Алматы. 17 шілде. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстанда көздің мүйізгек қабығын алмастыру бойынша ота жасалатын болады, деп мәлім етті көздің амбулаториялық мирохирургиясы орталығының директоры Мәдина Нұр-Мұхамед.
«Бұрындары Қазақстанда кератоплоастика (мүйізгек қабықшаны алмастыу) қол жетімсіз болатын. Себебі трансплантант (алмастырып салынатын мүйізгек қабыршық) жоқ болатын. Қазір біз ресейлік «Көз банкімен» ынтымақтастыққа қол жеткіздік. Енді көздің мүйізгек қабыршығы олардан бізге жеткізіліп тұрады», - деді М. Нұр-Мұхамед жұма күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол Қазақстанда өзіндік көз банкі құрылмайтынын, себебі трансплантация саласында заңгерлік реттелмегендік барлығын айтты.
«Көздің мүйізгек қабыршығын Ресейден әкелінуі донорлық материалдың қылмыстық жолмен алынуына жол бермейді», - деп атап өтті М. Нұр-Мұхамед.
Өз кезегінде халықаралық офтальмологиялық орталықтың офтальмохирургы Дмитрий Дементьев көздің мүйізгек қабыршысы өте нәзік материал, оны донор қазасынан кейін 5-6 сағат ішінде ғана алмастырып салуға болады дейді. Бірақ консервациялаудың заманауи технологияларының арқасында көз мүйізгегін 14 күнге дейін сақтау мүмкін.
«Сөйтіп, донорлық материалды да (донордың гепатит, соз т.б. аурулармен ауырған-ауырмағанын), реципиентті де үйлесімділікке тексеру мүмкіндігі болады», - деді ол.
Қазақстанда кератопластика қанша тұратынын дәрігерлер айта алмады. Ресейде ондай ота жасау 160-180 мың рубль аралығында. Қазақстандық дәрігерлер ота құнының бір бөлігін бюджет қаражатының есебінен өтеуге болар деп сенеді.
Кератопластиканың мүмкін еместігі пациенттердің толық соқыр болуына әкеледі. Баспасөз мәслихаты барысында келтірілген статистикалық мәліметтер бойынша, 2015 жылы 6 айда Қазақстанда 1993 адамда көз жанары бойынша мүгедектер қатарына жатқызылыпты. Көз жанарының аурулары бойынша алғаш рет мүгедек деп танылғандарға мүгедектігі бойынша және мемлекеттік арнайы жәрдемақыға 2014 жылы жаратылған қаражат Т588,2 млн болды.
Дереккөз: ҚазТАГ