Атырау, 27 қараша 15:29
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ОҚО-да кәсіпкер әйел қымыз бен шұбаттан жасалған балмұздақ өндірісін патенттеуде

5 673 просмотра

Image 0Астана. 20 шілде. ҚазТАГ Оңтүстік Қазақстан облысының жеке кәсіпкері «Қымыз бен шұбаттан жасалған балмұздақ өндірісі» өнертабысына патент алу үшін өтінім тапсырды, деп хабарлады әділет министрлігі ОҚО әділет департаментінің баспасөз қызметі.

«Ұлттық зияткерлік меншік институтының Шымкенттегі қалалық филиалының директоры «Ладушки» атты танымал тауар белгісінің қожайыны, жеке кәсіпкер С.Г. Лугинамен кездесу өткізді. Кездесу барысында жеке кәсіпкер С.Г. Лугинаға тауар белгісін тіркеу тәртібі түсіндіріліп, одан «Қымыз бен шұбаттан жасалған балмұздақ өндірісі» өнертабысына патент беру туралы өтінім қабылданды», - делінген дүйсенбіде министрлік сайтына жарияланған хабарда.

Ақпарда атап көрсетілгендей, бүгінгі таңда балмұздақтың бұл түрі қала халқының арасында үлкен сұранысқа ие.

Бұған дейін Қазақстандағы Израиль елшісі Исраэль Мей Ами түйе сүті шұбатты қайта өңдеу бойынша Израильдің Қазақстанға патент ұсынуға дайын екенін хабарлаған еді.

«Біздің профессор бір патентті сатпай қойды ол «гамаль глида» - шұбаттан жасалған балмұздақ. Ол өте пайдалы, сусамырлар үшін құрамында шекер жоқ. Израильде өндірілген барлық балмұздақ ГФР-ға экспортталады. Израильдік тұтынушылар тіпті мұның не екенін де білмейді. Бірақ біз сол профессорды патентті Қазақстанға сатуға көндіреміз деп үміттенеміз», - деді ол 2010 жылдың 17 ақпанында өткен баспасөз мәслихатында.

Елшінің айтуынша, израильдік профессор Ровен Ягиль тек шұбаттан жасалған балмұздақты ғана емес, сонымен бірге йогуртты да жасап шығарып, патенттеп алған көрінеді. Шұбаттан йогурт жасау лицензиясы, деп жалғады ол, осыған дейін «Меркур» компаниясына ұсынылып келген.

«Меркур» патентті сатып алған және әлі күнге дейін йогуртты шұбаттан жасап жатыр. Және ол йогуртты сатып алу өте қиын, өйткені бірден сатылып кетеді», - деп баса айтты елші.

Оның айтуынша, Израильде шұбат литрі $10 тұрады. Израиль фермерлері өз өндірістерінде тек түйелердің шудасын ғана емес, сонымен қатар терісін де пайдаланады, атап айтқанда, барабан (дабыл) жасау үшін және сүйектерін декоративті бұйымдар жасауға.

Елшінің пікірінше, Қазақстанда түйелерді асыраудан экономикалық пайда әзірге көрінер емес. Осыған байланысты ол бизнесмендер мен шаруаларды шұбат өндіру мен өңдеуге назар аударуға шақырды, себебі, экономикалық пайдадан бөлек, бұл өнім денсаулық үшін пайдалы.

«Шұбат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айқындауынша сауықтырғыш медициналық сусын деп танылған, сол себепті де оны көбірек ішу керек», - деп қорытындылады Исраэль Мей Ами.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 шілде 2015, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.