Атырау, 28 қараша 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«Улауға бөлінген қаржы сарқылып барады»

4 330 просмотра

Image 1

Өткен жазда масалардың бұрын-соңды болмаған шабуылы атыраулықтар үшін нағыз ауыртпалыққа айналды. Жәндіктердің көбеюімен күрес жүргізетін «AG disinfection serviсes» ЖШС-нің жұмыстануына қарамастан биыл да ахуал жақсармайды. Ол аз болғандай, дәрілеуге бөлінетін қаржының қысқаруына және мамырдағы мол нөсерге байланысты жағдай одан сайын үдейе түседі.

«МҮЛДЕМ МАСАСЫЗ ДА БОЛМАЙДЫ»

Image 0«AG disinfection serviсes» ЖШС директоры Назгүл МЕҢДІҒАЗИЕВА (суретте) Атырау облысының экожүйесі «ерекше», ол масаларды толықтай жоюға ешқашан мүмкіндік бермейді емес және олай етіп те керек емес деп есептейді.

- Біздің экожүйеміздің ерекшелігі неде, неліктен мүлдем масасыз болмайды?

- Маса – облысымыздағы көптеген фауна өкілдері қоректенетін қоршаған ортадағы тағамдық тізбектің бағалы звеносы. Ол толықтай жойылған жағдайда біз Жайық өзені мен құрлықта мекендейтін балықтан, құстар мен басқа жануарлардан айырылуымыз мүмкін. Олардың санын бақылауда ұстасақ – бұл басқа мәселе.

Сәуірдің басында біз Привокзальный 3-ықшамаудандағы 53-ші үйдің жертөлесінен су сынамасын алдық. Бұл әдетте былай жасалады: шаршы метрден 10 сынама аламыз, содан соң колбалардағы «тұрғындар тығыздығының» орташа нәтижесін есептейміз. Суда қатарынан үш даму кезеңінің өкілдері: жұмыртқа, дернәсілдер мен қуыршақтардың бар болғаны анықталды. Оның үстіне имаго – ересек түрлері де болды. Ерекшелік - шаршы метр аумақта жәндіктердің осындай мөлшерде болуында жатыр. Ал қазіргі кезде Атырау қаласы бойынша жертөлесі суға кеткен 54 үй бар. Біздің өңірдің тағы бір «өзіндік ерекшелігі» - жылы климат. Бұл масаға тез уақыт аралығында дамуға мүмкіндік береді.

…Әлгі жертөле мен басқаларын біз, әрине, улаймыз, бірақ ылғал мен жылу болса, сол жерде олар қайта пайда болады – бұл сөзсіз.

- Ал масалардың «оңтайлы» мөлшерін қалай анықтауға болады?

- Айталық, кешкі серуен барысында 10 масаға дейін болса – бұл қорқынышты емес. Ал егер анағұрлым көп болса, улау қажет.

- Менің түсінуімше, мол жауын-шашын онсыз да қиын ахуалды ауырлатып жіберді.

- Иә, солай. Бұрыннан суға кеткен жертөлелерден басқа, жаңалары да қосылды. Жауын су тоғандарына құйылған зат концентратын сұйылтып жіберді. Оның қалдық әсері жоспарланғаннан тез бітеді. Алда тағы бір ауыртпалық – маусымдағы су тасқыны тұр.

Әзірге қолымыздан келіп жатыр, мәжбүрлі шеңберде әрекет етуге тырысудамыз: мәселен, жертөлелерді өңдеген кезде дернәсілдерді де, қанат біткен ересек масаларды да «бір оқпен» жоюға болатын сәтті дөп басуға тырысудамыз. Бүкіл белгілі және қолжетімді әдістерді қолданудамыз: бақтағы жасыл-желектерге арналған жел генераторы, ұшып жүрген жәндіктерге арналған тұман генераторы, су тоғандары үшін бактерицидті суару. Біз қолданатын құралдар бүкіл даму кезеңіндегі масалар мен шіркейлерді ғана өлтіреді. Алайда, шынын айтқанда, олар жасыл-желек үшін жағымсыз. Жапыраққа тиген кезде оның жасушаларын бүлдіреді. Оған қоса жоғары температура, жердің құрғақшылығы, жапырақ жейтін қоңыздар – жалпы, жаздың ортасына қарай, ағаштардың көпшілігі сарғайып кететінін өздеріңіз де байқайтын шығарсыздар. Бірақ бұл жерде таңдау керек: не біз, не теректер.

