Суға кеткен үйлердің көптігіне, арнайы техниканың жетіспеуіне, сондай-ақ, жерасты суларға, баспананы құрғатуға қатысты қазіргі проблемаларды Атырау қалалық ТЖ басқармасының басшысы Михаил ХАГАЙ түсіндірді.
Оның айтуынша, алғашқы күндері негізгі техника қала маңына жұмылдырылған, тек бір бөлігі ғана қаладағы үйлерді құрғатумен айналысқан. Өткен аптада селолық округтердегі суды тартып шығару аяқталды, енді ТЖ қызметкерлері Атырауды құрғатуға кіріскен.
– Тұрғын үй секторын судан тазарту операциясының алғашқы күндерінде 10 текшелік КамАЗ-дар 30-40 рейстен жасады, ал бір күннен кейін қала тұрғындары үйлеріне қайта су толғандығына шағымданды. Жерасты суларының салдарынан су деңгейі көтеріліп тұр. Сондықтан біз қазір басқа әдіс бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Ықшамаудандағы ең аласа учаскені тауып, шұңқыр қазамыз да, су тартуды сол жерден жүргіземіз. Өйткені бүкіл көшенің суы сол жерге құяды. Өрт сөндіргіш-сорғы станциясын орнатып, су себетін түтік құбырды (ұзындығы 2 шақырым) жалғаймыз да суды тікелей КНС-қа жібереміз, - деді Михаил Хагай.
Лесхоз тұрғындары үлкен кәріздік апат шегінде қалған. Нөсер жауын салдарынан 12 мамырда топырақ шөгіп, 1973 жылы салынған өздігінен ағатын коллектор істен шыққан.
– Қалалық әкімдіктің көмегімен біз ұзындығы
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор