәселен, Атырау облысы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі департамент бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Күләнда ҚЫСТАУБАЕВА түсінбестік білдірді:

-Неліктен салық органы мекеме басшыларына қатысты материалдарды бізге жолдайды? Айталық, ЖШС салық есебін өз уақытында тапсырған жоқ. Айыппұл оның басшысына салынады, өйткені, ол жеке тұлға емес пе?

Атырау облысы бойынша салық департаменті заң басқармасының бастығы Нұргүл ТӘНКИЕВАбылай деп түсіндірді:

-Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша ЖШС директорына жеке және ЖШС-ке де жеке айыппұл салынатын болады.

Кеден қызметкерлерін Қазақстан аумағына жүк әкелуші шетелдіктерге айыппұлды қалай рәсімдеу керектігі алаңдатқан еді. Олар заңды бұзып отырса да, айыппұл төле деп мәжбүрлеуге болмайды, өйткені, резидент болып есептелмейтіндіктен қазақстандық СТН жоқ, ал, уақытша құжат 3 күнге ғана рәсімделеді. Бұл уақыт ішінде жүргізуші кетіп үлгереді. Бұл мәселе бүгінгі күні Бас прокуратура деңгейінде қаралуда.

Жайық-Каспий облыс аралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының өкілі Олег ТУШКАНОВТЫҢайтуынша, олардың мекемесінде айтарлықтай проблемалар жоқ көрінеді. Тек сот орындаушыларының штатын көбейту ойлары бар екен. «Сот актілерін орындау жөніндегі департаментте біздің мекемемен бір ғана қызметкер айналысады. Ал, бізде кім ірі көлемде заң бұзушылық жасаса, оның айыппұл төлейтін ақшасы бар, ал, кімде ұсақ заң бұзушылықтар болса, мәселен, тиісті қармақ саны бойынша айыппұл саны арта береді, ол әдетте тұрмысы аз қамтылған азамат, жұмыссыз болып шыға келеді. Айыппұл бірнеше ондаған айлық есептік көрсеткішті  құрайды, одан ондай ақшаны алу қиын».

Нәтижесінде мәжіліске жиналғандар әрбір мекеме өз жұмыстарын толық атқарып, өзара тығыз қарым-қатынас орнату керек деген қорытындыға келді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 қазан 2011, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.