«ӘЗІРГЕ БАРЛЫҚ ШАРТТЫ ОРЫНДАУДАМЫЗ»

- Сізді шектеп отырған «шеңбер» деп нені меңзеп отырсыз?

- 2014 жылы Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ 2015 жылы дәрілеуге бөлінетін қаржы 300 млн теңгеге дейін көбейтіледі деген еді. Бұл масаларды ауыздықтап қана қоймай, жекелеген су тоғандарындағы популяцияны зерттеуге мүмкіндік беретін, кестеге сәйкес емес, қажеттілікке қарай өңдеуге мүмкіндік болатын керемет сома.

- «АЖ» сауалына Атырау қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН биыл дәрілеуге 80 млн теңге бөлінгенін айтқан еді.

- Бірақ шын мәнісінде тек 37 млн ғана игеріледі. Мәселе мынада, тендер саттықтың төмендету әдісі қолданылып өтті. Биыл тендерге бірнеше атыраулық компаниялардан басқа, күтпеген жерден ақтөбелік фирмалар да қатысты. Тендер барысында көрші өңірдегі компания басшыларының біздің өңірдің, климаттың, экожүйенің ерекшелігінен хабары аз-ау деген әсерде қалдым. Олардың ұсыныстары билік үшін тартымды болды, өйткені олар аз бағаға бізді масадан құтқарамыз деп уәде берді. Олар біздікінен едәуір ерекшеленетін өңірлеріне сай есеп жасап отыр. Мәселен, сондағы тармақтардың бірі – бір мәрте айлық өңдеу. Ақтөбе үшін бұл жеткілікті шығар, ал Атырау үшін олай емес.

- Дегенмен де, сіз 37 миллион теңге жеткіліксіз болатынын жақсы түсіне отырып, тендерді ұттыңыз ғой.

- Бұл жерде көптеген факторлар әсер етті - бұл ауыртпалықты сырттан келушілерге бергіміз келмеуі және олардың масаларға қатысты біздің проблемамыздан бейхабарлығы... Бізге анағұрлым төмен соманы ұсынуға тура келді, сөйтіп осылай болды. Дегенмен де, бүгінгі уақытта біз келісімшарттың барлық шарттарын орындап отырмыз. Сәуірден мамырға дейін жұмыртқалар мен дернәсілдердің ықтимал ошағы болып табылатын су тоғандарын, тіпті жалпы тізімге енбегендерді де уладық. Ал қарашаға дейін үйлерді, жертөлелерді улаумен айналысатын боламыз. Алдымызда жасыл-желектерді өңдеу жұмыстары тұр.

Қазір қаржымыз таусылуға айналды, бірақ біз келісімшарттың бүкіл шартын орындаудамыз. Қазіргі кезде Ерік Мостовой, булану алаңы, оң жақ және сол жақ тазарту құрылғылары, зират жанындағы карьер су тоғаны, әйелдер «зонасы» маңындағы су тоғаны, резерват... өңделді. Жұмыс жоспарына мамырдағы жауыннан кейін түзілген шалшықтарды да енгіздік. Айта кету керек, биыл уланатын үйлер саны едәуір көбейді. Егер өткен жылы олар 924 болса, биыл негізінен Нұрсаядағы құрылыс есебімен 953 болды.

- Бірақ қаржы түгесілетін күн де туады ғой. Бұл бір сәтте қала тұрғындары жәндіктердің талауына қалады дегенді білдірмей ме?

- Біз бұған жол бермеуге тырысамыз: қазір Атырау облысының билігі бюджеттен қосымша қаржылар бөлу туралы келіссөздер жүргізуде. Соңы немен аяқталары белгісіз, бірақ жақсылықтан үміт күтеміз.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

29 мамыр 2015, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.