Атырау, 28 қараша 13:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сәлімжан Нақпаев: «Сейілдеуге шығып, ішімдік ішеді де, суға кетеді»

3 544 просмотра

Image 027 мамырда Қызылқоға ауданында іссапарда жүрген Атырау қаласының тұрғыны аудан орталығы Миялыдан 6 шақырым қашықтықтағы Ойыл өзеніне батып кетті.

Бұл қайғылы оқиға 28 мамырда облыстық әкімдіктегі төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Бұл жерде Атырау қаласындағы нөсер салдарынан суға кеткен үй тұрғындарының тағдыры туралы айтылмады. Әңгіме тек шомылу маусымы мен тоғай өртенетін кезде адамдардың опат болуының алдын алу шаралары туралы ғана болды.

Облыстық судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТЫҢ баяндамасынан:

– Өткен жылдың шомылу маусымында облыстағы су айдындарына 19 адам суға кетті: Атырау мен Махамбет ауданында 7 адамнан, Индер мен Құрманғазы ауданында екі адамнан және 1-уі Жылыой ауданында. Облыс орталығында– «Атырау» ДСК алдында, Жилгородокта және Ақжар поселкесіндегі «Алтын сазан» демалыс базасында үш жағажай, одан басқа, 9 «жабайы» жағажай бар.

Комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ:

– Махамбет ауданында қаза болғандардың бәрі – сейілдеп демалуға барған қала тұрғындары. Қала тұрғындары демалысқа келіп, спирттік ішімдіктер ішеді де, суға түседі. Сол жерлерде көптеген демалыс базалары бар. Олардың қожайындары бұл проблемадан қалыс қалып отыр. Демалушыларға спирттік ішімдік ішуге тыйым салсын, шолу мұнарасы бар ресми жағажайлар салып жатыр, штаттарына құтқарушылар алсын.

Биыл облыстағы тоғайлы жерлерде екі өрт оқиғасы орын алды. Екеуі де «Ақжайық» резерватында. Бірінші жағдайда 31 наурызда қамыс тұтанып, 3 сәуірге дейін өртенді. Салдарынан мың гектар жер өртенді. Екінші өрт 20 мамырда болып, орман қорықшылары оны санаулы сағатта сөндірді. Өйткені, бұл жер өрт сөндіру техникасы үшін қолжетімді болатын.

Салыстыру үшін: өткен жылы Құрманғазы ауданында бір тоғай және Қызылқоға мен Исатай аудандарында 7 дала өрті оқиғасы орын алды. Нәтижесінде бір жарым гектар тоғайлы жер, 17 мың гектар шабындық жер жойылды. Жалпы зиян 6 млн теңгені құрады.

ТЖД басқармасының басшысы Сәлімғали САЛЫҚБАЕВ өрт сөндіру техникасымен және химиялық реагенттермен қамтылуы жағынан еліміздегі ең нашар саланың бірі орман шаруашылығын сынға алды.

Жауап ретінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ БИСЕМБИЕВ өткен жылы облыстағы үш орман шаруашылығы үшін қажетті жабдықтар алынғанын, орман өрт сөндіру станциясы мен өрт сөндіру депосын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Орман қорықшылары үшін 21 мотоцикл алынды, орман шаруашылығының төңірегіне малдан қоршау орнату үшін 70 тонна сым сатып алынды. Индер орман шаруашылығында қоршау салу 70 пайызға аяқталды. Баяндамашылар хабарлағандай, облыстық әкімдік облыс аумағындағы орман және дала өртінің пайда болуына ғарыштық мониторинг жүргізу туралы «Гео Сат» ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Мониторинг жақын арада басталды.

Бұдан басқа, «Казавиаспас» авиациялық кәсіпорнының «Ми-8» тікұшағымен әкелінетін көлемі бес тонна болатын «ВСУ-5» ыдысы сатып алынды. Су ыдыстан өрт ошағына жету қиын жерлерге шашылады. Ыдыс қала маңындағы Алғабас поселкесінің маңындағы ашық су айдынының суымен толтырылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.